🔹Ауыр атлет Нұржан Жұмабай рекорд жаңартып, Әлем чемпионы атанды 🔹Дастан Сатпаев «Челси» сапындағы алғашқы жаттығуын өткізді 🔹Euronews қазақ тілінде халықаралық жаңалықтар тарата бастады 🔹Әлем Чемпионатының финалында BTS, Madonna және Justin Bieber өнер көрсетеді 🔹Елена Рыбакина ең көп табыс тапқан 10 теннисшінің қатарына кірді 🔹Әйгілі актер Джеки Чан Алматыға келді Толығырақ оқу үшін
Qazaqstan.tv — страница 10
Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 10. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
Қазақстанда Аризона университетімен бірлескен қос диплом бағдарламасының алғашқы түлектері оқуын аяқтады М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университетінің түлектері қос диплом бағдарламасы бойынша оқуларын тәмамдады. Оларға диплом табыстау рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффт, Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелла қатысты. Аризона университеті Қазақстанда алғашқы микрокампусын 2022 жылы Петропавл қаласында ашып, сол жылы қос диплом бағдарламасына алғашқы 43 студент қабылданған болатын. Бүгінде бұл бағдарлама бойынша 368 студент білім алуда.
💊237 мыңнан аса науқас онкологиялық скринингтен өтті Алматыда скринигтің арқасында 215-тен аса науқастан қатерлі ісіктің ерте сатысы анықталды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 💉Жалпы жыл басынан бері 237 мыңнан астам тұрғын онкологиялық скринингтен өткен. Мамандардың айтуынша, ауруды бастапқы кезеңде анықтау емнің тиімділігін едәуір арттырады. Сондықтан кез келген тұрғын скринингтен тіркелген емханаларда тегін өте алады. Тіпті, медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар үшін де қолжетімді. Жыл басталғалы Алматы онкология орталығында 14 мыңнан астам пациент мамандандырылған медициналық көмек алды. Дәрігерлер 1 100-ден астам операция жасап, олардың жартысынан көбін аз инвазиялық әдіспен орындады. Сонымен қатар 12 мыңнан аса науқасқа химиотерапия жүргізіліп, 500-ге жуық пациент сәулелік терапия курсынан өтті. 📌Дәрігерлердің айтуынша, онкологиялық көмектің диагностикадан бастап емдеуге дейінгі толық көлемі мемлекет есебінен тегін көрсетіледі.
Бүгін – Балық шаруашылығы қызметкерлері күні Қазақстанда Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні жыл сайын шілде айының екінші жексенбісінде аталып өтеді. Бұл мереке 2017 жылдан бастап ресми түрде күнтізбеге енгізілген. Сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
🏴 Англия құрамасы жартылай финалда 🏆 Әлем чемпионатының ширек финалында Англия Норвегия құрамасын 1:2 есебімен тізе бүктірді. Викингтер негізгі уақытта англиялықтармен тең (1:1) ойнады. 📌 92 минутта Беллингем дубль авторы атанып, жеңісті жұлып алды. 🇦🇷⚔️🇨🇭 Англия құрамасы жартылай финалда Аргентина - Швейцария матчының жеңімпазымен жолығады
🔥🔥🔥 Негізгі құрам 🇳🇴 Норвегия - Англия 🏴 📺 Матчты бүгін 01:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалаңыз!
♟Бибісара Асаубаева ширек финалға жолдама алды Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Women’s Speed Chess Championship беделді онлайн турнирін сәтті бастады. 1/8 финалда қазақстандық гроссмейстер Өзбекстан өкілі Афруза Хамдамованы жеңіп, жарыстың ширек финалына жолдама алды. Асаубаева матчтың барлық үш кезеңінде қарсыласынан басым түсті. 5+1 уақыт бақылауындағы блицте 3,5:1,5 есебімен жеңіске жетсе, 3+1 форматында 4:1 есебімен басым болды. Ал 1+1 форматындағы пулда да 3:1 есебімен үздік нәтиже көрсетті.
