Life News Новостной агрегатор

UKIMET — страница 20

Источник: UKIMET · сбросить

Архив материалов источника UKIMET, страница 20. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


UKIMET » публикация №24250

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстан тауларында туристік маршруттарды цифрлық бақылау енгізу жоспарлануда 📌Үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қазақстанда таулы жерлерде азаматтар мен шетелдік қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін цифрлық мониторинг жүйесін іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады. Оның айтуынша, бүгінде адамдарды қорғау бойынша өз алдына бөлек шаралар қабылдануда, өйткені жыл сайын мыңдаған туристер таулы бағыттармен жүріп, көпшілігі адам жүруі қиын учаскелерден өтуге тырысады. «Соңғы 5 жылда құтқарушылар тауларда 1 мыңнан астам іздестіру-құтқару операцияларын жүргізді, 1,5 мыңға жуық адам құтқарылды. Туристердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында министрліктің аумақтық бөлімшелерін туристер мен туристік топтардың жүру бағыттары туралы хабардар ету міндеті заңнамалық деңгейде бекітілді. Келешекте туристік маршруттарға цифрлық бақылау енгізуді және құтқару қызметтерін туристердің қозғалысы туралы хабардар ету жүйесін автоматтандыруды жоспарлап отырмыз, бұл кез келген оқиғаларға ден қоюдың жеделдігін және тауларда зардап шеккендерге уақытында көмек көрсету мүмкіндігін арттырады», — деп атап өтті министр. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24249

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

«Заң мен тәртіп»: Олжас Бектенов Ішкі істер министрлігіне табиғи ескерткіштердің қорғалуын бақылауды күшейтуді тапсырды 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов табиғи ескерткіштер мен туристік инфрақұрылымға және қоғамдық кеңістіктерге ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударып, Президенттің «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтаудың және вандализм әрекеттері үшін жазаның бұлтартпастығын атап өтті. «Табиғи ескерткіштер мен инфрақұрылымға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру қажет. Ішкі істер министрлігіне осы бағытта бақылауды күшейтуді тапсырамын. Вандализмнің кез келген түріне жауапкершілік қаралған. Жұмыс “Заң мен тәртіп” қағидатын қатаң сақтау тұрғысынан жүргізілуі тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында. ➖ «Закон и Порядок»: Олжас Бектенов поручил МВД усилить контроль за защитой природных памятников 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов акцентировал внимание на необходимости формирования культуры бережного отношения к природным памятникам, туристической инфраструктуре и общественным пространствам, подчеркнув важность соблюдения принципа Президента «Закон и порядок» и неотвратимости наказания за акты вандализма. «Необходимо воспитывать культуру бережного отношения к природным памятникам и инфраструктуре. Поручаю МВД усилить контроль в этом направлении. Работа должна проводиться через призму неотвратимости наказания вандалов и соблюдения принципа «Закон и Порядок», — подчеркнул Олжас Бектенов на заседании Правительства. 📱 @KZgovernment



UKIMET » публикация №24247

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

105 елдің азаматтары Қазақстанға электрондық визалар бойынша кіре алады 📌 Қазақстанда туризмді дамыту үшін шетелдік қонақтардың елге келуі мен Қазақстанда болуының жеңілдетілген тәртіптері қолданылады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен…


UKIMET » публикация №24246

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

105 елдің азаматтары Қазақстанға электрондық визалар бойынша кіре алады 📌 Қазақстанда туризмді дамыту үшін шетелдік қонақтардың елге келуі мен Қазақстанда болуының жеңілдетілген тәртіптері қолданылады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді. Оның айтуынша, республикада процестерді цифрландырумен қатар көлік қолжетімділігі де белсенді түрде дамып келеді. Сонымен бірге негізгі туристік аймақтарда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. «Қазіргі таңда 105 елдің азаматтары елшіліктерге жүгінбей-ақ электрондық виза арқылы Қазақстанға кіре алады. Сонымен қатар виза беру де ұйымдастырылған: IT-мамандарға арналған Digital Nomad Visa және туристерге арналған Neo Nomad Visa. Қабылдаушы тарап шетелдік азаматтың келуі туралы хабарламаны онлайн форматта жолдайды», — деп атап өтті Ержан Сәденов. Сондай-ақ әуежайларда және ірі шекара өткелдерінде QR-коды бар «туристік карталар» беріледі. Онда елімізде болу ережелері, шұғыл қызметтер мен байланыс операторлары туралы қажетті ақпарат орналастырылған. Көші-қон қызметтерінің ауқымын кеңейту мақсатында QazETA мобильді қосымшасы әзірленуде. Туристік полиция бөлімшелері 18 аймақтың көрікті жерлері мен ұлттық саябақтарында қызмет атқарады. Қызметкерлер шет тілдерін меңгерген. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24242

