🎤БАҚ өкілдеріне арналған «Парасат» байқауына қатысуға өтінім қабылдау жалғасуда. Материалдарыңызды 10 маусымға дейін жолдап үлгеріңіз. Толық ақпарат Сенаттың ресми сайтында жарияланған _____ 🎤Продолжается прием заявок на участие в конкурсе для СМИ "Парасат". Успейте прислать материалы до 10 июня. Подробная информация - на официальном сайте Сената 🚀@senate_kz
🔹 Қазақстан мен Кувейт қаржылық ынтымақтастық пен инвестициялық өзара іс-қимылдың жаңа перспективаларын ашуда 🔸 Казахстан и Кувейт открывают новые перспективы финансового сотрудничества и инвестиционного взаимодействия 🔹 Kazakhstan and Kuwait Open New Prospects for Financial Cooperation and Investment Partnership @PressMFAKZ
🔹 Қазақстан мен Сауд Арабиясы аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 🔸 Казахстан и Саудовская Аравия укрепляют сотрудничество в сфере критически важных минералов 🔹 Kazakhstan and Saudi Arabia Strengthen Cooperation in Critical Minerals @PressMFAKZ
Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті 📌ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын кешенді жүзеге асыру мәселесіне арналған кеңес өтті. Жиынға оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Мәдениет және ақпарат, Ұлттық экономика, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің өкілдері қатысты. Өз кезегінде ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова студент жастар арасында кітап оқу мәдениетін ілгерілету тәсілдері туралы айтты. Бұл бағытта жоғары оқу орындары кітапханаларын дамыту және студенттік оқырман клубтарының жұмысын жандандыру мәселелері қамтылған. Кеңес қорытындысы бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігіне салалық әдебиеттермен қамтамасыз ету деңгейіне талдау жүргізу, сондай-ақ педагог кадрларды даярлауда қолданылатын оқу әдебиеттерінің мазмұнын зерделеу тапсырылды. Қорғаныс және Ішкі істер министрліктеріне қарасты ұйымдардың кітапхана қорларын зерттеу және талдау мәселесіне де ерекше назар аудару қажет. Әскери бөлімдер мен ведомстволық мекемелерді заманауи, мазмұнды әрі кәсіби әдебиеттермен қамтамасыз ету маңызды. Талдау нәтижесінде нақты қажеттіліктер айқындалып, кітапхана қорларын толықтыру және жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірленуі тиіс. ➖ Правительство приступило к комплексной реализации плана по развитию культуры чтения и формированию читающей нации 📌Под председательством заместителя Премьер-министра – Министра культуры и информации Аиды Балаевой состоялось совещание по комплексной реализации Указа Президента Республики Казахстан «О мерах по развитию культуры чтения и формированию читающей нации». В работе приняли участие министр просвещения Жулдыз Сулейменова, представители министерств культуры и информации, национальной экономики, искусственного интеллекта и развития инноваций, науки и высшего образования, обороны и внутренних дел. По итогам министерству науки и высшего образования поручено провести анализ обеспеченности отраслевой литературой, а также изучить содержание учебной литературы, используемой при подготовке педагогических кадров. Отдельное внимание следует уделить изучению и анализу библиотечных фондов организаций Министерств обороны и внутренних дел. Особое значение имеют вопросы обеспечения воинских частей и ведомственных учреждений современной, содержательной и профессиональной литературой. По итогам анализа необходимо определить потребности и подготовить предложения по дальнейшему пополнению и обновлению библиотечных фондов. 📱 @KZgovernment
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері талқыланды. Отырыс барысында бюджет қаржысын тиімді пайдалану, мемлекеттік шығыстарды жоспарлау сапасын арттыру және аудит нәтижелері қаралды. Сенаторлар бюджет ресурстарын ұтымды басқару мен анықталған кемшіліктерді жою мәселелеріне назар аударды. Талқылау қорытындысы бойынша Комитет Үкіметтің есебін және Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысын Сенаттың қарауына енгізу туралы шешім қабылдады. 🚀@senate_kz
Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 17-ші отырысында ЕТҚ-ға салық төлеу сервисі таныстырылды 📌 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсесінің 17-ші отырысында Мемлекеттік кірістер комитетінің Салық төлеуші кабинетіндегі жаңа сервистің жобасы таныстырылды. Ол еңбекақы төлеу қорынан есеп айырысу мен міндетті төлемді жұмыс берушінің бір рет қолмен басу арқылы орындауына мүмкіндік береді. Еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен әлеуметтік төлем тетігін жеңілдету мәселесін кәсіпкерлер мен бухгалтерлік қауымдастық бірнеше рет көтеріп, ол бұрын Жобалық кеңсе алаңында қарастырылған болатын. Бүгінгі таңда жұмыс берушілер жұмысшыларға арнап, шамамен 7-8 түрлі әлеуметтік төлемді жүзеге асырады. Олардың әрқайсысы жеке әдістемемен есептеледі. Жаңа сервис қолданыстағы жеңілдіктер мен қызметкерлердің жекелеген санатының ерекшелігін ескере отырып, барлық қажетті төлемді автоматты түрде есептеуге, сондай-ақ төлем құжатын банкке жіберуге мүмкіндік береді. ➖ На заседании Проектного офиса внедрения Налогового кодекса презентовали сервис уплаты налогов на ФОТ в один клик 📌 На заседании Проектного офиса внедрения Налогового кодекса, прошедшем под председательством заместителя Премьер-министра – министра национальной экономики Серика Жумангарина, Комитет государственных доходов презентовал проект нового сервиса в Кабинете налогоплательщика, который позволит работодателям производить расчеты и уплату обязательных платежей с фонда оплаты труда в одно нажатие. Вопрос упрощения механизма уплаты налогов и социальных платежей с фонда оплаты труда неоднократно поднимался предпринимателями и бухгалтерским сообществом и ранее рассматривался на площадке Проектного офиса. Сегодня работодатели осуществляют порядка 7-8 различных социальных платежей за работников, каждый из которых рассчитывается по отдельной методике. Новый сервис позволит автоматически рассчитывать все необходимые платежи с учетом действующих льгот и особенностей отдельных категорий работников, а также формировать и направлять платежные документы в банк. 📱 @KZgovernment
Ақтауда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бастамасымен ұйымдастырылған «Senat Open – 2026» III ашық шахмат кубогының жартылай финалдық кезеңі өтті. 🙂Жарыстың ашылу рәсіміне Сенат депутаты Бекбол Орынбасаров қатысып, Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтауын жеткізді. Сенатор шахматтың зияткерлік әлеуетті дамытудағы маңызына тоқталып, турнирдің білім мәдениетін нығайтуға және бұқаралық спортты дамытуға үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Биыл жарыстың іріктеу кезеңдеріне еліміздің барлық өңірінен 1100-ден астам әуесқой шахматшы қатысты. Ақтауда өткен жартылай финалда Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының үздік ойыншылары бақ сынап, жеңімпаздар Астанада өтетін «Senat Open – 2026» гранд-финалына жолдама алды. 🚀@senate_kz
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіруге бағытталған заң қаралды. Құжатта шетелдегі әскери өкілдіктердің құқықтық мәртебесін айқындау, әскери қызметшілерді іріктеудің цифрлық рейтинг жүйесін енгізу және олардың әлеуметтік қорғалуын күшейту мәселелері қамтылған. Сондай-ақ әскери қызметшілерге қосымша кепілдіктер беру мен әлеуметтік қолдау шараларын кеңейтуге қатысты нормалар талқыланды. 🚀@senate_kz
