🍦Қазақстандық балмұздақ экспорты 46,4%-ға өсті 2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді. Оның 66,3%-ы Алматы облысының үлесіне тиесілі. Ірі өндірушілер қатарында Түркістан облысы, Алматы қаласы және Ақмола облысы бар. Өндірістің негізгі бөлігін кілегейлі балмұздақ пен пломбир құрады. ✍️Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстан 6,4 мың тонна балмұздақ экспорттап, 24,8 млн АҚШ доллары көлемінде табыс тапты. Экспорт көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,4%-ға, ал ақшалай мәнде 77%-ға артты. 🔹Қазақстандық балмұздақ экспорты: Қазақстандық балмұздақтың 99,9%-ы ТМД елдеріне жөнелтілді. Негізгі нарық – Ресей, оған 4,3 мың тонна өнім экспортталды. Қырғызстан мен Өзбекстанға жеткізу көлемі де өсті. Экспорт көлемі импорттан 2,9 мың тоннаға асып түсті. 🔹Балмұздақ импорты: Есепті кезеңде балмұздақ импорты 3,4 мың тоннаны құрады. Негізгі жеткізушілер - Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия.
Qazaqstan.tv — страница 11
Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 11. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
Биыл тағам өнімдерін өндіру 14,7 пайызға ұлғайды Бұл туралы Президент қабылдауында болған Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Президентке егістік алқаптарын әртараптандыру, шаруаларға жеңілдетілген несие беру тетігін арттыру, ауылшаруашылық техникалары лизингін дамыту жұмыстары жайында мәлімет берілді. Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіп кешеніндегі өңделген өнім көлемін 70 пайызға дейін арттыруға бағытталған шаралар қолға алынғанын баяндады. ➖2026 жылдың алты айында тағам өнімдерін өндіру 14,7 пайызға ұлғайды. ➖Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 4,4 пайызға, соның ішінде егін – 7,7 пайызға, мал шаруашылығы 4,4 пайызға өсті. ➖Экспорт көлемі мен шетелге шығарылатын өнім түрлері де көбейіп келе жатқанын жеткізді. 📌Президент ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру, қосылған құны жоғары өндірісті жандандыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі басталды Қатонқарағайда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі басталды. Түркі халықтарының мәдени мұрасы мен ұлттық құндылықтарын дәріптеуге арналған ауқымды шараның алғашқы күні Берел ауылындағы «Патшалар жазығы» тарихи-мәдени кешенінде өтті. Фестиваль қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Ақтан Нұрбаевтың рухына арналған «Төр Алтай Ақтанын жырлайды» республикалық поэзия кешімен басталды. Жыр кешіне елдің әр өңірінен келген 16 ақын қатысып жатыр. Ертең жоба аясында «Ақтанымын Алтайдың» республикалық ақындар айтысы өтеді. Бұдан бөлек, құнан, топ, аламан бәйге мен жорға жарысына қатысушыларға арналған мандаттық комиссияның және төрешілер алқасының отырысы ұйымдастырылады. «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі гала-концертпен қорытындыланады. Концерттің басты қонағы ретінде Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген ән шырқайды. Сондай-ақ Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан, Моңғолия, Башқұр
🎫Мүгедектігі бар адамдар енді пойыз билетін онлайн сатып ала алады І топтағы мүгедектігі бар адамдар бұдан былай арнайы орынға билет рәсімдеу үшін теміржол кассаларына бармай-ақ, онлайн билет сатып ала алады. 📌Бас көлік прокуратурасының хабарлауынша, 2026 жылдың маусымынан бастап әлеуметтік маңызы бар поездарда арнайы орындарға билеттерді онлайн рәсімдеу сервисі іске қосылған. Бұған дейін мұндай мүмкіндік болмаған. «Бұл ҚТЖ электрондық билеттер жүйесін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграциялаудың арқасында мүмкін болды. Нәтижесінде аталған санаттағы 90 мыңға жуық адам теміржол билеттерін онлайн сатып алу мүмкіндігіне ие болды», - делінген хабарламада.