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

До 3,7 млн человек вырос турпоток в национальные парки Казахстана 📌 На заседании Правительства министр экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев сообщил, что природные территории страны пользуются растущим интересом у граждан и иностранных гостей. По его словам, в 2024 году особо охраняемые природные территории посетили 2,8 млн человек, а в 2025-ом этот показатель достиг 3,7 млн человек. Таким образом, рост составил около 900 тыс. посетителей. Основной потенциал сегодня сосредоточен в национальных парках, на территории которых действуют 179 туристских маршрутов и 42 экологические тропы. Кроме того, в рамках реализации инициативы Главы государства «Таза Казакстан» в регионах реализуется программа «Чистый туризм», направленная на формирование культуры правильного обращения с отходами. После успешной апробации в национальных парках Шарын и Көлсай көлдері, проект расширили на Іле-Алатау, Алтын-Емель, Қаркаралы, Сайрам-Өгем, Көкшетау, Баянауыл и Бурабай. «Всего в рамках программы установлены 179 контейнеров и 81 урна для раздельного сбора отходов, размещены 170 информационных баннеров и установлены 7 фандоматов. Посетителям также выдаются биоразлагаемые пакеты для самостоятельного сбора и выноса мусора с территории национальных парков. В текущем году реализация данной программы продолжается в национальных парках Катон-Карагай, Буйратау, Улытау, Жонгар-Алатау и Тарбагатай», — подчеркнул Ерлан Нысанбаев. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24241

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстанның ұлттық парктеріне барушы туристер саны 3,7 млн адамға дейін өсті 📌 Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев еліміздің табиғи аумақтарына ел азаматтары мен шетелдік қонақтардың қызығушылығы артып келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, 2024 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға 2,8 млн адам келген, ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 3,7 млн адамға жетті. Осылайша, өсім 900 мыңға жуық келушіні құрады. Бүгінгі таңда негізгі әлеует ұлттық саябақтарда шоғырланған, олардың аумағында 179 туристік маршрут және 42 экологиялық соқпақ бар. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру шеңберінде өңірлерде қалдықтармен дұрыс жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза туризм» бағдарламасы жүргізілуде. Шарын және Көлсай көлдері Ұлттық парктерінде сәтті сынақтан өткеннен кейін жоба Іле-Алатау, Алтынемел, Қарқаралы, Сайрам-Өгем, Көкшетау, Баянауыл және Бурабайда кеңейтілді. «Бағдарлама аясында қалдықтарды бөлек жинауға арналған 179 контейнер мен 81 урна қойылды, 170 ақпараттық баннер орналастырылды және 7 фандомат орнатылды. Сондай-ақ келушілерге ұлттық саябақтардың аумағынан қоқыстарды өз бетінше жинауға және шығаруға арналған биологиялық ыдырайтын пакеттер беріледі. Биыл бұл бағдарламаны жүзеге асыру Катонқарағай, Бұйратау, Ұлытау, Жоңғар Алатауы және Тарбағатай ұлттық парктерінде жалғасуда», — деп атап өтті Еран Нысанбаев. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24240

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

11 мың шақырым жол және жаңа әуе бағыттары: Қазақстанда туризмді дамыту үшін көлік инфрақұрылымы жаңғыртылуда 📌 Үкімет отырысында туризмді дамыту үшін көлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі шаралар қаралды. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың мәліметінше…


