Life News Новостной агрегатор

Qazaqstan.tv — страница 8

Источник: Qazaqstan.tv · сбросить

Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 8. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.



Qazaqstan.tv » публикация №57727

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😍Бүгінгі күнді жақсы жаңалықтармен аяқтайық! ⚽️Әлем чемпионатының жартылай финалы басталды 🎓ҰБТ қорытындысы: Талапкерлердің 76 пайызы шекті балл жинады ✈️Қазақстаннан Грузияға жаңа әуе рейсі іске қосылады 🪪Индонезия Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізді 📍Air Astana Дубайға рейстерді қайта іске қосады Толығырақ оқу үшін


Qazaqstan.tv » публикация №57726

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Индонезия Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізді ✈️ Индонезия Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізді. Енді отандастарымыз бұл елде 30 күнге дейін визасыз жүре алады. Бұған дейін талап етілген, құны шамамен 33 доллар болатын келу визасын рәсімдеу талабы жойылды. Дегенмен елге кірген кезде саяхатшылар бұрынғыдай арнайы келу картасын толтыруы қажет. 🌍 Индонезия билігі бұл жеңілдік арқылы шетелдік туристер санын арттыруды көздеп отыр. Биыл ел 17 миллионнан астам турист қабылдауды жоспарлаған.


Qazaqstan.tv » публикация №57725

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏆 Даллас стадионы маңындағы атмосфера ⚽️ Санаулы сәттен кейін Франция мен Испания арасындағы Әлем Чемпионатының алғашқы жартылай финалы басталады. 🇫🇷 Франция ⚔️ Испания 🇪🇸 📺 Матчты бүгін сағат 23:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.


Qazaqstan.tv » публикация №57724

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

💬Білім алу, денсаулық сақтау, еңбек ету: Аида Балаева әлеуметтік саясат философиясын түсіндірді Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Егемен Қазақстан» сайтына берген сұхбатында әлеуметтік саясат философиясын түсіндірді. «Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер әлеуметтік мемлекеттің маңызды қызметтерінің бірі болғанымен, жалғыз бағыты емес. Бұл ұғым әлдеқайда кең», - деді А.Балаева. ✔️Министр әлеуметтік саясаттың нақты нәтижелерінің бірі ана мен бала денсаулығы екенін атап өтті. «Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда ана өлімі 6 еседен астам азайды. Соңғы үш жылдың өзінде бұл көрсеткіш 35 пайызға, ал нәресте өлімі 24 пайызға төмендеді. Нәтижесінде еліміз тарихындағы ең төменгі деңгейге жетті. Сондықтан әлеуметтік мемлекет дегеніміз тек қаржылай көмек көрсету емес. Бұл - адамдардың ұзақ әрі сапалы өмір сүруіне, қауіпсіз жағдайда бала тәрбиелеуіне, білім алып, еңбек етіп, өз әлеуетін толық жүзеге асыруына жағдай жасайтын мемлекет», - дейді ол.


Qazaqstan.tv » публикация №57723

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏆 Бүгін Әлем чемпионатының алғашқы финалисі анықталады 🇫🇷 Франция ⚔️ Испания 🇪🇸 🇫🇷🆚🇪🇸 Киллиан Мбаппе бастаған Франция құрамасы Ламин Ямаль өнер көрсететін Испаниямен финал жолдамасын сарапқа салады. ⚽️ Қай құрама финалға шығады? 📺 Матчты бүгін сағат 23:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.


Qazaqstan.tv » публикация №57722

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✅7 саяси партия, 546 кандидат: Құрылтай депутаттығына үміткерлерді ұсыну аяқталды Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды. Орталық сайлау комиссиясына жеті саяси партиядан барлығы 546 кандидаттың құжаттары тапсырылған. 🔹«Ақ жол» демократиялық партиясы - 63 кандидат; 🔹«Ауыл» партиясы - 69 кандидат; 🔹«Әділет» саяси партиясы - 186 кандидат; 🔹«Байтақ» жасылдар партиясы - 47 кандидат; 🔹Қазақстан халық партиясы - 72 кандидат; 🔹Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 33 кандидат; 🔹Respublica партиясы - 76 кандидат. «Барлық партия ұсынған құжаттар кандидаттардың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілді», - делінген Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісовтің мәлімдемесінде.