🔥 Астанада қоқыс полигонында өрт шықты Елорданың Байқоңыр ауданындағы Алаш тас жолы бойында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс өртенді. 🚒 Оқиға орнында ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмыс істеуде. Өртті сөндіруге 100…
Проректор сахнадан түсіп, түлекке диплом табыстады Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіндегі диплом табыстау рәсімінде проректордың сахнадан төмен түсіп, түлекке диплом табыстаған видеосы желіде тарады. Көпшілік проректордың ізеттілік танытқанына тәнті болып, жағымды пікірлер қалдырған.
🌪 Ақтөбеде қатты дауыл салдарынан мұнара құлап, 3 адам зардап шекті Ақтөбе облысы әкімдігінің хабарлауынша, Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында қатты дауыл салдарынан дүкен үстіне мұнара құлап, 3 адам зардап шеккен. Қазіргі кезде олардың денсаулығы қалыпты. Сонымен қатар бірнеше үйдің шатыры ұшып, бірқатар нысанға зақым келген. «Тексеру қорытындысы бойынша жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданады», - делінген әкімдік хабарламасында. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізген. Қазір нысандарға келтірілген залалды бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан орталығында электр энергиясы мен ұялы байланыс қызметін қалпына келтіру үшін авариялық бригадалар жұмыс істеуде.
🔥 Астанада қоқыс полигонында өрт шықты Елорданың Байқоңыр ауданындағы Алаш тас жолы бойында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс өртенді. 🚒 Оқиға орнында ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмыс істеуде. Өртті сөндіруге 100-ге жуық адам және 47 арнайы техника жұмылдырылған.
📚Елімізде балаларға арналған кітап қоры толықтырылады Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін 300-ден астам кітапхана жұмыс істейді. Кітапханалардың қорында 7 миллионнан астам кітап бар. Ал тұрақты оқырмандар саны 1,7 миллионнан асады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, балалар әдебиетіне деген сұраныс пен қызығушылық жыл сайын артып келеді. Жас оқырмандардың сүйіп оқитын шығармалары: 📗«Менің атым Қожа» – Бердібек Соқпақбаев; 📗«Жусан иісі» – Сайын Мұратбеков; 📗«Әке мен бала» – Ыбырай Алтынсарин; 📗«Балалық шаққа саяхат» – Бердібек Соқпақбаев; 📗«Көксерек» – Мұхтар Әуезов. 🟢2026 жылы кітапханалар қорын балалар мен жасөспірімдерге арналған 42 мың жаңа кітаппен толықтыру жоспарланып отыр. Жыл басынан бері кітап дүкендерінде балаларға арналған 200 мыңнан астам кітап сатылған.
🔴Венесуэладағы жер сілкінісі: Зардап шеккендер саны артты Венесуэлада болған жойқын жер сілкіністері салдарынан 3 899 адам қаза тауып, 16 740 адам жарақат алған. Report агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы елдің Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеме жасаған. ✔️Табиғи апаттан зардап шеккен 86 794 отбасыға гуманитарлық көмек жеткізіліп, 16 892 отбасы уақытша орналастыру лагерлеріне көшірілген. ➖Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, елде жағдай әлі де күрделі. Апат салдарын жою үшін 24 миллион доллар қажет болса, қазіргі таңда оның 9 миллион доллары ғана жиналған. Негізгі қауіптер қатарында медициналық көмектің үзілуі, ауызсу тапшылығы және уақытша паналау орындарының шамадан тыс толуы аталған.
✍️ Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше…
✍️ Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Анель Бақытбекқызы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды; Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
♟Гарвард, Оксфорд және Кембридж шахматшылары Қазақстанға келеді Алматыда 3-10 тамыз аралығында жылдың ең ауқымды халықаралық жарыстарының бірі – FIDE World University Team Chess Championship турнирінің финалы өтеді. 📍Шараға Америка, Еуропа, Африка және Азия елдерінің үздік студенттік командалары қатысады. Финалдық кезеңге қатысушылар қатарында Гарвард, Оксфорд, Кембридж және Пекин университеттері бар. Қазақстан намысын жарыста әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақ ұлттық спорт университеті қорғайды.