UKIMET » публикация №24239

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

11 мың шақырым жол және жаңа әуе бағыттары: Қазақстанда туризмді дамыту үшін көлік инфрақұрылымы жаңғыртылуда 📌 Үкімет отырысында туризмді дамыту үшін көлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі шаралар қаралды. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың мәліметінше, биыл жалпы пайдаланымдағы 11 мың шақырым автожолда жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде Рахман қайнары, Кендірлі, Баянауыл, Зеренді және Көлсай туристік аймақтарына апаратын бағыттар да қамтылған. Мысалы, Алматы – Өскемен трассасының толық аяқталуы жол жүру уақытын 4 сағатқа қысқартты. Сонымен қатар 1 шілдеге дейін Көкшетау, Бурабай, Қонаев, Балқаш және басқа да қалалардағы вокзалдарды жаңғырту жұмыстары аяқталады. Ал 191 жаңа вагон сатып алу және жазғы кезеңде 15 қосымша маршрутты іске қосу есебінен 400 мыңнан астам қосымша жолаушы орны қамтамасыз етіледі. Авиация саласы бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар салынып жатыр. Арқалық қаласының әуежайы қалпына келтірілуде. Биыл Үржар әуежайының терминалын жаңғырту жұмыстары басталды. «Ішкі әуе рейстері өңірлер арасындағы байланысты нығайту үшін өте маңызды. Жазғы маусымда негізгі туристік аймақтар: Алакөлге, Балқашқа, Түркістанға, Бурабайға және Каспий теңізіне субсидияланатын авиа маршруттар бойынша рейстер орындалуда. Жазғы кезеңде аталған бағыттар бойынша аптасына 45 рейс ұшуда», — деп атап өтті министр. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24238

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

«Болашақ ойындары» Астанада өтеді 📌 Осы жылдың маңызды оқиғаларының бірі Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында «Болашақ ойындары» халықаралық турнирін өткізу болмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.…


UKIMET » публикация №24237

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

«Болашақ ойындары» Астанада өтеді 📌 Осы жылдың маңызды оқиғаларының бірі Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында «Болашақ ойындары» халықаралық турнирін өткізу болмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. Оған әлемнің 50-ден астам елінен 900-ге жуық спортшы, халықаралық спорт ұйымдарының, цифрлық индустрияның, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жанкүйерлер қатысады деп күтілуде. Салалық ведомствоның бағалауы бойынша турнир туристік ағынның ұлғаюына ықпал етпек, сондай-ақ Астананың қонақ үй, көлік және сервистік инфрақұрылымына қосымша сұраныс туғызбақ. Турнирге қатысушылар классикалық спорт пен киберспортты біріктіретін 8 пән бойынша жеңіске жету үшін күреседі. Жарыс бағдарламасына фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-атқыштар, фиджитал-жекпе-жек, фиджитал-би, Battle Royale, сондай-ақ компьютерлер мен мобильді құрылғылардағы MOBA кірді. Бүгінде отандық туроператорлар жарыстарға қатысуды және елорданың мәдени көрікті жерлерімен танысуды қамтитын арнайы туристік пакеттер дайындап қойды. Жарыстың өзі Астананың төрт спорт нысанында өтеді. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24236

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Медициналық туризм аясында Қазақстан 80 мыңға жуық шетелдік пациентті қабылдады 📌 Саланың өсуіне ықпал ететін перспективалы бағыттардың – бірі медициналық туризм. Мұндағы ұсынылатын қызметтердің сапасы жоғары және бағасы қолжетімді. Бұл туралы Үкімет отырысында…


UKIMET » публикация №24235

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Медициналық туризм аясында Қазақстан 80 мыңға жуық шетелдік пациентті қабылдады 📌 Саланың өсуіне ықпал ететін перспективалы бағыттардың – бірі медициналық туризм. Мұндағы ұсынылатын қызметтердің сапасы жоғары және бағасы қолжетімді. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. Оның мәліметінше, бүгінгі таңда 10 отандық медициналық ұйым JCI халықаралық аккредитациясына ие. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Медициналық туризмді дамытудың 2026-2028 жылдарға арналған жол картасы әзірленуде. Еліміздегі тағы бір бірегей туристік өнім – Байқоңыр кешені, ол – әлемдегі алғашқы және ірі ғарыш айлағы. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Байқоңыр кешенінде туризмді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді. «Тұжырымдаманы жүзеге асыру шеңберінде шетелдік туристерге рұқсат алу мерзімі 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл кешеннің қолжетімділігін арттырып, туроператорларға зымыран ұшыруды көруге апару бағдарламалары мен ұшулар арасындағы бағдарламаларды дамытуға мүмкіндік берді. Қазақстанға кейін қайтарылған Гагарин ұшқан алаң, монтаждап орнату және жанармай құю кешені мен динамикалық сынақтар стенді жоғары туристік әлеуетке ие», — деді Ербол Мырзабосынов. Өңірде 2025 жылдың желтоқсанында бекітілген туристерді тартуға бағытталған ірі іс-шаралар күнтізбесіне ерекше назар аударылып отыр. Бүгінгі таңда жоспарланған 55 іс-шараның 17-сі өткізілді, ал келушілердің жалпы саны 150 мың адамнан асты. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24234

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстанның туристік саласы мемлекетке 630 млрд теңгеден астам салық түсірді 📌 Туризмнің ел экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңге деңгейіне жетті. Бүгінгі таңда бұл салада 600 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт…