🙂Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі ретінде Армения Республикасының Ұлттық жиналысына сайлауды бақылау миссиясына қатысты. Сапар аясында Жақып Асанов Армения Парламентінің Төрағасы Ален Симонянмен, Сыртқы істер министрінің орынбасары Роберт Абисогомонянмен және Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ваагн Овакимянмен кездесіп, сайлауалды науқанның барысы мен сайлау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Сонымен қатар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан халықаралық байқаушылар тобы Армения Республикасының Ұлттық жиналысына сайлау өткізу мониторингін жүзеге асыру мақсатында Ереванда жұмыс істеді. Дауыс беру күні миссия мүшелері сайлау учаскелерінің ашылуын, дауыс беру барысын және дауыстарды санау рәсімдерін бақылап, мониторингті саяси бейтараптық пен объективтілік қағидаттарына сәйкес жүргізді. 🚀@senate_kz
🟢АҢДАТПА 📍Сейсенбі, 9 маусым күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібі — туризмді дамыту мәселелері. Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына: ⚫️туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов; ⚫️ экология вице-министрі Нұркен Шәрбиев; ⚫️ Kazakh Tourism Development бас атқарушы директоры Ержан Еркінбаев;. ⚫️ KazakhTourism басқарма төрағасы Талғат Ғазизов қатысады. БАҚ өкілдерін аккредиттеу 8 маусым, сағат 18:30-ға дейін жалғасады (электронды пошта: press.ukimet@mail.kz). 📢📢 Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді. ➖ 🟢АНОНС 📍 Во вторник, 9 июня, в 10:00 часов в Үкімет үйі состоится заседание Правительства. Повестка заседания — вопросы развития туризма. По итогам заседания состоится пресс-конференция. Спикеры: ⚫️ министр туризма и спорта Ербол Мырзабосынов; ⚫️ вице-министр экологии Нуркен Шарбиев; ⚫️ главный исполнительный директор Kazakh Tourism Development Ержан Еркинбаев; ⚫️ председатель правления KazakhTourism Талгат Газизов. Аккредитация представителей СМИ продлится до 18:30 часов 8 июня (адрес электронной почты press.ukimet@mail.kz). 📢📢 Заседание Правительства будет транслироваться в режиме онлайн на сайте PrimeMinister.kz, официальном YouTube-канале, в социальной сети Facebook, на Telegram-канале UKIMET. 📱@KZgovernment
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қайта өңдеу саласын дамыту: Астанада жылына 18 мың тонна өнім өндіретін ет комбинаты іске қосылады Үкімет пен Астана қаласының әкімдігі Мемлекет басшысы қойған ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту және жоғары қосылған құны бар өнім өндіру жөніндегі міндеттерді орындау бағытындағы жұмысты жалғастыруда. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – елордада заманауи «Астана ЕТКОМ» ЖШС ет өңдеу комбинатын іске қосу. Кәсіпорын Астананың индустриялық паркінің аумағында орналасқан. «Астана ЕТКОМ» ЖШС құрылтайшысы Фархад Мадалиевтің айтуынша, жоба отандық шикізатты терең өңдеуді дамытуға, ет өнімдері өндірісін ұлғайтуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Жобаның жалпы құны 8 млрд теңгені құрайды. Қаржыландыру кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясындағы несиелік қаражаттар және инвесторлардың жеке қаражаттары есебінен қамтамасыз етілген. Кәсіпорынды пайдалануға беру 2026 жылдың II тоқсанына жоспарланған. Өндірістік қуаттылығы тәулігіне 50 тоннаға дейін дайын өнім шығаруға немесе жылына шамамен 18 мың тонна өнім өндіруге мүмкіндік береді. Негізгі өнім түрлеріне шұжық өнімдері, ет деликатестері, жартылай фабрикаттар және салқындатылған өнімдер кіреді.Кәсіпорын тек ішкі нарыққа ғана емес, экспортқа да бағытталған. Шикізаттың негізгі жеткізушілері қатарында «Айтас» АҚ, «KazBeef» ЖШС және өзгеде өңірлердегі фермерлік шаруашылықтар бар. ➖ Развитие переработки по поручению Главы государства: в Астане запустят мясокомбинат мощностью 18 тыс. тонн продукции в год Правительством и акиматом города Астаны продолжается работа в соответствии с поставленными Главой государства задачами по развитию переработки сельхозпродукции и выпуску продукции с высокой добавленной стоимостью. Важным шагом в данном направлении станет запуск в столице современного мясоперерабатывающего комбината ТОО «Астана