Qazaqstan.tv » публикация №57720

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Жаркентте мектеп ауласында 10 жастағы қызды тоқ соғып, көз жұмды 📚Қайғылы оқиға қаладағы мектептердің бірінің ауласында болған. 5-сынып оқушысының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. ⚡Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім мектеп ауласындағы ашық тұрған трансформаторлық қосалқы станцияға кіріп кеткен. Сол жерде оны электр тоғы соққан. Бала жедел ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер аман алып қала алмады.


Qazaqstan.tv » публикация №57719

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Мемлекет басшысы Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады Әңгімелесу барысында Президент бауырлас Қырғызстанмен достықты, тату көршілікті, стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовқа екі ел арасында көлік-транзит, энергетика, су, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланысты жандандыруға баса назар аударылды.


Qazaqstan.tv » публикация №57718

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔥 Астанада салынып жатқан ғимараттың шатыры өртенді Елорданың Есіл ауданындағы Е-871 көшесінде салынып жатқан төрт қабатты ғимараттың шатырынан өрт шықты. 🚒 Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер шатырдың ашық жалынмен жанып жатқанын және қою қара түтін көтерілгенін анықтады. Қазіргі уақытта құтқарушылар өртті толық сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. ✅ 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.


Qazaqstan.tv » публикация №57717

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Ақмола облысында өткен тәулікте 3 адам суға батып кетті Ақмола облысында өткен бір тәулікте 3 адам суға батып кетті, тағы бір адам бассейнге секіріп, ауыр жарақат алды. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, қайғылы жағдайлардың басым бөлігі шомылуға арналмаған жерде тіркелген. Мәселен, Атбасар ауданында 18-19 жас шамасындағы бес азамат Есіл өзенінің арғы бетіне жүзіп өтпек болған. Алайда олардың бірі суға батып кетті. Ал Целиноград ауданында Нұра-Есіл каналында шомылған жасөспірім көз жұмды.


Qazaqstan.tv » публикация №57716

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Хатшылық басшысы Қанатбек Жайсанбаевты қабылдады Мемлекет басшысына Қазақстан Халық Кеңесі мен оның Хатшылығын құру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы есеп берілді. Қанатбек Жайсанбаев Хатшылық Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық, қаржылық, ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз ететінін баяндады. ❗️Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясына дайындықты лайықты деңгейде жүргізу қажеттігіне назар аударды.


Qazaqstan.tv » публикация №57715

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✈️Қазақстаннан Грузияға жаңа әуе рейсі іске қосылады 14 шілдеден бастап Fly Arystan әуе компаниясы Атырау – Батуми бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосады. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады. Ұшақтар аптасына бір рет – сейсенбі күндері Airbus A320 әуе кемелерімен қатынайды. 🔗Жаңа бағыт Қазақстан мен Грузия арасындағы туристік байланыстарды нығайтады. 📺@qazaqstantv


Qazaqstan.tv » публикация №57714

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❗️Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Сұлтан Сәрсемәлиевті Жангелдин ауылындағы бір отбасының мүшелерін өлтіргені үшін кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. 🧑‍⚖️Бұдан бөлек, сот оны алаяқтық, ұрлық, мал ұрлығы, құжаттарды заңсыз иемдену және оларды жасыру баптары бойынша да кінәлі деп таныды. Сондай-ақ Сәрсемәлиевті жәбірленушілерге моральдық зиянды өтеу үшін 40 миллион теңге төлеуге міндеттеді. 📌Еске салайық, бұған дейін Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылында бүтін бір отбасы із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Кейін ерлі-зайыптының денесі өз үйінің ауласынан табылса, олардың ұлы мен қызының мәйіті Атырау қаласында күдікті жалдап тұрған үйдің ауласынан қазып алынды. 📺@qazaqstantv


Qazaqstan.tv » публикация №57713

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✉️Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇫🇷Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды ұлттық мереке – Бастилияны алу күнімен құттықтады. Президенттің айтуынша, бұл атаулы күн француз халқының бірлігін және еркіндік пен теңдік қағидаттарына бейіл екенін айшықтайды. Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықтың даму қарқынына көңілі толатынын жеткізіп, қазақ-француз байланыстарының кеңеюіне Эмманюэль Макрон айрықша үлес қосқанын айтты. Президент Франция көшбасшысының жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас елдің халқына бақ-береке тіледі.


Qazaqstan.tv » публикация №57712

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Ильхам Әлиев Қазақстан Президентіне қолдауы үшін алғыс айтты Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев IV Шуша жаһандық медиафорумында Қазақстанның Қарабақты қалпына келтіруге көрсеткен қолдауын атап өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді. «Qazcontent» АҚ басқарма төрағасы Әділ Сейфуллиннің сұрағына жауап берген Ильхам Әлиев қазақ-әзербайжан қарым-қатынасына тоқталып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.