UKIMET » публикация №24233

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстанның туристік саласы мемлекетке 630 млрд теңгеден астам салық түсірді 📌 Туризмнің ел экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңге деңгейіне жетті. Бүгінгі таңда бұл салада 600 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізге келген шетелдік туристердің шығындары $2,9 млрд құраған. Бұл ретте туристік салаға тартылған инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 33%-ға өсіп, 1,3 трлн теңгеге жеткен. Ал салық түсімдерінің көлемі 18%-ға ұлғайып, 630 млрд теңгені құрады. «Саланы одан әрі дамыту мақсатында осы жылдың наурыз айында заңнамалық түзетулер қабылданды. Атап айтқанда, туристік автобустар үшін "жасыл дәліз" тетігі енгізілуде. Бұл ұйымдастырылған туристік топтардың мемлекеттік шекарадан өту уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Визит-орталық ұғымы бекітіліп, олардың құрылуы мен жұмыс істеуіне қойылатын негізгі талаптар айқындалды. Туристік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілетін болады», — деп атап өтті Ербол Мырзабосынов. Жаңартылған заңнама аясында балалардың мен экологиялық демалысқа ерекше көңіл бөлінген. 18 жасқа дейінгі балалар үшін ұлттық саябақтарға кіру тегін. Бұл шара ішкі туризмнің қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ каникул кезеңінде өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24232

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Президенттің туристік саланы дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкіметте жазғы туристік маусымға дайындық мәселелері қаралуда 📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту мәселелері қаралады. «Туристік саланы дамыту мәселесі Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында. Президент Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте туризм инвестициялық тартымдылықтың өте маңызды бөлігі екенін атап өтті. Ол үшін жұрт жаз айларында ғана емес, жыл бойы демалатындай жағдай жасап, тиісті инфрақұрылымды дамыту қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Жиында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, экология және табиғи ресурстар министрі Нысанбаев, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, сондай-ақ «Kazakh Tourism Development» АҚ басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев және Қарағанды, Ақмола, Маңғыстау, Жетісу облыстарының әкімдері баяндама жасайды. ➖ Исполнение поручений Президента по развитию туристической отрасли: в Правительстве рассматривают готовность к летнему сезону 📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассматриваются вопросы развития туристической отрасли. «Вопросы развития туристической отрасли находятся на постоянном контроле Главы государства. На совещании по развитию города Алатау Президент отметил, что туризм тесно связан с привлечением инвестиций. Для этого в первую очередь необходимо развивать соответствующую инфраструктуру, чтобы люди могли отдыхать не только в летние месяцы, но и круглый год», — подчеркнул Олжас Бектенов. Заслушиваются доклады министров туризма и спорта Ербола Мырзабосынова, транспорта – Нурлана Сауранбаева, экологии и природных ресурсов – Ерлана Нысанбаева, внутренних дел – Ержана Саденова, по чрезвычайным ситуациям – Чингиса Аринова, а также председателя правления АО «Kazakh Tourism Development» Ержана Еркинбаева и руководителей Карагандинской, Акмолинской, Мангистауской областей и области Жетысу. 📱@KZgovernment



UKIMET » публикация №24230

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

📢📢 Қазақстан Үкіметінің отырысы (09.06.2026) Күн тәртібі — туризмді дамыту мәселелері. ➖ 📢📢 Заседание Правительства Казахстана (09.06.2026) Повестка заседания — вопросы развития туризма. 🎞 (Каз) —https://www.youtube.com/watch?v=fQDIKsYnIj0 🎞 (Рус) — https://www.youtube.com/watch?v=x9x27hv0wW8 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24229

