UKIMET » публикация №24223
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қайта өңдеу саласын дамыту: Астанада жылына 18 мың тонна өнім өндіретін ет комбинаты іске қосылады Үкімет пен Астана қаласының әкімдігі Мемлекет басшысы қойған ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту және жоғары қосылған құны бар өнім өндіру жөніндегі міндеттерді орындау бағытындағы жұмысты жалғастыруда. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – елордада заманауи «Астана ЕТКОМ» ЖШС ет өңдеу комбинатын іске қосу. Кәсіпорын Астананың индустриялық паркінің аумағында орналасқан. «Астана ЕТКОМ» ЖШС құрылтайшысы Фархад Мадалиевтің айтуынша, жоба отандық шикізатты терең өңдеуді дамытуға, ет өнімдері өндірісін ұлғайтуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Жобаның жалпы құны 8 млрд теңгені құрайды. Қаржыландыру кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясындағы несиелік қаражаттар және инвесторлардың жеке қаражаттары есебінен қамтамасыз етілген. Кәсіпорынды пайдалануға беру 2026 жылдың II тоқсанына жоспарланған. Өндірістік қуаттылығы тәулігіне 50 тоннаға дейін дайын өнім шығаруға немесе жылына шамамен 18 мың тонна өнім өндіруге мүмкіндік береді. Негізгі өнім түрлеріне шұжық өнімдері, ет деликатестері, жартылай фабрикаттар және салқындатылған өнімдер кіреді.Кәсіпорын тек ішкі нарыққа ғана емес, экспортқа да бағытталған. Шикізаттың негізгі жеткізушілері қатарында «Айтас» АҚ, «KazBeef» ЖШС және өзгеде өңірлердегі фермерлік шаруашылықтар бар. ➖ Развитие переработки по поручению Главы государства: в Астане запустят мясокомбинат мощностью 18 тыс. тонн продукции в год Правительством и акиматом города Астаны продолжается работа в соответствии с поставленными Главой государства задачами по развитию переработки сельхозпродукции и выпуску продукции с высокой добавленной стоимостью. Важным шагом в данном направлении станет запуск в столице современного мясоперерабатывающего комбината ТОО «Астана ЕТКОМ». Предприятие расположено на территории Индустриального парка столицы. Как отметил учредитель ТОО «Астана ЕТКОМ» Фархад Мадалиев, проект направлен на развитие глубокой переработки отечественного сырья, увеличение выпуска мясной продукции и укрепление продовольственной безопасности страны. Общая стоимость составляет 8 млрд тенге. Финансирование обеспечено за счет кредитных средств в рамках государственных программ поддержки предпринимательства и собственных средств инвесторов. Ввод в эксплуатацию запланирован на II квартал 2026 года. Производственные мощности позволяют выпускать до 50 тонн готовой продукции в сутки, или порядка 18 тыс. тонн в год. Основной ассортимент включает колбасные изделия, мясные деликатесы, полуфабрикаты и охлажденную продукцию. Предприятие ориентировано не только на внутренний рынок, но и на экспорт. Основными поставщиками сырья станут отечественные производители, включая АО «Айтас», ТОО «KazBeef», а также фермерские хозяйства из регионов Казахстана. 📱 @KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