Qazaqstan.tv » публикация №57711

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚽️Әлем чемпионатының жартылай финалы басталды Бүгін Франция мен Испания құрамалары арасындағы тартысты кездесуді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен тамашалаңыз. Ал сіз қай құрамаға жанкүйерсіз?⤵️


Qazaqstan.tv » публикация №57710

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📢Air Astana Дубайға рейстерді қайта іске қосады Air Astana 15 шілдеден бастап Алматы - Дубай және Астана - Дубай бағыттары бойынша тұрақты рейстерді қайта орындай бастайды. «Әуе компаниясы аймақтағы жағдайды бақылауда ұстап, қажет болған жағдайда ұшу кестесіне өзгерістер енгізуі мүмкін. Жолаушыларға барлық өзгеріс туралы қосымша ақпарат беріледі», - делінген хабарламада. 📺@qazaqstantv



Qazaqstan.tv » публикация №57708

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

ҰБТ қорытындысы: Талапкерлердің 76 пайызы шекті балл жинады Биыл негізгі ҰБТ-ны 233 мыңға жуық талапкер тапсырды. Олардың 76%-ы шекті балл жинады. • Орташа балл – 66; • Ең жоғары нәтиже – 140 балл. Тестілеуге ерекше білім беру қажеттілігі бар 800 талапкер қатысты. Ереже бұзған 890 талапкердің нәтижесі жойылды. Оның ішінде 522 талапкер тыйым салынған заттарды кіргізбек болған. 361 адам тест кезінде аудиториядан шығарылды. Тағы 7 адамның нәтижесі бейнежазбаларды тексеру қорытындысы бойынша жойылды. 🎓 Еске салайық, білім гранты конкурсына құжат қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады.



Qazaqstan.tv » публикация №57701

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Аптап ыстықтың беті қайтады: Еліміздің солтүстігінде күн салқындайды Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік-батыс циклонының әсерінен 15–16 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Соның әсерінен ауа температурасы күндіз +25…+30°С-қа дейін төмендейді. ☀️ Ал еліміздің оңтүстігі мен шығысында аптап ыстық сақталады. Өзбекстан аумағынан келетін құрғақ ауа массаларының ықпалынан жауын-шашын күтілмейді. 🌡️ Ауа температурасы оңтүстікте +40-45°С, шығыста +33-38°С ыстық болады.


Qazaqstan.tv » публикация №57700

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿🇶🇦Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне және оның әулетіне Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің дүниеден озуына байланысты көңіл айту үшін Дохаға барды. 🔹Президент қуатты әрі өркендеген Қатар Мемлекетін құруға шейх Хамадтың өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. – Қазіргі Қатардың көптеген айтулы тарихи жетістігі мен халықаралық аренадағы жоғары беделі оның есімімен тығыз байланысты. Шейх Хамад әлемдік ауқымдағы мемлекет қайраткері әрі қазақ халқының досы еді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 🔹Мемлекет басшысы қазақ-қатар қарым-қатынасының қалыптасып, табысты дамуына шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің зор еңбек сіңіргенін айтты. 🔹Мемлекет басшысы шейх Хамадтың бастамасымен Астанада әл-Фараби мешіті бой көтергенін, сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асқанын еске алып, ризашылық білдірді. Бұл – екі ел арасындағы шынайы достық пен өзара түсіністіктің жарқын көрінісі іспеттес. – Осынау қаралы сәтте Алла Тағаладан марқұмның жаны жәннатта болуын сұрап, дұға етеміз, – деді Қазақстан Президенті. 🔹Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арнайы келіп көңіл айтқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Қатар мен Қазақстан халықтарының бауырластық байланыстары айрықша сипатқа ие екеніне назар аударды. Қатар тарапының бастамасымен мемлекеттер басшылары қазіргі халықаралық ахуал, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай туралы пікір алмасты. 🔹Президент Қатар Әмірін өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни шақыруды ықыласпен қабыл алды.