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті 📌ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын кешенді жүзеге асыру мәселесіне арналған кеңес өтті. Жиынға оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Мәдениет және ақпарат, Ұлттық экономика, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің өкілдері қатысты. Өз кезегінде ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова студент жастар арасында кітап оқу мәдениетін ілгерілету тәсілдері туралы айтты. Бұл бағытта жоғары оқу орындары кітапханаларын дамыту және студенттік оқырман клубтарының жұмысын жандандыру мәселелері қамтылған. Кеңес қорытындысы бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігіне салалық әдебиеттермен қамтамасыз ету деңгейіне талдау жүргізу, сондай-ақ педагог кадрларды даярлауда қолданылатын оқу әдебиеттерінің мазмұнын зерделеу тапсырылды. Қорғаныс және Ішкі істер министрліктеріне қарасты ұйымдардың кітапхана қорларын зерттеу және талдау мәселесіне де ерекше назар аудару қажет. Әскери бөлімдер мен ведомстволық мекемелерді заманауи, мазмұнды әрі кәсіби әдебиеттермен қамтамасыз ету маңызды. Талдау нәтижесінде нақты қажеттіліктер айқындалып, кітапхана қорларын толықтыру және жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірленуі тиіс. ➖ Правительство приступило к комплексной реализации плана по развитию культуры чтения и формированию читающей нации 📌Под председательством заместителя Премьер-министра – Министра культуры и информации Аиды Балаевой состоялось совещание по комплексной реализации Указа Президента Республики Казахстан «О мерах по развитию культуры чтения и формированию читающей нации». В работе приняли участие министр просвещения Жулдыз Сулейменова, представители министерств культуры и информации, национальной экономики, искусственного интеллекта и развития инноваций, науки и высшего образования, обороны и внутренних дел. По итогам министерству науки и высшего образования поручено провести анализ обеспеченности отраслевой литературой, а также изучить содержание учебной литературы, используемой при подготовке педагогических кадров. Отдельное внимание следует уделить изучению и анализу библиотечных фондов организаций Министерств обороны и внутренних дел. Особое значение имеют вопросы обеспечения воинских частей и ведомственных учреждений современной, содержательной и профессиональной литературой. По итогам анализа необходимо определить потребности и подготовить предложения по дальнейшему пополнению и обновлению библиотечных фондов. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24225

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 17-ші отырысында ЕТҚ-ға салық төлеу сервисі таныстырылды 📌 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсесінің 17-ші отырысында Мемлекеттік кірістер комитетінің Салық төлеуші кабинетіндегі жаңа сервистің жобасы таныстырылды. Ол еңбекақы төлеу қорынан есеп айырысу мен міндетті төлемді жұмыс берушінің бір рет қолмен басу арқылы орындауына мүмкіндік береді. Еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен әлеуметтік төлем тетігін жеңілдету мәселесін кәсіпкерлер мен бухгалтерлік қауымдастық бірнеше рет көтеріп, ол бұрын Жобалық кеңсе алаңында қарастырылған болатын. Бүгінгі таңда жұмыс берушілер жұмысшыларға арнап, шамамен 7-8 түрлі әлеуметтік төлемді жүзеге асырады. Олардың әрқайсысы жеке әдістемемен есептеледі. Жаңа сервис қолданыстағы жеңілдіктер мен қызметкерлердің жекелеген санатының ерекшелігін ескере отырып, барлық қажетті төлемді автоматты түрде есептеуге, сондай-ақ төлем құжатын банкке жіберуге мүмкіндік береді. ➖ На заседании Проектного офиса внедрения Налогового кодекса презентовали сервис уплаты налогов на ФОТ в один клик 📌 На заседании Проектного офиса внедрения Налогового кодекса, прошедшем под председательством заместителя Премьер-министра – министра национальной экономики Серика Жумангарина, Комитет государственных доходов презентовал проект нового сервиса в Кабинете налогоплательщика, который позволит работодателям производить расчеты и уплату обязательных платежей с фонда оплаты труда в одно нажатие. Вопрос упрощения механизма уплаты налогов и социальных платежей с фонда оплаты труда неоднократно поднимался предпринимателями и бухгалтерским сообществом и ранее рассматривался на площадке Проектного офиса. Сегодня работодатели осуществляют порядка 7-8 различных социальных платежей за работников, каждый из которых рассчитывается по отдельной методике. Новый сервис позволит автоматически рассчитывать все необходимые платежи с учетом действующих льгот и особенностей отдельных категорий работников, а также формировать и направлять платежные документы в банк. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24224

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🟢АҢДАТПА 📍Сейсенбі, 9 маусым күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібі — туризмді дамыту мәселелері. Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына: ⚫️туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов; ⚫️ экология вице-министрі Нұркен Шәрбиев; ⚫️ Kazakh Tourism Development бас атқарушы директоры Ержан Еркінбаев;. ⚫️ KazakhTourism басқарма төрағасы Талғат Ғазизов қатысады. БАҚ өкілдерін аккредиттеу 8 маусым, сағат 18:30-ға дейін жалғасады (электронды пошта: press.ukimet@mail.kz). 📢📢 Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді. ➖ 🟢АНОНС 📍 Во вторник, 9 июня, в 10:00 часов в Үкімет үйі состоится заседание Правительства. Повестка заседания — вопросы развития туризма. По итогам заседания состоится пресс-конференция. Спикеры: ⚫️ министр туризма и спорта Ербол Мырзабосынов; ⚫️ вице-министр экологии Нуркен Шарбиев; ⚫️ главный исполнительный директор Kazakh Tourism Development Ержан Еркинбаев; ⚫️ председатель правления KazakhTourism Талгат Газизов. Аккредитация представителей СМИ продлится до 18:30 часов 8 июня (адрес электронной почты press.ukimet@mail.kz). 📢📢 Заседание Правительства будет транслироваться в режиме онлайн на сайте PrimeMinister.kz, официальном YouTube-канале, в социальной сети Facebook, на Telegram-канале UKIMET. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24223