❗️Зейнетақы жинағына берілетін мемлекеттік кепілдік өзгереді 2003 жылдан бері қолданылып келген зейнетақы жинақтары бойынша мемлекеттік кепілдікті алып тастауға қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеме жасады. 📌Егер салымшы зейнетақы жинағын басқарушы компанияға өзі берсе, онда алдағы табыс пен тәуекелдерді және басқару шарттарын бағалап, инвестициялық шешімді дербес қабылдайды. Ал шығын үшін мемлекет өтемақы төлеуге міндетті болмайды. Десе де, мемлекеттік кепілдік біржолғы өтемақы және ұзақ мерзімде зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне айтарлықтай әсер етпейді. Сондықтан оны сақтау зейнетақымен қамсыздандырудың негізгі кепілі емес. Өзгерістер мемлекеттің зейнетақы жинақтарының сақталуына қатысты жауапкершіліктен бас тартатынын білдірмейді. Активтерді бұрынғыдай бақылауда ұстайды, делінген хабарламада.
😍«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалінің гала-концерті дәл қазір «Qazaqstan» телеарнасының YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілуде. Санаулы сәттен кейін кештің басты қонағы – Димаш Құдайберген өнер көрсетеді. 🔗 Трансляция сілтемесі стористе.
📍Катонқарағайдағы фестивальге мыңдаған қонақ жиналды Катонқарағайда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі жалғасып жатыр. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар жиналған. Келушілер фестиваль аумағында палатка тігіп, арнайы кемпинг аймағында қоныстанған. Ауқымды шара түркі мемлекеттерінен келген танымал өнерпаздардың қатысуымен өтетін гала-концертпен қорытындыланады. Видео: bizdin_oskemen
😍«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: Шетелдіктер BaiQymyz-2026 фестиваліне тәнті болды Астанада өтіп жатқан BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестиваліне келген шетелдік қонақтар қазақ мәдениеті, ұлттық тағамдары мен қонақжайлығы туралы пікір білдірді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 🔹Фестиваль аясында қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, этноауылды, қолөнер көрмелерін аралап, ұлттық спорт түрлері мен ат спорты жарыстарын тамашалады. Әсіресе қымыз бен қазақтың ұлттық дәстүрлері шетелдік меймандарға ерекше әсер қалдырған. Олардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жақынырақ тануға мүмкіндік берген. 📌Еске салайық, BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестивалі Астанадағы «Қазанат» ипподромында өтіп жатыр.
🔴Венесуэладағы жер сілкінісі: Қаза тапқандар саны 4 мыңнан асты ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адамдар саны 4 118-ге жеткен. Мыңдаған адам зардап шегіп, көп ғимарат қираған. Апат болған аймақта ауқымды құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Боливариан Республикасының Ұлттық ассамблеясының (парламент) төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеме жасады. Ол Telegram-арнасында табиғи апат салдарынан 16 740 адам жарақат алғаны, 17 907 адам баспанасыз қалғаны жайында жазған. Сонымен қатар 190 ғимарат қирап, тағы 856 ғимаратқа айтарлықтай зақым келген. ✔️Іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижесінде 6 462 адам құтқарылып, 30 мыңға жуық адам ауруханалар мен медициналық мекемелерде ем қабылдаған. Зардап шеккен 86 794 отбасыға көмек көрсетіліп, оларға 9 766 тонна азық-түлік жеткізілген. 📌Еске сала кетейік, 2026 жылы 24 маусымда Венесуэлада магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жойқын жер сілкінісі тіркелген еді.
