Life News Новостной агрегатор

Qazaqstan.tv — страница 9

Источник: Qazaqstan.tv · сбросить

Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 9. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.



Qazaqstan.tv » публикация №57687

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Балалардың әлеуметтік желіні қолдануын шектеу ұсынылды Еурокомиссия балалардың әлеуметтік желіні қолдануын шектейтін бастама көтерді. 💬Мұндай ұсынысты аталған институттың президенті Урсула фон дер Ляйен Брюссельде журналистерге берген сұхбатында айтты. Ол желіде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселе екенін алға тартты.



Qazaqstan.tv » публикация №57685

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қазақстанда білім грантына өтінім қабылдау басталды 13–20 шілде аралығында талапкерлерден білім гранты конкурсына қатысуға өтінімдер қабылданады. Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы, виртуалды қабылдау комиссиялары немесе eGov порталы арқылы онлайн тапсыруға болады. 📌 Грант конкурсына қатысу үшін жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, 3×4 фотосурет, мектеп аттестаты немесе колледж дипломы, сондай-ақ жеңілдетілген санатқа жататындар үшін растайтын құжаттар қажет.


Qazaqstan.tv » публикация №57684

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қазақстандық суретші Джеки Чанға ерекше кілем-картина сыйлады Қазақстандық суретші Әсел Сабыржанқызы әлемге әйгілі актер Джеки Чанға оның бейнесі бейнеленген ерекше кілем-картина тарту етті. Кино жұлдызы сыйлықты жылы қабылдап, қазақстандық шебердің еңбегіне ризашылығын білдірді. Айта кетейік, бұған дейін суретші Алматы мен Астанада концерт берген Дженнифер Лопестің бейнесін де кілемге түсірген болатын. 🎥: @assolyaa


Qazaqstan.tv » публикация №57683

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Ішкі жалпы өнім көлемі 4,1 пайызға өсті Бұл туралы Президент қабылдауында болған Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп берді. Премьер-министр бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім көлемі 4,1 пайызға өскенін баяндады. Сондай-ақ ірі автожол жобаларының жүзеге асырылу барысы, Астана қаласындағы екінші әуежайдың құрылысын және Tarlan Astana көлік жүйесінің келесі кезеңін жоспарлау туралы айтты.


Qazaqstan.tv » публикация №57682

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🌍Алматы «Where to Eat 2026» халықаралық рейтингіне енді 🍽Алматы Американың Eater басылымы жасаған «Where to Eat 2026» гастрономиялық бағыттар тізіміне енді. Қала жыл сайын жарияланатын, гастрономиялық саяхат әуесқойларына ұсынылатын бағыттар рейтингіне енгізілді. 🥘Басылым Алматыны Орталық Азиядағы басты гастрономиялық орталықтардың бірі деп атап, қазақтың ұлттық тағамдары мен әлемдік асхананың ерекше үйлесімін жоғары бағалаған. Сондай-ақ Алматыда өткен алғашқы Almaty Food Fest гастрономиялық фестивалі, шаһардың алғашқы гастрономиялық гидінің жарық көруі және Алматының ерекше шай ішу мәдениеті де аталған.


Qazaqstan.tv » публикация №57681

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Суатқа келген сілеусіндер фототұзаққа түсіп қалды «Ертіс орманы» резерватында орнатылған фототұзаққа жабайы табиғаттың сирек көрінісі түсіп қалды. Суатқа келген бірнеше сілеусін камераға ілінді. Мамандар бұл кадрлар өңір экожүйесінің байлығын және сирек кездесетін жануарлар дүниесінің сақталып отырғанын көрсететінін атап өтті.


Qazaqstan.tv » публикация №57680

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қазақстандық оқушылар физика олимпиадасында тарихи нәтижеге қол жеткізді Колумбияның Букараманга қаласында өткен 56-халықаралық физика олимпиадасында (IPhO) ұлттық құраманың бес мүшесі де алтын медаль жеңіп алды. 🌍 Биылғы білім додасына әлемнің 85 елінен 381 оқушы қатысты. Қазақстандық оқушылар теориялық және тәжірибелік тапсырмалардан үздік нәтиже көрсетіп, ел тарихындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. 📈 Қазақстан бұл олимпиадаға 1997 жылдан бері қатысып келеді. Ал биыл алғаш рет ұлттық құраманың барлық мүшесі алтын медаль иеленіп, тарихи рекорд орнатты.