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қайта өңдеу саласын дамыту: Астанада жылына 18 мың тонна өнім өндіретін ет комбинаты іске қосылады Үкімет пен Астана қаласының әкімдігі Мемлекет басшысы қойған ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту және жоғары қосылған құны бар өнім өндіру жөніндегі міндеттерді орындау бағытындағы жұмысты жалғастыруда. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – елордада заманауи «Астана ЕТКОМ» ЖШС ет өңдеу комбинатын іске қосу. Кәсіпорын Астананың индустриялық паркінің аумағында орналасқан. «Астана ЕТКОМ» ЖШС құрылтайшысы Фархад Мадалиевтің айтуынша, жоба отандық шикізатты терең өңдеуді дамытуға, ет өнімдері өндірісін ұлғайтуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Жобаның жалпы құны 8 млрд теңгені құрайды. Қаржыландыру кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясындағы несиелік қаражаттар және инвесторлардың жеке қаражаттары есебінен қамтамасыз етілген. Кәсіпорынды пайдалануға беру 2026 жылдың II тоқсанына жоспарланған. Өндірістік қуаттылығы тәулігіне 50 тоннаға дейін дайын өнім шығаруға немесе жылына шамамен 18 мың тонна өнім өндіруге мүмкіндік береді. Негізгі өнім түрлеріне шұжық өнімдері, ет деликатестері, жартылай фабрикаттар және салқындатылған өнімдер кіреді.Кәсіпорын тек ішкі нарыққа ғана емес, экспортқа да бағытталған. Шикізаттың негізгі жеткізушілері қатарында «Айтас» АҚ, «KazBeef» ЖШС және өзгеде өңірлердегі фермерлік шаруашылықтар бар. ➖ Развитие переработки по поручению Главы государства: в Астане запустят мясокомбинат мощностью 18 тыс. тонн продукции в год Правительством и акиматом города Астаны продолжается работа в соответствии с поставленными Главой государства задачами по развитию переработки сельхозпродукции и выпуску продукции с высокой добавленной стоимостью. Важным шагом в данном направлении станет запуск в столице современного мясоперерабатывающего комбината ТОО «Астана ЕТКОМ». Предприятие расположено на территории Индустриального парка столицы. Как отметил учредитель ТОО «Астана ЕТКОМ» Фархад Мадалиев, проект направлен на развитие глубокой переработки отечественного сырья, увеличение выпуска мясной продукции и укрепление продовольственной безопасности страны. Общая стоимость составляет 8 млрд тенге. Финансирование обеспечено за счет кредитных средств в рамках государственных программ поддержки предпринимательства и собственных средств инвесторов. Ввод в эксплуатацию запланирован на II квартал 2026 года. Производственные мощности позволяют выпускать до 50 тонн готовой продукции в сутки, или порядка 18 тыс. тонн в год. Основной ассортимент включает колбасные изделия, мясные деликатесы, полуфабрикаты и охлажденную продукцию. Предприятие ориентировано не только на внутренний рынок, но и на экспорт. Основными поставщиками сырья станут отечественные производители, включая АО «Айтас», ТОО «KazBeef», а также фермерские хозяйства из регионов Казахстана. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24222