ЕТКОМ». Предприятие расположено на территории Индустриального парка столицы. Как отметил учредитель ТОО «Астана ЕТКОМ» Фархад Мадалиев, проект направлен на развитие глубокой переработки отечественного сырья, увеличение выпуска мясной продукции и укрепление продовольственной безопасности страны. Общая стоимость составляет 8 млрд тенге. Финансирование обеспечено за счет кредитных средств в рамках государственных программ поддержки предпринимательства и собственных средств инвесторов. Ввод в эксплуатацию запланирован на II квартал 2026 года. Производственные мощности позволяют выпускать до 50 тонн готовой продукции в сутки, или порядка 18 тыс. тонн в год. Основной ассортимент включает колбасные изделия, мясные деликатесы, полуфабрикаты и охлажденную продукцию. Предприятие ориентировано не только на внутренний рынок, но и на экспорт. Основными поставщиками сырья станут отечественные производители, включая АО «Айтас», ТОО «KazBeef», а также фермерские хозяйства из регионов Казахстана. 📱 @KZgovernment
Президент тапсырмасы аясында қайта өңдеу саласын дамыту: Астанада заманауи сүт өңдеу зауыты іске қосылады Астанада «RnR Group» ЖШС өндірістік алаңында сүт өңдеу зауытын іске қосуға дайындық жұмыстары аяқталуда. Кәсіпорын елордалық нарық үшін сүт, айран, қаймақ, йогурт және басқа да сүт өнімдерін өндіруге бағытталған. Жоба Үкімет пен елорда әкімдігінің Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қайта өңдеу қуаттарын арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықтағы отандық өнім үлесін көбейту жөніндегі кешенді жұмысының жалғасы болып саналады. «RnR Group» ЖШС директоры Виталий Долженконың айтуынша, жобаның жалпы құны 6 млрд теңгені құрайды. Зауыт 2026 жылы пайдалануға берілді, алғашқы өнім шығару тамыз айына жоспарланған. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдеуді және көлемді одан әрі ұлғайту мүмкіндігін қарастырады, сондай-ақ 350 түрлі өнім шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорында өндірілетін барлық сүт өнімдері Астана қаласы мен оған жақын өңірлерде өткізілетін болады. ➖ Развитие переработки в рамках поручения Президента: в Астане будет запущен современный молокоперерабатывающий завод В Астане на производственной площадке ТОО «RnR Group» завершается подготовка к запуску молокоперерабатывающего завода. Предприятие ориентировано на выпуск молока, кефира, сметаны, йогуртов и другой молочной продукции для столичного рынка. Проект является продолжением комплексной работы Правительства и акимата столицы по поручению Главы государства по наращиванию перерабатывающих мощностей, обеспечению продовольственной безопасности и увеличению доли отечественной продукции на внутреннем рынке. Директор ТОО «RnR Group» Виталий Долженко отметил, что общая стоимость проекта составляет 6 млрд тенге. Завод введен в эксплуатацию в 2026 году, первый выпуск продукции запланирован на август. Производственная мощность предприятия предусматривает переработку до 100 тонн молока в сутки, с возможностью дальнейшего увеличения объемов, и выпуск 350 видов продукции. Вся молочная продукция, выпущенная предприятии, будет реализовываться в Астане и близлежащих регионах. 📱@KZgovernment
Астанада құны 15 млрд теңге болатын жаңа логистикалық орталық ашылды Астанада көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында құны 15 млрд теңге болатын жаңа логистикалық орталық іске қосылды. Жоба елорда мен Қазақстанның солтүстік өңірлері үшін халық тұтынатын тауарларды сақтауды, өңдеуді және бөлуді қамтамасыз етеді. «Көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны» АҚ президенті Константин Ли жер учаскесінің ауданы 5 га, құрылыстың жалпы ауданы 22 мың шаршы метр, пайдалы алаңы 30 мың шаршы метр екенін атап өтті. 200-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылған. Сондай-ақ, осы логистикалық