⚽️ Норвегия - Англия матчының нақты есебін тап та, Trionda добын ұтып ал! 😍 🇳🇴 Норвегия - Англия 🏴 Жүлде: Trionda добы ‼️ЕСКЕРТУ: Пікірді «Qazsport» телеарнасының Telegram каналының дәл осы постының астына жазу қажет. Шарттары: ✅ 1. @qazsporttv , @qazaqstantv Telegram парақшаларына тіркеліңіз. ⚽️ 2. Норвегия - Англия матчының негізгі уақыттағы есебін және соңғы голдың авторын табыңыз. 0:0 есебі қабылданбайды. ✍️ 3. Пікір өзгермеуі керек. Есеп те, гол авторы да бір жерде жазылсын. Қатысушының бір ғана болжамы есептеледі. Болжамдар тек матч басталғанға дейін қабылданады. 🥇4. Допты бірінші тапқан адам алады. 📌5. Жауаптар 01:50-ге дейін қабылданады.
🏋️♂️Ауыр атлет Нұржан Жұмабай рекорд жаңартып, Әлем чемпионы атанды Olympic.kz сайтының хабарлауынша, қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында топ жарды. 🎯88 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 348 (155+193) келіні еңсеріп, серпе көтеруде әлем рекордын жаңартқан.
⚜️Қатонқарағайда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі жалғасып жатыр Қатонқарағайда өтіп жатқан «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі аясында бүгін көрнекті ақын Ақтан Нұрбаевтың 100 жылдығына арналған «Ақтанымын Алтайдың» республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр. Айтысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген ақындар қатысып, өзара бақ сынауда. 🐎Фестивальдің басты оқиғаларының бірі – 25 шақырымдық аламан бәйге. Бас жүлдеге автокөлік тігіліп отыр. 🎙Сондай-ақ фестиваль аясында киіз үйлер маңында қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Ауқымды шара түркі мемлекеттерінен келген танымал өнерпаздардың қатысуымен өтетін гала-концертпен қорытындыланады. 🎞: oskemencity
📝Мемлекет басшысы Моңғолия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇲🇳Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухты Наадам ұлттық мерекесімен құттықтады. Президент Моңғолияның Ухнаагийн Хурэлсухтың басшылығымен қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің достық қатынастары мен сан қырлы ынтымақтастығы беки түсетініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас моңғол халқына бақ-береке тіледі.
😍Қазақстандағы «кішкентай Африка»: Тораңғы тоғайын білесіз бе? Тораңғы тоғайы Балқаш көлінің жағасындағы Тораңғалық, Ортадересін ауылдарының маңында орналасқан. 🌳Тораңғы – шөл мен шөлейтті аймақтарда өсетін, тамыры суды 10-15 метр тереңдіктен тартатын сирек кездесетін, ыстық пен суыққа төзімді реликті (ежелгі) ағаш. Сондай-ақ тораңғы ағаштары Қазақстандағы Іле өзені алқабында да өседі. 🎞: imangali.kobei, ksenia.zarutskaya
🍶BaiQymyz-2026: Фестивальде қонақтарға 56 тонна қымыз ұсынылады Бүгін Астанадағы «Қазанат» ипподромында ұлттық мәдениет пен қазақтың дәстүрлі тағамдарын насихаттауға арналған BaiQymyz-2026 гастрономиялық фестивалі басталды. 🔸Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, басты ерекшелік – фестивальде қонақтарға 56 тонна қымыз ұсынылады. Екі күнге жоспарланған ауқымды іс-шарада келушілер ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақтың салт-дәстүрімен, қолөнерімен және өнерімен жақынырақ таныса алады. BaiQymyz-2026 – еліміздегі оқиғалық туризмнің маңызды жобаларының бірі. Ұйымдастырушылар биыл 100 мыңға жуық қонақ келеді деген болжам айтып отыр. 🟢Екінші жыл қатарынан өткізілгелі отырған халықаралық ұлттық сусын байқауына 60-қа жуық қымыз өндіруші қатысады. Олардың қатарында шетелдік қымыз өндірушілер де бар. Жеңімпаздар «BaiQymyz», «Ем қымыз» және «Халық таңдау» аталымы бойынша анықталады. Арнайы сарапшылар қымыздың дәмін, құрамын, ашыту технологиясын кәсіби тұрғыда бағалайды.