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Президент тапсырмасы аясында қайта өңдеу саласын дамыту: Астанада заманауи сүт өңдеу зауыты іске қосылады Астанада «RnR Group» ЖШС өндірістік алаңында сүт өңдеу зауытын іске қосуға дайындық жұмыстары аяқталуда. Кәсіпорын елордалық нарық үшін сүт, айран, қаймақ, йогурт және басқа да сүт өнімдерін өндіруге бағытталған. Жоба Үкімет пен елорда әкімдігінің Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қайта өңдеу қуаттарын арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықтағы отандық өнім үлесін көбейту жөніндегі кешенді жұмысының жалғасы болып саналады. «RnR Group» ЖШС директоры Виталий Долженконың айтуынша, жобаның жалпы құны 6 млрд теңгені құрайды. Зауыт 2026 жылы пайдалануға берілді, алғашқы өнім шығару тамыз айына жоспарланған. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдеуді және көлемді одан әрі ұлғайту мүмкіндігін қарастырады, сондай-ақ 350 түрлі өнім шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорында өндірілетін барлық сүт өнімдері Астана қаласы мен оған жақын өңірлерде өткізілетін болады. ➖ Развитие переработки в рамках поручения Президента: в Астане будет запущен современный молокоперерабатывающий завод В Астане на производственной площадке ТОО «RnR Group» завершается подготовка к запуску молокоперерабатывающего завода. Предприятие ориентировано на выпуск молока, кефира, сметаны, йогуртов и другой молочной продукции для столичного рынка. Проект является продолжением комплексной работы Правительства и акимата столицы по поручению Главы государства по наращиванию перерабатывающих мощностей, обеспечению продовольственной безопасности и увеличению доли отечественной продукции на внутреннем рынке. Директор ТОО «RnR Group» Виталий Долженко отметил, что общая стоимость проекта составляет 6 млрд тенге. Завод введен в эксплуатацию в 2026 году, первый выпуск продукции запланирован на август. Производственная мощность предприятия предусматривает переработку до 100 тонн молока в сутки, с возможностью дальнейшего увеличения объемов, и выпуск 350 видов продукции. Вся молочная продукция, выпущенная предприятии, будет реализовываться в Астане и близлежащих регионах. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24221

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Астанада құны 15 млрд теңге болатын жаңа логистикалық орталық ашылды Астанада көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында құны 15 млрд теңге болатын жаңа логистикалық орталық іске қосылды. Жоба елорда мен Қазақстанның солтүстік өңірлері үшін халық тұтынатын тауарларды сақтауды, өңдеуді және бөлуді қамтамасыз етеді. «Көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны» АҚ президенті Константин Ли жер учаскесінің ауданы 5 га, құрылыстың жалпы ауданы 22 мың шаршы метр, пайдалы алаңы 30 мың шаршы метр екенін атап өтті. 200-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылған. Сондай-ақ, осы логистикалық орталықтан басқа біз Ақтөбеде логистикалық орталық салдық. Сондай-ақ Алматы мен Шымкентте салынды. Яғни, біз бүкіл Қазақстан бойынша логистикалық инфрақұрылымды дамытып жатырмыз», — деп атап өтті Константин Ли. ➖ Новый логистический центр стоимостью 15 млрд тенге открылся в Астане В Астане запущен новый логистический центр стоимостью 15 млрд тенге в рамках реализации поручений Главы государства по развитию транспортно-логистической инфраструктуры. Проект обеспечит хранение, обработку и распределение товаров народного потребления для столицы и северных регионов Казахстана. Президент АО «Оптово-Розничное предприятие торговли» Константин Ли отметил, что площадь земельного участка составляет 5 га, общая площадь застройки – 22 тыс. м2, полезная площадь – 30 тыс. м2. Создано более 200 постоянных рабочих мест. «В рамках поручений Главы государства по развитию логистической инфраструктуры Казахстана мы построили данный проект. Преимущество данного логистического центра – Мы покрываем северный, центральный и восточный регионы Казахстана. Мы с этим посылом и строили логистический центр, что удобная логистика в Россию. Также помимо этого логистического центра мы построили логистический центр в Актобе. Также построили в Алматы и Шымкенте. Шымкент у нас уходит в Узбекистан. То есть мы развиваем логистическую инфраструктуру по всему Казахстана», — отметил Константин Ли. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24220

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Отандық әзірлемелерді коммерцияландыру: Астанада кардиохирургия және ағзаларды трансплантациялау үшін медициналық бұйымдар өндіретін зауыт пайдалануға берілді 2026 жылғы мамырда Астанада «Heart Center Foundation» қоғамдық қорының пластикалық медициналық бұйымдар…


