UKIMET » публикация №24229
Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті 📌ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын кешенді жүзеге асыру мәселесіне арналған кеңес өтті. Жиынға оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Мәдениет және ақпарат, Ұлттық экономика, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің өкілдері қатысты. Өз кезегінде ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова студент жастар арасында кітап оқу мәдениетін ілгерілету тәсілдері туралы айтты. Бұл бағытта жоғары оқу орындары кітапханаларын дамыту және студенттік оқырман клубтарының жұмысын жандандыру мәселелері қамтылған. Кеңес қорытындысы бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігіне салалық әдебиеттермен қамтамасыз ету деңгейіне талдау жүргізу, сондай-ақ педагог кадрларды даярлауда қолданылатын оқу әдебиеттерінің мазмұнын зерделеу тапсырылды. Қорғаныс және Ішкі істер министрліктеріне қарасты ұйымдардың кітапхана қорларын зерттеу және талдау мәселесіне де ерекше назар аудару қажет. Әскери бөлімдер мен ведомстволық мекемелерді заманауи, мазмұнды әрі кәсіби әдебиеттермен қамтамасыз ету маңызды. Талдау нәтижесінде нақты қажеттіліктер айқындалып, кітапхана қорларын толықтыру және жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірленуі тиіс. ➖ Правительство приступило к комплексной реализации плана по развитию культуры чтения и формированию читающей нации 📌Под председательством заместителя Премьер-министра – Министра культуры и информации Аиды Балаевой состоялось совещание по комплексной реализации Указа Президента Республики Казахстан «О мерах по развитию культуры чтения и формированию читающей нации». В работе приняли участие министр просвещения Жулдыз Сулейменова, представители министерств культуры и информации, национальной экономики, искусственного интеллекта и развития инноваций, науки и высшего образования, обороны и внутренних дел. По итогам министерству науки и высшего образования поручено провести анализ обеспеченности отраслевой литературой, а также изучить содержание учебной литературы, используемой при подготовке педагогических кадров. Отдельное внимание следует уделить изучению и анализу библиотечных фондов организаций Министерств обороны и внутренних дел. Особое значение имеют вопросы обеспечения воинских частей и ведомственных учреждений современной, содержательной и профессиональной литературой. По итогам анализа необходимо определить потребности и подготовить предложения по дальнейшему пополнению и обновлению библиотечных фондов. 📱 @KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