🇰🇿Қазақстанда мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды: Не өзгерді? Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіндегі өзгерістерді түсіндірді. Толығырақ карусельден оқыңыз.
🔥Микель Мерино жеңіс голын соғып, Испанияны жартылай финалға шығарды ⚽️ Әлем чемпионатының ширек финалында Испания құрамасы Бельгияны 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. 🇪🇸 Испания 2:1 Бельгия 🇧🇪 ⚽️ Руис 30' ⚽️ Де Кетеларе 41' ⚽️ Мерино 88' 📌 Енді Луис де ла Фуэнте шәкірттері жартылай финалда Франция құрамасымен кездеседі.
✅ Алғашқы минуттан алаңға шығатын ойыншылар 🇪🇸 Испания - Бельгия 🇧🇪 📌 Қай команда жеңеді?
🇪🇸 Испания - Бельгия 🇧🇪 Қай құрамаға жанкүйерсіз? 📺 Дәл қазір «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінде матч қарсаңындағы студиялық бағдарлама өтіп жатыр.
Бүгінгі күнді жақсы жаңалықпен аяқтайық! Дастан Сатпаев «Челси» сапындағы алғашқы жаттығуын өткізді Лондондық клубтың ойыншылары жаңа бапкері Хаби Алонсомен жазғы үзілістен кейін Кобхэмдегі оқу-жаттығу базасында маусымға дайындықты бастады. Жаттығу барысында футболшылар медициналық тексеруден өтіп, физикалық және доппен жұмыс істеуге бағытталған жаттығулар орындады. Келесі аптада грант конкурсына құжат қабылдау басталады Бүгін ел бойынша Ұлттық біріңғай тестілеу аяқталды. Ал дүйсенбіден бастап мемлекеттік білім беру гранттарына құжат қабылдау басталады. Талапкерлер өтінімді жоғары оқу орындарына барып не болмаса eGov.kz порталы арқылы онлайн тапсыра алады. Елде 35 мың тоннадан астам балмұздақ өндірілді Биыл 5 айдың ішінде Қазақстанда 35 мың тоннадан астам балмұздақ өндірілген. Ірі өндірушілер қатарында Түркістан облысы, Алматы қаласы мен Ақмола облысы бар. Өндірілген өнімнің негізгі бөлігі кілегейлі балмұздақ пен пломбир. Балаларға арналған кітап қоры 7 млн-нан асты Ал тұрақты оқырман саны 1 млн 700 мыңнан асты. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз өкілдері хабарлады. Министрлік биыл кітапханалар қорын тағы 42 мың жаңа кітаппен толықтыруды жоспарлап отыр. Ауыр атлетіміз Әлем чемпионатында қола медаль ұтты Қазақстандық ауыр атлет Ернұр Мырзахмет Колумбияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Ол жұлқа көтеру жаттығуында 142, серпе көтеуде 162 келіні басынан асырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 304 келіні еңсерді. Мүгедектігі бар адамдар енді пойыз билетін онлайн сатып ала алады І топтағы мүгедектігі бар адамдар бұдан былай арнайы орынға билет рәсімдеу үшін теміржол кассаларына бармай-ақ, онлайн билет сатып ала алады. 2026 жылдың маусымынан бастап әлеуметтік маңызы бар пойыздарда арнайы орындарға билеттерді онлайн рәсімдеу сервисі іске қосылған.
🏡 Елімізде бір айда үй сатып алу-сату бойынша 39 мыңнан астам мәміле жасалған 📈 Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Маусым айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелген. 2026 жылғы мамырмен салыстырғанда мәміле саны 28,4%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Алматы және Астана қалалары, сонымен қатар Қарағанды облысы көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз тіркелген. 📊 Мамырмен салыстырғанда маусымда мәмілелер саны барлық өңірде өскен. Ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Қарағанды және Атырау облыстарында тіркелді.