орталықтан басқа біз Ақтөбеде логистикалық орталық салдық. Сондай-ақ Алматы мен Шымкентте салынды. Яғни, біз бүкіл Қазақстан бойынша логистикалық инфрақұрылымды дамытып жатырмыз», — деп атап өтті Константин Ли. ➖ Новый логистический центр стоимостью 15 млрд тенге открылся в Астане В Астане запущен новый логистический центр стоимостью 15 млрд тенге в рамках реализации поручений Главы государства по развитию транспортно-логистической инфраструктуры. Проект обеспечит хранение, обработку и распределение товаров народного потребления для столицы и северных регионов Казахстана. Президент АО «Оптово-Розничное предприятие торговли» Константин Ли отметил, что площадь земельного участка составляет 5 га, общая площадь застройки – 22 тыс. м2, полезная площадь – 30 тыс. м2. Создано более 200 постоянных рабочих мест. «В рамках поручений Главы государства по развитию логистической инфраструктуры Казахстана мы построили данный проект. Преимущество данного логистического центра – Мы покрываем северный, центральный и восточный регионы Казахстана. Мы с этим посылом и строили логистический центр, что удобная логистика в Россию. Также помимо этого логистического центра мы построили логистический центр в Актобе. Также построили в Алматы и Шымкенте. Шымкент у нас уходит в Узбекистан. То есть мы развиваем логистическую инфраструктуру по всему Казахстана», — отметил Константин Ли. 📱 @KZgovernment
Отандық әзірлемелерді коммерцияландыру: Астанада кардиохирургия және ағзаларды трансплантациялау үшін медициналық бұйымдар өндіретін зауыт пайдалануға берілді 2026 жылғы мамырда Астанада «Heart Center Foundation» қоғамдық қорының пластикалық медициналық бұйымдар…
⚠️ 🌊 Абай облысында су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді Өңірде полиция қызметкерлері мен ТЖД құтқарушылары Ертіс өзенінің жағалауында бірлескен профилактикалық рейд жүргізді. Іс-шара барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, мас күйінде суға түсудің қауіптілігі ескертілді. Сондай-ақ азаматтарға балаларды қараусыз қалдырмау, тек арнайы жабдықталған жағажайларда демалу және белгіленген талаптарды сақтау қажеттігі айтылды. ✔️ Рейдтің негізгі мақсаты – жазатайым оқиғалардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. *** ⚠️ 🌊 Рейд по безопасности на водоемах проведен в области Абай В регионе сотрудники полиции совместно со спасателями департамента по чрезвычайным ситуациям провели профилактический рейд на берегу реки Иртыш. В ходе мероприятия отдыхающим разъяснили правила безопасности на воде и предупредили об опасности купания в состоянии алкогольного опьянения. Также гражданам напомнили о необходимости не оставлять детей без присмотра, отдыхать только на специально оборудованных пляжах и соблюдать установленные требования безопасности. ✔️ Основная цель рейда — профилактика несчастных случаев и формирование культуры безопасного поведения среди населения. 📱 POLISIA.KZ
🔴 Елордада есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды Астанада жүргізілген жедел іс-шаралар барысында есірткі заттарын сақтап, таратумен айналысты деген күдікпен ер адам ұсталды. Күдіктінің көлігін тексеру кезінде ішінен өзіне тән иісі бар сұрғылт-жасыл түсті зат салынған пакет, екі литрлік бөтелке және осындай зат толтырылған екі бес литрлік ыдыс табылған. Сондай-ақ электронды таразы тәркіленді. Сараптама нәтижесі бойынша алынған заттардың гашиш екені анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 7 келіден асады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция есірткі құралдарын заңсыз сақтау, тасымалдау және өткізу ауыр қылмыс екенін ескертеді. Қазіргі уақытта есірткі қылмыстарының жолын кесу бағытындағы жедел-профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🔴 Крупную партию гашиша изъяли у подозреваемого в столице В столице в ходе оперативной