🔥 Негізгі құрам ⏰ 00:00 - «Динамо Сити» (Албания) – «Астана» (Қазақстан) 📺 Тікелей эфир: «Qazaqstan»
🌟Бүгінгі ең қызықты жаңалықтарға шолу 🟣Қазақстандық әже әлемнің ең сұлу әйелдерінің қатарына енді 55 жастағы Жанар Бегалинова АҚШ-тың Калифорния штатында өткен Mrs. Globe халықаралық сұлулық байқауында еліміздің намысын қорғап, әлемнің ең сұлу әйелдерінің қатарына енді. 🟣Димаш Құдайберген Алтай төрінде ән шырқайды 10-12 шілде күндері ШҚО-ның Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі өтеді. Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген фестивальдің гала-концертінде өнер көрсетеді. 🟣Әйгілі актер Джеки Чан Алматыға келді Алматы қаласында белгілі актер Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін «Armour of God: Ultimatum» («Құдайдың сауыты: Ультиматум») халықаралық көркем фильмінің түсірілімін ресми бастау рәсімі өтті. 🟣Елена Рыбакина ең көп табыс тапқан 10 теннисшінің қатарына кірді Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс тапқан теннисшілердің қатарына енді. Отандасымыз рейтингтің 10-сатысына жайғасқан. Оның бір жылдағы жалпы табысы 16 миллион доллардан асқан.
😱Қытайда фабрика өртеніп, 28 адам қаза тапты Қытайдың Цзиньцзян қаласындағы аяқ киім фабрикасында өрт шығып, салдарынан кемінде 28 адам қаза тапты. Мемлекеттік ақпарат құралдарының мәліметінше, қайғылы оқиға бейсенбі күні түскі уақытта Huiteng Footwear фабрикасында болған. Оқиға орнына жүздеген құтқарушы жұмылдырылып, 200-ден астам адам эвакуацияланды. Зардап шеккендердің нақты саны әзірге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт тез тұтанатын материалдар сақталған 1-қабаттан шыққан болуы мүмкін.
😍Димаш Құдайберген «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалінде өнер көрсетеді 10-12 шілде күндері Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі өтеді. Бағдарламада этномәдени іс-шаралар, қолөнершілер жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, ұлттық спорт ойындары және концерттік бағдарлама қамтылған. Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген фестивальдің гала-концертінде өнер көрсетеді.
📲Қоныс аудару, жұмыс табу мүмкіндігін енді онлайн бағалауға болады Migration.enbek.kz порталында ерікті түрде көшуге ниетті азаматтарға арналған жаңа цифрлық сервис іске қосылды. Платформа арқылы тұрғындар қоныстандыруға ұсынылған өңірлердегі жағдаймен танысып, сұранысқа ие мамандықтар тізімін көре алады. Сондай-ақ таңдалған аймақтағы бос жұмыс орындары, мемлекеттік қолдау шаралары, тұрғын үй мүмкіндіктері және басқа да ұсыныстар туралы ақпаратты алдын ала білуге мүмкіндік бар.
⚽️ Еуропалық додадағы кезекті сын! Бүгін елордалық «Астана» УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңінде Албанияның «Динамо Сити» командасына қарсы сырт алаңда ойнайды. Тартысқа толы кездесуді бүгін ⏰ 23:50-де біздің арнадан көріңіз!
🪙Парламенттің 30 жылдығына арналған күміс монеталар сатылымға шығады Ұлттық банк мәліметінше, монетаның реверсінде Сенат пен Мәжіліс ғимараттары бейнеленген. Номиналы 1 000 теңгелік монетаға алтын жалату технологиясы қолданылған. Таралымы – 1 000 дана. 📌Коллекциялық күміс монеталар 10 шілдеден бастап банктің интернет-дүкенінде сатыла бастайды.
Vietjet Qazaqstan әуе компаниясы Омбыға рейстерін уақытша тоқтатты Vietjet Qazaqstan Астана – Омбы бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтатты. Бұған Омбы қаласы маңындағы әуе кеңістігін пайдалануға енгізілген кезеңдік шектеулер және рейстердің қауіпсіз әрі тұрақты орындалуын қамтамасыз ету мүмкін болмауы себеп болып отыр. Бұл шешім ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ұзақ кідірістер мен кесте өзгерістерінің қаупін азайту мақсатында қабылданған. Астана – Омбы бағыты бойынша рейстер 20 шілдені қоса алғанға дейін тоқтатылды.