⚠️Оралда полицейлер терезеден құлап кете жаздаған 4 жасар баланы құтқарып қалды Орал қаласында полицейлер көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кете жаздаған 4 жасар баланы құтқарып қалды. 📍Бүгін сағат 14:10 шамасында «102» арнасына көпқабатты тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтердің терезесіне шығып кеткен кішкентай бала туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жақын маңда болған патрульдік полиция батальонының қызметкері көмек сұраған әйелдің дауысын естіп, баланы байқайды. Ол уақыт жоғалтпай, көмек көрсеткен. ✍️Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде баланың анасы аз уақытқа сыртқа шығып кеткен, ал бала пәтерде жалғыз қалған. Аталған дерек бойынша баланың ата-анасы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
📞 Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті 🇰🇿🇺🇸Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы Америка көшбасшысын АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтап, тарих үшін қас-қағым сәт саналатын үш ұрпақтың ғұмырына барабар кезеңде бұл елдің қуатты жаһандық державаға айналғанына назар аударды. Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастық және саяси ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Елдің оңтүстігінде аптап ыстық сақталады «Қазгидромет» 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс аймақтарда бұршақ түсіп, жел күшеюі мүмкін. Сонымен қатар шығыс, оңтүстік, оңтүстік-батыс және орталық өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кейбір өңірде ыстық ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы ел аумағының басым бөлігінде +33…+40°С, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыс өңірлерде +38…+45°С-қа дейін көтеріледі. Кей жерлерде қатты және өте қатты ыстық болады.
🍦Қазақстандық балмұздақ экспорты 46,4%-ға өсті 2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді. Оның 66,3%-ы Алматы облысының үлесіне тиесілі. Ірі өндірушілер қатарында Түркістан облысы, Алматы қаласы және Ақмола облысы бар. Өндірістің негізгі бөлігін кілегейлі балмұздақ пен пломбир құрады. ✍️Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстан 6,4 мың тонна балмұздақ экспорттап, 24,8 млн АҚШ доллары көлемінде табыс тапты. Экспорт көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,4%-ға, ал ақшалай мәнде 77%-ға артты. 🔹Қазақстандық балмұздақ экспорты: Қазақстандық балмұздақтың 99,9%-ы ТМД елдеріне жөнелтілді. Негізгі нарық – Ресей, оған 4,3 мың тонна өнім экспортталды. Қырғызстан мен Өзбекстанға жеткізу көлемі де өсті. Экспорт көлемі импорттан 2,9 мың тоннаға асып түсті. 🔹Балмұздақ импорты: Есепті кезеңде балмұздақ импорты 3,4 мың тоннаны құрады. Негізгі жеткізушілер - Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия.
Биыл тағам өнімдерін өндіру 14,7 пайызға ұлғайды Бұл туралы Президент қабылдауында болған Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Президентке егістік алқаптарын әртараптандыру, шаруаларға жеңілдетілген несие беру тетігін арттыру, ауылшаруашылық техникалары лизингін дамыту жұмыстары жайында мәлімет берілді. Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіп кешеніндегі өңделген өнім көлемін 70 пайызға дейін арттыруға бағытталған шаралар қолға алынғанын баяндады. ➖2026 жылдың алты айында тағам өнімдерін өндіру 14,7 пайызға ұлғайды. ➖Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 4,4 пайызға, соның ішінде егін – 7,7 пайызға, мал шаруашылығы 4,4 пайызға өсті. ➖Экспорт көлемі мен шетелге шығарылатын өнім түрлері де көбейіп келе жатқанын жеткізді. 📌Президент ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру, қосылған құны жоғары өндірісті жандандыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Архив Qazaqstan.tv — страница 10
Это 10-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.