Qazaqstan.tv » публикация №57177
✈️Қазақстанға жыл басынан бері 3 млн шетелдік саяхатшы келді 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді. Ал шетелге шыққан Қазақстан азаматтарының саны 2,47 млн адамды құрады. Шетелдік қонақтардың негізгі бөлігі көршілес елдерден келеді. 📈Елдің туристік инфрақұрылымы да дамып келеді. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда қонақүйлерді, демалыс базаларын және өзге де орналастыру орындарын қоса алғанда, 4 505 нысан жұмыс істеді. Бір жыл ішінде олардың саны 192-ге артты. 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында орналастыру орындарында 2 млн қонақ тоқтады. Оның ішінде 802 мыңнан астам адам Қазақстанның курорттық аймақтарын таңдаған. 😍Ең танымал курорттық бағыттар: Алматы тау кластері – 509,3 мың адам; Щучинск-Бурабай курорттық аймағы – 116,7 мың адам; Маңғыстау курорттық аймағы – 53,3 мың адам; Түркістан туристік аймағы – 39,4 мың адам; Алтай курорттық аймағы – 30,3 мың адам.





























