UKIMET » публикация №24219
Отандық әзірлемелерді коммерцияландыру: Астанада кардиохирургия және ағзаларды трансплантациялау үшін медициналық бұйымдар өндіретін зауыт пайдалануға берілді 2026 жылғы мамырда Астанада «Heart Center Foundation» қоғамдық қорының пластикалық медициналық бұйымдар өндіретін зауыты іске қосылды. Өнім шығару тамыз айына жоспарланған. Жоба Мемлекет басшысының жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және отандық ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асырудың нәтижесі. UMC қорының басқарма төрағасы Юрий Пяның айтуынша, кәсіпорын ALEM (Astana Life Ex-situ Machine) медициналық жабдығын шығаруға бағытталған. Бұл – донорлық ағзаларды ұзақ уақыт сақтауға, емдеуге және тасымалдауға арналған қазақстандық инновациялық медициналық аппарат. Сонымен қатар кәсіпорында реанимация, хирургия және денсаулық сақтау саласының басқа бағыттарына арналған шығыс материалдары, биоматериал алуға арналған контейнерлер, дренаждық құрылғылар және өзге де медициналық бұйымдар өндіріледі. «Heart Center Foundation» қоғамдық қорының директоры Мұрат Зауыровтың мәліметінше, өнім өткізудің негізгі нарығы Қазақстан мен ТМД елдеріне бағытталған. Жобаның жалпы құны 4,1 млрд теңгені құрайды, қаржыландыру қайырымдылық көмек есебінен қамтамасыз етілген. Кәсіпорында 30-дан астам жұмыс орны ашылды. ➖ Коммерциализация отечественных разработок: в Астане ввели в эксплуатацию завод по производству медизделий для кардиохирургии и трансплантации органов В Астане в мае 2026 года запущен завод по производству пластиковых медицинских изделий ОФ «Heart Center Foundation». Выпуск продукции запланирован на август. Проект стал результатом реализации поручений Главы государства по развитию высокотехнологичных производств и коммерциализации отечественных научных разработок. Председатель правления фонда UMC Юрий Пя отметил, что предприятие ориентировано на выпуск медицинского оборудования ALEM (Astana Life Ex-situ Machine, инновационный медицинский аппарат казахстанской разработки, предназначенный для длительного сохранения, лечения и транспортировки донорских органов), а также расходных материалов для реанимации, хирургии и др. направлений здравоохранения, контейнеров для отбора биоматериала, дренажных устройств и других медицинских изделий. Директор ОФ «Heart Center Foundation» Мурат Зауыров отметил, что основной рынок сбыта ориентирован на Казахстан и страны СНГ. Общая стоимость проекта составляет 4,1 млрд тенге, финансирование обеспечено за счет благотворительной помощи. На предприятии создано более 30 рабочих мест. 📱 @KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























