UKIMET » публикация №24225
Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 17-ші отырысында ЕТҚ-ға салық төлеу сервисі таныстырылды 📌 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсесінің 17-ші отырысында Мемлекеттік кірістер комитетінің Салық төлеуші кабинетіндегі жаңа сервистің жобасы таныстырылды. Ол еңбекақы төлеу қорынан есеп айырысу мен міндетті төлемді жұмыс берушінің бір рет қолмен басу арқылы орындауына мүмкіндік береді. Еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен әлеуметтік төлем тетігін жеңілдету мәселесін кәсіпкерлер мен бухгалтерлік қауымдастық бірнеше рет көтеріп, ол бұрын Жобалық кеңсе алаңында қарастырылған болатын. Бүгінгі таңда жұмыс берушілер жұмысшыларға арнап, шамамен 7-8 түрлі әлеуметтік төлемді жүзеге асырады. Олардың әрқайсысы жеке әдістемемен есептеледі. Жаңа сервис қолданыстағы жеңілдіктер мен қызметкерлердің жекелеген санатының ерекшелігін ескере отырып, барлық қажетті төлемді автоматты түрде есептеуге, сондай-ақ төлем құжатын банкке жіберуге мүмкіндік береді. ➖ На заседании Проектного офиса внедрения Налогового кодекса презентовали сервис уплаты налогов на ФОТ в один клик 📌 На заседании Проектного офиса внедрения Налогового кодекса, прошедшем под председательством заместителя Премьер-министра – министра национальной экономики Серика Жумангарина, Комитет государственных доходов презентовал проект нового сервиса в Кабинете налогоплательщика, который позволит работодателям производить расчеты и уплату обязательных платежей с фонда оплаты труда в одно нажатие. Вопрос упрощения механизма уплаты налогов и социальных платежей с фонда оплаты труда неоднократно поднимался предпринимателями и бухгалтерским сообществом и ранее рассматривался на площадке Проектного офиса. Сегодня работодатели осуществляют порядка 7-8 различных социальных платежей за работников, каждый из которых рассчитывается по отдельной методике. Новый сервис позволит автоматически рассчитывать все необходимые платежи с учетом действующих льгот и особенностей отдельных категорий работников, а также формировать и направлять платежные документы в банк. 📱 @KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