Прокурор Сәрсемәлиевті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады Атырауда бір отбасын қырып салған қанды қылмыс бойынша прокурор Сәрсемалиевті өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ күдіктінің бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Мемлекеттік айыптаушылардың мәліметінше, әйелдің қанды қылмысты жасырғаны толық дәлелденбеген. Алматыда жүргізілген сот-психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Ақбаян Мұқанғалиеваға динамикалық бақылау жүргізу және қосымша дифференциалдық диагностика қажет деп танылған.
❓Амнистия-2026: Кімдердің айыппұлы кешіріледі? Елімізде Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты амнистия туралы заң күшіне енді. Әкімшілік амнистия аясында мемлекеттік кірістер органдары салған, бірақ төленбеген айыппұлдардың бір бөлігі кешіріледі. ⚠️Алайда бұл шара барлығына бірдей қолданылмайды. Толық ақпарат карусельде⤴️
🌊 Қытайда су тасқынынан 39 адам қаза тапты Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында болған жойқын су тасқыны салдарынан 39 адам қаза тауып, 9 адам із-түзсіз жоғалды. 🚨 Табиғи апатқа нөсер жауын мен су қоймасының бұзылуы себеп болған. Құтқарушылар жоғалғандарды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. 🏠 Табиғи апаттан кейін 64,5 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккен аудандарда электр желілерін қалпына келтіру және инфрақұрылымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. ⚠️ Синоптиктер алдағы күндері өңірде тағы да қатты жауын жаууы мүмкін екенін ескертіп отыр.
😍 🇫🇷 Франция – Марокко 🇲🇦 🏆 Әлем чемпионатының ширек финалындағы алғашқы кездесу! Дидье Дешам баптайтын Франция құрамасы Мұхамед Уаби жетекшілік ететін Мароккомен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. ⚽️ Қай құрама келесі кезеңге жолдама алады? 📺 Кездесуді бүгін түнгі 00:50-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалаңыз!
💫Аида Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, Алматы қаласында белгілі актер Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін Armour of God: Ultimatum («Доспехи бога: Ультиматум») халықаралық көркем фильмінің өндірісін ресми түрде бастау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық киноиндустрия өкілдері қатысқан. Үкімет басшысының орынбасары Джеки Чанның Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға қосып отырған үлесін жоғары бағалады. «Қазақстан мәдениетін әлемдік аренада танытуға және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға қосып отырған үлесіңіз үшін Сізге алғыс білдіремін. Алдағы түсірілім жұмыстарына сәттілік, жаңа шығармашылық табыстар тілеймін», – деді Аида Балаева. 🎞Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Қытайдың мемлекеттік кинокомпаниясы China Film Group Corporation-ның қолдауымен жүзеге асырылуда. Фильм өндірісімен қазақстандық Sәlem Entertainment компаниясы және гонконгтық Billion Target компаниясы айналысады. 🎬Фильм түсірілімі 2026 жылғы шілде мен қазан айлары аралығында Қазақстан аумағында өтеді. Картинаның қоюшы режиссері – қазақстандық Роберт Кун. Туынды кең халықаралық прокатқа бағытталған. Негізгі түсірілім жұмыстары Алматы қаласында, Алматы және Маңғыстау облыстарында жүргізіледі.
636 млн теңге: Шекарадан декларацияланбаған валютаны алып өтпек болғандардың жолы кесілді ҰҚК Шекара қызметі 30 маусым мен 7 шілде аралығында мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде декларацияланбаған валютаны алып өтудің 38 әрекетін анықтаған. 💰 Нәтижесінде жалпы құны 636 миллион теңгеден астам қолма-қол ақша анықталған. Ең ірі деректердің бірі Жамбыл облысындағы «Қордай» өткізу пунктінде тіркелген. Жүк тексеру кезінде шетел азаматынан 350 мың АҚШ доллары (170 млн теңгеден астам) табылған. ⚖️«Аталған фактілер бойынша материалдар тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Архив Qazaqstan.tv — страница 11
Это 11-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.