Qazaqstan.tv » публикация №57221
Аптаның басты жаңалықтары 📱 Мектептерде смартфон қолдану тәртібі өзгеруі мүмкін. Ұсынысқа сәйкес, 7-сыныпқа дейінгі оқушылар сабақ кезінде телефондарын арнайы орынға тапсырады. 📝 Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тануға келісті. Құжат күшіне енсе, екі ел азаматтары жүргізуші куәліктерін жеңілдетілген тәртіппен айырбастай алады. 🏠 Президент атынан БАҚ өкілдеріне 66 пәтер берілді Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысының атынан БАҚ саласының 66 қызметкеріне баспана табысталды. Осылайша соңғы үш жылда тұрғын үймен қамтылған журналистер саны 200-ге жетті. 🏆 «Айбын-2026» әскери-патриоттық жиынында Қазақстан бас жүлдені жеңіп алды Халықаралық әскери-патриоттық жиынға Қазақстанмен қатар Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей және Қырғызстан командалары қатысты. Төрт күнге созылған жарыстың қорытындысында Қазақстан құрамасы бас жүлдені иеленді. ⛸️ 2027 жылы Астана алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын қабылдайды.





