Qazaqstan.tv » публикация №57694

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😍Бүгінгі күнді жақсы жаңалықтармен қорытындылайық! 📈Алматы «Where to Eat 2026» халықаралық рейтингіне енді 🏆Қазақстандық оқушылар физика олимпиадасында тарихи нәтижеге қол жеткізді 📑Грант конкурсына құжат қабылдау басталды ✈️Астана мен Алматыдан Анкараға әуе рейсі көбейеді 🎶Altai-Fest-тегі Димаштың концертіне 50 мыңнан аса халық жиналды 🎖Алғаш рет «Құрметті донор» төсбелгісі тағайындалды Толығырақ оқу үшін


Qazaqstan.tv » публикация №57693

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📍Джеки Чан Маңғыстауда: Түсірілім жұмыстары Бозжырада жалғасады 13 шілдеде Маңғыстауға әйгілі актер, режиссер, продюсер әрі жекпе-жек өнерінің шебері Джеки Чан келді. Ол өңірге «Доспехи Бога 4: Ультиматум» (Armour of God: Ultimatum) көркем фильмінің түсіріліміне қатысу үшін арнайы барған. Джеки Чан жылы қабылдағаны үшін маңғыстаулықтарға алғыс білдіріп, Маңғыстаудың табиғи ландшафтарының кинематографиялық әлеуеті жоғары екенін және оның жаңа фильмнің ең әсерлі көріністерінің біріне айналатынын айтқан. Маңғыстаудың халықаралық киножобаның негізгі түсірілім алаңдарының бірі ретінде таңдалуы – өңірдің бірегей табиғи ландшафттарына әлемдік киноиндустрияның қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Фильмнің басты түсірілім орындарының бірі – әлемге танымал Бозжыра шатқалы. Видео: Ақтау әкімдігі


Qazaqstan.tv » публикация №57692

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚽️FIFA Әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын 64-ке дейін көбейтуі мүмкін FIFA президенті Джанни Инфантино футболдан ерлер арасындағы Әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын 64-ке дейін арттыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді. 📌Оның айтуынша, бұл бастама Әлем чемпионатын барша ел үшін қолжетімді етіп, турнирге көбірек құраманың қатысуына мүмкіндік береді. «Бұл мәселені Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін талқылаймыз. Турнирді ұйымдастырғанда тек Еуропа мен Оңтүстік Америкаға емес, бүкіл әлемге мүмкіндік беру маңызды. Әрбір елдің Әлем чемпионатына қатысуды армандауына жағдай жасауымыз керек», - деді FIFA басшысы швейцариялық Blue Sport телеарнасына берген сұхбатында. Айта кетейік, қазір АҚШ, Мексика, Канадада өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатына алғаш рет 48 құрама қатысып жатыр.


Qazaqstan.tv » публикация №57691

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📑Борышкерлер Finkelisim.kz сайты арқылы өтінім бере алады Қазақстандықтар банктерге шамамен 1 триллион теңге қарыз. Қаржы ұйымдары уақытылы төленбеген соманы коллекторлар арқылы қайтармақ. Аналитикалық орталықтар осындай дерек келтірді. 📌Бұрын борышкерлер қарызды өтеу үшін біраз құжат жинап, әбігерге түсетін. Бірнеше банкте қарызы болса, әрқайсымен жеке-жеке келісетін. Енді бір ғана Finkelisim.kz деген сайттан онлайн өтінім бере алады. Ол барлық кредиторларға автоматты түрде жетеді. Бірақ платформаны қолданудың талаптары бар. Біріншіден, бұл жүйені кемінде 2 банкке қарыз азаматтар ғана қолдана алады. Сондай-ақ берешек 90 күн бойы төленбеген болуы тиіс. Әрі Finkelisim сайты қарыздың жалпы сомасы 648 мың мен 7 миллионға дейін болса ғана жұмыс істейді. Одан аз болса, банкке бару керек.


Qazaqstan.tv » публикация №57690

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Еуропада аптап ыстықтан 10 мыңнан астам адам көз жұмды Бұл туралы Deutsche Welle ДДҰ қолдауымен жұмыс істейтін EuroMOMO бағдарламасының деректеріне сілтеме жасап хабарлады. 📊 EuroMOMO зерттеушілері Еуропаның 27 еліндегі статистиканы саралаған. Маусым айының соңына өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Франция мен Бельгияда тіркелген. Германияда аптап ыстықтан шамамен 5100 адам, Ұлыбританияда 2700 адам көз жұмған. Ал Еуропаның 12 ірі қаласын қамтыған зерттеу Милан, Париж және Барселона тұрғындарының ең көп зардап шеккенін көрсетті. Бұл үш қалада 2300-ге жуық адам қайтыс болған. 🔺Көз жұмғандардың 9 мыңнан астамы – 65 жастан асқан азаматтар.



Архив Qazaqstan.tv — страница 8

Это 8-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.