Qazaqstan.tv » публикация №57385
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чоксимен кездесу өткізді ✔️Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасының Таяу Шығыс, Түркия және Орталық Азия істері жөніндегі аға вице-президенті Хуш Чоксиді қабылдады. ✔️Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Президент Дональд Трамп Әкімшілігімен сындарлы ықпалдастықты нығайта түсуге әзір екенін растады. Сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестіктің стратегиялық сипатына айрықша назар аударды. ✔️Президент Қазақстанның америкалық бизнес үшін қолайлы инвестициялық климат жасауға бейіл екенін атап өтті. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хуш Чокси ықпалдастықты кеңейту, соның ішінде аса маңызды минералдарды игеру, энергетика, цифрлық инфрақұрылым, жасанды интеллект, өзара көлік байланысы, озық технологиялар, ауыл шаруашылығы және қаржы қызметтері перспективасын талқылады. ✔️Хуш Чокси байланыстарды одан әрі дамыту әлеуетінің жоғары екеніне тоқталып, өзара қызығушылық тудырған бірқатар салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.





