UKIMET » публикация №24219

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Отандық әзірлемелерді коммерцияландыру: Астанада кардиохирургия және ағзаларды трансплантациялау үшін медициналық бұйымдар өндіретін зауыт пайдалануға берілді 2026 жылғы мамырда Астанада «Heart Center Foundation» қоғамдық қорының пластикалық медициналық бұйымдар өндіретін зауыты іске қосылды. Өнім шығару тамыз айына жоспарланған. Жоба Мемлекет басшысының жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және отандық ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асырудың нәтижесі. UMC қорының басқарма төрағасы Юрий Пяның айтуынша, кәсіпорын ALEM (Astana Life Ex-situ Machine) медициналық жабдығын шығаруға бағытталған. Бұл – донорлық ағзаларды ұзақ уақыт сақтауға, емдеуге және тасымалдауға арналған қазақстандық инновациялық медициналық аппарат. Сонымен қатар кәсіпорында реанимация, хирургия және денсаулық сақтау саласының басқа бағыттарына арналған шығыс материалдары, биоматериал алуға арналған контейнерлер, дренаждық құрылғылар және өзге де медициналық бұйымдар өндіріледі. «Heart Center Foundation» қоғамдық қорының директоры Мұрат Зауыровтың мәліметінше, өнім өткізудің негізгі нарығы Қазақстан мен ТМД елдеріне бағытталған. Жобаның жалпы құны 4,1 млрд теңгені құрайды, қаржыландыру қайырымдылық көмек есебінен қамтамасыз етілген. Кәсіпорында 30-дан астам жұмыс орны ашылды. ➖ Коммерциализация отечественных разработок: в Астане ввели в эксплуатацию завод по производству медизделий для кардиохирургии и трансплантации органов В Астане в мае 2026 года запущен завод по производству пластиковых медицинских изделий ОФ «Heart Center Foundation». Выпуск продукции запланирован на август. Проект стал результатом реализации поручений Главы государства по развитию высокотехнологичных производств и коммерциализации отечественных научных разработок. Председатель правления фонда UMC Юрий Пя отметил, что предприятие ориентировано на выпуск медицинского оборудования ALEM (Astana Life Ex-situ Machine, инновационный медицинский аппарат казахстанской разработки, предназначенный для длительного сохранения, лечения и транспортировки донорских органов), а также расходных материалов для реанимации, хирургии и др. направлений здравоохранения, контейнеров для отбора биоматериала, дренажных устройств и других медицинских изделий. Директор ОФ «Heart Center Foundation» Мурат Зауыров отметил, что основной рынок сбыта ориентирован на Казахстан и страны СНГ. Общая стоимость проекта составляет 4,1 млрд тенге, финансирование обеспечено за счет благотворительной помощи. На предприятии создано более 30 рабочих мест. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24218

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Реализация поручений Главы государства: вклад МСБ в экономику Астаны достиг 66% В рамках исполнения поручений Президента по диверсификации экономики в Астане сохраняются высокие темпы развития предпринимательства и промышленности. Руководитель управления…


UKIMET » публикация №24215

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру: ШОБ-тың Астана экономикасына қосқан үлесі 66%-ға жетті Президенттің экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Астанада кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамытудың жоғары қарқыны сақталуда.…


UKIMET » публикация №24212

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру: ШОБ-тың Астана экономикасына қосқан үлесі 66%-ға жетті Президенттің экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Астанада кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамытудың жоғары қарқыны сақталуда. Астана әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов логистика мен қоймаға сақтауға барлық инвестициялардың 38,8%-ы салынғанын, ал өнеркәсіптің өсуі – 7,6% болғанын хабарлады. Қалада 560 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отырған 246 мың ШОБ субъектісі жұмыс істейді. ШОБ-тың елорда экономикасына қосқан үлесі 66%-ға жетті, бұл ретте секторда қаланың экономикалық белсенді халқының шамамен 76%-ы жұмыс істейді. «Жоғары динамиканы көрсетіп отырған негізгі жетекші салалар – логистика, өнеркәсіп және дәстүрлі түрде құрылыс саласы. Бүгінгі таңда шағын және орта бизнес субъектілері жалпы өңірлік өнімінің шамамен 66%-ына үлес қосуда», — деп атап өтті Халел Әкімжанов. 2026 жылы Астанада 1,4 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 68,4 млрд теңгеге 26 өнеркәсіптік жобаны іске қосу жоспарлануда. Қазірдің өзінде құны 32,1 млрд теңге болатын 8 жоба 500 жұмыс орнын қамтамасыз етті. Жыл соңына дейін 36,3 млрд теңгеге тағы 18 жоба іске қосылады деп күтілуде, бұл қосымша 956 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24211

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

На заводе ОФ «Heart Center Foundation» Олжас Бектенов ознакомился с запуском производства пластиковых изделий медицинского назначения и технологическим оснащением предприятия. Проект находится на завершающем этапе. Ввод завода в эксплуатацию осуществлен в…


Архив UKIMET — страница 20

Это 20-я страница архива публикаций источника UKIMET. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.