разработки установлен и задержан мужчина, подозреваемый в хранении и сбыте наркотиков. Автомобиль, принадлежащий подозреваемому, был остановлен. В ходе обыска в салоне автомобиля обнаружены пакет с веществом порошкообразной консистенции серо-зеленого цвета со специфическим запахом, двухлитровая бутылка с аналогичным веществом, а также две пятилитровые бутылки с веществом аналогичного характера. Согласно заключению экспертизы, изъятое является гашишем. Кроме того, обнаружены электронные весы. Все обнаруженное общим весом свыше 7 кг изъято. По данному факту возбуждено уголовное дело. Задержанный водворен в ИВС. Полиция напоминает, что хранение, перевозка и сбыт наркотических средств влекут уголовную ответственность. Работа по выявлению и пресечению наркопреступлений продолжается. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
Отандық әзірлемелерді коммерцияландыру: Астанада кардиохирургия және ағзаларды трансплантациялау үшін медициналық бұйымдар өндіретін зауыт пайдалануға берілді 2026 жылғы мамырда Астанада «Heart Center Foundation» қоғамдық қорының пластикалық медициналық бұйымдар өндіретін зауыты іске қосылды. Өнім шығару тамыз айына жоспарланған. Жоба Мемлекет басшысының жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және отандық ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асырудың нәтижесі. UMC қорының басқарма төрағасы Юрий Пяның айтуынша, кәсіпорын ALEM (Astana Life Ex-situ Machine) медициналық жабдығын шығаруға бағытталған. Бұл – донорлық ағзаларды ұзақ уақыт сақтауға, емдеуге және тасымалдауға арналған қазақстандық инновациялық медициналық аппарат. Сонымен қатар кәсіпорында реанимация, хирургия және денсаулық сақтау саласының басқа бағыттарына арналған шығыс материалдары, биоматериал алуға арналған контейнерлер, дренаждық құрылғылар және өзге де медициналық бұйымдар өндіріледі. «Heart Center Foundation» қоғамдық қорының директоры Мұрат Зауыровтың мәліметінше, өнім өткізудің негізгі нарығы Қазақстан мен ТМД елдеріне бағытталған. Жобаның жалпы құны 4,1 млрд теңгені құрайды, қаржыландыру қайырымдылық көмек есебінен қамтамасыз етілген. Кәсіпорында 30-дан астам жұмыс орны ашылды. ➖ Коммерциализация отечественных разработок: в Астане ввели в эксплуатацию завод по производству медизделий для кардиохирургии и трансплантации органов В Астане в мае 2026 года запущен завод по производству пластиковых медицинских изделий ОФ «Heart Center Foundation». Выпуск продукции запланирован на август. Проект стал результатом реализации поручений Главы государства по развитию высокотехнологичных производств и коммерциализации отечественных научных разработок. Председатель правления фонда UMC Юрий Пя отметил, что предприятие ориентировано на выпуск медицинского оборудования ALEM (Astana Life Ex-situ Machine, инновационный медицинский аппарат казахстанской разработки, предназначенный для длительного сохранения, лечения и транспортировки донорских органов), а также расходных материалов для реанимации, хирургии и др. направлений здравоохранения, контейнеров для отбора биоматериала, дренажных устройств и других медицинских изделий. Директор ОФ «Heart Center Foundation» Мурат Зауыров отметил, что основной рынок сбыта ориентирован на Казахстан и страны СНГ. Общая стоимость проекта составляет 4,1 млрд тенге, финансирование обеспечено за счет благотворительной помощи. На предприятии создано более 30 рабочих мест. 📱 @KZgovernment
Реализация поручений Главы государства: вклад МСБ в экономику Астаны достиг 66% В рамках исполнения поручений Президента по диверсификации экономики в Астане сохраняются высокие темпы развития предпринимательства и промышленности. Руководитель управления…
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру: ШОБ-тың Астана экономикасына қосқан үлесі 66%-ға жетті Президенттің экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Астанада кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамытудың жоғары қарқыны сақталуда.…