Qazaqstan.tv » публикация №57679

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🌡 Қазақстанның бірнеше өңірінде 45 градусқа дейін аптап ыстық болады ☀️Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болады. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр немесе бұршақ жауады. Сондай-ақ дауыл тұруы мүмкін. Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Жетісу және Абай облыстарында 35-43 градус ыстық болады. 🔥Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды мен Қызылорда облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының орталығында ауа температурасы 40-45 градусқа дейін көтеріледі. 🎥: @astana.life.01



Qazaqstan.tv » публикация №57677

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✨Димаш жанкүйерінің арманын орындады Катонқарағайда өткен Димаш Құдайбергеннің концертіндегі әсерлі сәт желіде кең тарады. Көрермен арасында тұрған жанкүйер қыз әншіні жақыннан көргенде толқып, көз жасына ерік берді. Мұны байқаған Димаш оған жақындап, құшағына басты. Көпшілік әншінің қарапайымдылығы мен жанкүйерлеріне деген ықыласын жоғары бағалап, жылы пікір білдіруде. Алтайдың көркем табиғаты аясында өткен концерт мыңдаған көрерменге ұмытылмас әсер сыйлады. 📸: @koko_smagul @ayumi_phtravel


Qazaqstan.tv » публикация №57676

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✉️ Мемлекет басшысы Черногория Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇲🇪Қасым-Жомарт Тоқаев Черногорияның Мемлекеттілік күніне орай Президент Яков Милатовичті құттықтады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Черногория арасындағы достыққа және өзара құрметке негізделген көпжылдық ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді. Жеделхатта Черногория көшбасшысының жуырда Астанаға жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы маңызды кезеңге жол ашқаны және кең ауқымды салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік бергені атап өтілген. Қасым-Жомарт Тоқаев Яков Милатовичтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Черногория халқына құт-береке тіледі.


Qazaqstan.tv » публикация №57675

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏅Елімізде алғаш рет «Құрметті донор» марапаты тағайындалды Үкімет қаулысымен елімізде қан донорларына арналған «Құрметті донор» марапаты тағайындалды. Алғашқы марапат талаптарға толық сәйкес келетін 481 тұрақты донорға табысталады. «Төсбелгі ҚР азаматтарына, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға өтеусіз негізде донорлық жасағаны үшін беріледі. Атап айтқанда, қан және тромбоцит донорлығы – кемінде 40 рет, қан плазмасының донорлығы – кемінде 70 рет болуы тиіс», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында. Министрліктің мәліметінше, жыл сайын елімізде 180 мыңнан астам адам донор болады.


Qazaqstan.tv » публикация №57674

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Тамыздан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер саны артады Тамыз айынан бастап AJET әуе компаниясы Астана-Анкара және Алматы-Анкара бағыттары бойынша рейстер санын аптасына 2-ден 7-ге дейін арттырады. Көлік министрлігінің мәліметінше, ұшу жиілігінің артуы екі ел арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтады.


Qazaqstan.tv » публикация №57673

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿 Картоптан жасалған Қазақстан картасы көпшіліктің қызығушылығын тудырды Райымбек ауданының 90 жылдық мерейтойы Шалкөде жайлауында тойланды. Мереке аясында ұйымдастырылған көрмеде қатысушылар картоптан Қазақстан картасын жасап, ерекше туынды ұсынды. 😍Шығармашылық жұмыс туған жерге деген құрметтің белгісі ретінде бағаланып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. 📺@qazaqstantv


Qazaqstan.tv » публикация №57672

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Дәрігерлер салмағы 900 грамм нәрестені аман алып қалды Бұл туралы неонатолог-дәрігер Айжан Маханбетова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Алматыда дәрігерлер дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында Сұлтан есімді сәбидің өмірін сақтап қалған. Қазіргі уақытта оның жағдайы жақсарып, салмақ қоса бастаған.


Qazaqstan.tv » публикация №57671

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Дәрігерлер салмағы 900 грамм нәрестені аман алып қалды Бұл туралы неонатолог-дәрігер Айжан Маханбетова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Алматыда дәрігерлер дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында Сұлтан есімді сәбидің өмірін сақтап қалған. Қазіргі уақытта оның жағдайы жақсарып, салмақ қоса бастаған.


Qazaqstan.tv » публикация №57670

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🥈 Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан U23 Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы 4×100 метрлік эстафетада қола жүлде жеңіп алды. Эстафета финалында Анна Шумило, Екатерина Пузырева, Татьяна Но және Дарья Гридасова ел намысын қорғады. Қазақстандық спортшылар қашықтықты 50,90 секундта жүгіріп өтіп, үшінші орынға тұрақтады. Жарыста Қытай құрамасы алтын медаль иеленсе, Үндістан күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақстан құрамасы жарысты қола медальмен қорытындылады.


Qazaqstan.tv » публикация №57669

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Бүгін – Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні Бүгін елімізде Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. Ведомство 1992 жылы 13 шілдеде құрылды. Ұлттық қауіпсіздік саласында еңбек етіп жүрген мамандар ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік мүддені қорғау жолында маңызды міндет атқарып келеді. Сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!


Qazaqstan.tv » публикация №57668

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Астанада қоқыс полигонынан шыққан өрт толық сөндірілді Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өрт сөндіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Полигонға шамамен 15 мың тонна инертті материал жеткізілді. Нәтижесінде 3 гектар аумақты шарпыған өрт ошағы жойылды.