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру: ШОБ-тың Астана экономикасына қосқан үлесі 66%-ға жетті Президенттің экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Астанада кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамытудың жоғары қарқыны сақталуда. Астана әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов логистика мен қоймаға сақтауға барлық инвестициялардың 38,8%-ы салынғанын, ал өнеркәсіптің өсуі – 7,6% болғанын хабарлады. Қалада 560 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отырған 246 мың ШОБ субъектісі жұмыс істейді. ШОБ-тың елорда экономикасына қосқан үлесі 66%-ға жетті, бұл ретте секторда қаланың экономикалық белсенді халқының шамамен 76%-ы жұмыс істейді. «Жоғары динамиканы көрсетіп отырған негізгі жетекші салалар – логистика, өнеркәсіп және дәстүрлі түрде құрылыс саласы. Бүгінгі таңда шағын және орта бизнес субъектілері жалпы өңірлік өнімінің шамамен 66%-ына үлес қосуда», — деп атап өтті Халел Әкімжанов. 2026 жылы Астанада 1,4 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 68,4 млрд теңгеге 26 өнеркәсіптік жобаны іске қосу жоспарлануда. Қазірдің өзінде құны 32,1 млрд теңге болатын 8 жоба 500 жұмыс орнын қамтамасыз етті. Жыл соңына дейін 36,3 млрд теңгеге тағы 18 жоба іске қосылады деп күтілуде, бұл қосымша 956 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 📱 @KZgovernment
На заводе ОФ «Heart Center Foundation» Олжас Бектенов ознакомился с запуском производства пластиковых изделий медицинского назначения и технологическим оснащением предприятия. Проект находится на завершающем этапе. Ввод завода в эксплуатацию осуществлен в…
Олжас Бектенов проверил реализацию поручений Президента по развитию реального сектора 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов проверил исполнение поручений Президента по развитию промышленности, укреплению инфраструктуры и углублению переработки в АПК в рамках рабочей…
Олжас Бектенов Президенттің нақты секторды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді 📌Премьер-министр Астана қаласына жұмыс сапары аясында Президенттің өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды нығайту және АӨК-тегі қайта өңдеуді тереңдету жөніндегі…
🙂Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Әділетті Қазақстан құру жолында Мемлекет басшысының саяси бағыты төңірегіне топтасуға шақырды. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар елдің дамуына жаңа серпін беріп, Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ Палата Спикері қоғамдағы бірлік пен ынтымақ реформалардың табысты іске асуының басты кепілі екенін айтты. 🚀@senate_kz
«Heart Center Foundation» ҚҚ зауытында Олжас Бектенов медициналық мақсаттағы пластикалық бұйымдар өндірісінің іске қосылуымен және кәсіпорынның технологиялық жабдықталуымен танысты. Жобаның соңғы кезеңі жүзеге асырылуда. Зауыт 2026 жылдың мамыр айында пайдалануға…
Олжас Бектенов Президенттің нақты секторды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді 📌Премьер-министр Астана қаласына жұмыс сапары аясында Президенттің өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды нығайту және АӨК-тегі қайта өңдеуді тереңдету жөніндегі…