Qazaqstan.tv » публикация №57667

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❗️ Дубайға әуе рейстері уақытша тоқтатылды Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Air Astana 13-14 шілдеге жоспарланған Алматы – Дубай және Астана – Дубай бағытындағы рейстерді тоқтатты. «Жолаушылар билеттерінің толық құнын қайтара алады немесе 12-18 шілдеге жоспарланған рейстерді 31 шілдеге дейінгі жоспарланған рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады», – делінген әуе компаниясының хабарламасында. 📌 Сондай-ақ компания жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және ұшу кестесіндегі өзгерістер туралы қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.


Qazaqstan.tv » публикация №57666

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

«BaiQymyz-206» гастрофестивалінің жеңімпаздары анықталды Астанада 11-12 шілде күндері халықаралық гастрофестиваль өтті. Еліміздің әр өңірі мен шетелден қымыз өндірушілер келген шарада 56 тонна қымыз ұсынылды. Бас жүлдені Ақмола облысы Бурабай ауданындағы «Qymyznai Qymyzy» қымыз өндірушісі иеленді. Жеңімпазға автокөлік кілті табысталды.


Qazaqstan.tv » публикация №57665

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🥇Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 5 алтын медаль жеңіп алды Колумбияда өткен физикадан 56-халықаралық олимпиадада қазақстандық жас физиктер үздік нәтиже көрсетті. Technews.kz агенттігінің мәліметінше, ұлттық құраманың барлық бес қатысушысы алтын медаль еншіледі. Білім жарысында ел намысын Амирбек Азатбеков, Ілияс Қазымбек, Нұргүл Егенбергенова, Роман Черемнов және Дамир Құрман қорғады. Айта кетейік, олимпиадаға әлемнің 90 елінен 400-ден астам оқушы қатысқан.


Qazaqstan.tv » публикация №57664

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😍 Көкшетаулық құтқарушылар балаларға ерекше тосын сый жасады Аптап ыстықта өрт сөндірушілер балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Өрт сөндіру автоцистерналарымен қаланы аралаған мамандар бүлдіршіндерге салқын су шашты. 💬 Құтқарушылардың бұл әрекетіне желі қолданушылары да жылы лебіздерін білдірді. 🎥: 112aqmola


Qazaqstan.tv » публикация №57663

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❓Биыл қанша білім гранты бөлінді? Жаңа оқу жылына 89 457 мемлекеттік грант бөлініп отыр. Оның 75 371-і бакалавриатқа, 11007-і магистратураға, ал 3079-ы докторанатураға түсушілерге арналады. Жалпы гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтарына, ал 21%-ы педагог кадрларды даярлауға бағытталған. 📌 Бүгінде білім мен ғылымға ерекше көңіл бөлінеді. Жастардың білім алып, ғылыммен айналысуына жағдай жасалуда. Конституцияда да білім мен ғылым еліміздің стратегиялық бағыты ретінде анық жазылған. Демек, бұл елдің экономикалық өсімі, бәсекеге қабілеттілігі және болашақ дамуы білімді ұрпақ пен ғылыми жетістіктерге тікелей байланысты екенін көрсетеді.


Qazaqstan.tv » публикация №57662

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалі жалғасып жатыр Халықаралық ұлттық сусын байқауына 60-қа жуық қымыз өндіруші қатысуда. Олардың қатарында шетелдік қымыз өндірушілер де бар. Жеңімпаздар «BaiQymyz», «Ем қымыз» және «Халық таңдауы» аталымы бойынша анықталады. Фестиваль бүгін 22:00-ге дейін жалғасады. «Қазанат» ипподромына келіп, ең дәмді қымызға дауыс беріңіз.



Qazaqstan.tv » публикация №57655

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔹Ауыр атлет Нұржан Жұмабай рекорд жаңартып, Әлем чемпионы атанды 🔹Дастан Сатпаев «Челси» сапындағы алғашқы жаттығуын өткізді 🔹Euronews қазақ тілінде халықаралық жаңалықтар тарата бастады 🔹Әлем Чемпионатының финалында BTS, Madonna және Justin Bieber өнер көрсетеді 🔹Елена Рыбакина ең көп табыс тапқан 10 теннисшінің қатарына кірді 🔹Әйгілі актер Джеки Чан Алматыға келді Толығырақ оқу үшін


Qazaqstan.tv » публикация №57654

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қазақстанда Аризона университетімен бірлескен қос диплом бағдарламасының алғашқы түлектері оқуын аяқтады М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университетінің түлектері қос диплом бағдарламасы бойынша оқуларын тәмамдады. Оларға диплом табыстау рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффт, Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелла қатысты. Аризона университеті Қазақстанда алғашқы микрокампусын 2022 жылы Петропавл қаласында ашып, сол жылы қос диплом бағдарламасына алғашқы 43 студент қабылданған болатын. Бүгінде бұл бағдарлама бойынша 368 студент білім алуда.


Архив Qazaqstan.tv — страница 9

Это 9-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.