Олжас Бектенов Президенттің нақты секторды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді 📌Премьер-министр Астана қаласына жұмыс сапары аясында Президенттің өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды нығайту және АӨК-тегі қайта өңдеуді тереңдету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Олжас Бектенов логистикалық орталық, медициналық бұйымдар өндіретін зауыт, нан-тоқаш, сүт және ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға барды. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қала экономикалық дамудың жоғары қарқынын сақтап, еліміздің жетекші іскерлік орталықтарының бірі ретіндегі рөлін нығайтып отырғанын баяндады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 18,9 трлн теңгеге жетті. Елорда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі бойынша республикада бірінші орында тұр. Биылғы төрт айда 587 млрд теңге инвестиция тартылды, оның шамамен 80%-ын жеке инвестициялар құрады. Қазіргі таңда Астанада 246 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл секторда шамамен 560 мың адам жұмыспен қамтылған. ШОБ-тың қала экономикасына қосқан үлесі рекордтық деңгейге – 66%-ға жетті. 2026 жылы 26 өнеркәсіптік жобаны іске қосу жоспарланған. Қазірдің өзінде құны 32 млрд теңге болатын 8 жоба пайдалануға беріліп, 500-ге жуық жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ жыл соңына дейін құны 36 млрд теңге болатын 18 жобаны іске қосып, мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Премьер-министрге «Technodom» көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны» АҚ заманауи логистикалық орталығында кешеннің жұмысы мен елорданың көлік және қойма инфрақұрылымын одан әрі дамыту жобасы таныстырылды. Ауданы 22 мың шаршы метрден асатын логистикалық орталық 11 мың паллеттік орынға есептелген. Мұнда жалпы аумағы 3,5 мың шаршы метрді құрайтын температуралық режимі бар үй-жайлар қарастырылған. Кәсіпорын тәулік бойы жұмыс істейді және тауарларды қабылдау мен сақтаудан бастап, оларды жинақтау және жөнелтуге дейінгі қызметтердің толық циклін қамтамасыз етеді. Орталық қойманы басқарудың автоматтандырылған жүйелерімен және тиімділікті бақылау құралдарымен жабдықталған. Бүгінде логистикалық кешен жұмыс ауқымымен 100% қамтылған. Орталықтың қызметін Wildberries, Ascona, Gold Service Logistic және басқа да компаниялар пайдаланады. Нысанда 200-ден астам жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар Премьер-министрге жеке инвестиция көлемі 300 млн асатын 223,1 гектар логистикалық парк жобасы таныстырылды. Әлеуетті қатысушылар арасында YXE Trading Service Group, S Sistem Lojistik Hizmetler, «Қазпошта» және Rhino Logistic компаниялары бар. Сондай-ақ Астана қаласында Wildberries Kazakhstan компаниясының ірі логистикалық хаб құрылысының барысы таныстырылды. Жалпы аумағы 160 мың шаршы метрді құрайтын жоба аясында 6 мың жұмыс орнын ашу көзделген. Нысанды пайдалануға беру 2027 жылдың І тоқсанына жоспарланған. Жобаның инвестиция көлемі – 47,7 млрд теңге. Олжас Бектенов логистикалық инфрақұрылымды дамыту экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және Қазақстанның транзиттік әлеуетін одан әрі нығайтудың маңызды шарты екенін атап өтті. Президент жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылын ескере отырып, цифрлық шешімдерді енгізуге және процестерді автоматтандыруға ерекше назар аудару керек.
🙂Бүгін Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Сенат Бюросының отырысында депутаттар Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясындағы жұмыс жоспарын талқылап, 11 маусымға жоспарланған Палата отырысының күн тәртібін айқындады. Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қабылданған жаңа Конституцияның 1 шілдеден бастап күшіне енетінін атап өтіп, қазақстандықтарды Әділетті Қазақстан құру жолындағы реформалар төңірегіне топтасуға шақырды. Алдағы отырыста сенаторлар жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заңдарды, сондай-ақ газбен жабдықтау, цифрландыру, телекоммуникациялар, дербес деректерді қорғау, жануарлар дүниесі мен ара шаруашылығы салаларына қатысты және өзге де заңдарды қарайды. Сонымен қатар сенаторлар бастамашы болған әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру туралы заң мен телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамытуға бағытталған заң да күн тәртібіне енгізілді. 🚀@senate_kz