UKIMET » публикация №24237
«Болашақ ойындары» Астанада өтеді 📌 Осы жылдың маңызды оқиғаларының бірі Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында «Болашақ ойындары» халықаралық турнирін өткізу болмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. Оған әлемнің 50-ден астам елінен 900-ге жуық спортшы, халықаралық спорт ұйымдарының, цифрлық индустрияның, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жанкүйерлер қатысады деп күтілуде. Салалық ведомствоның бағалауы бойынша турнир туристік ағынның ұлғаюына ықпал етпек, сондай-ақ Астананың қонақ үй, көлік және сервистік инфрақұрылымына қосымша сұраныс туғызбақ. Турнирге қатысушылар классикалық спорт пен киберспортты біріктіретін 8 пән бойынша жеңіске жету үшін күреседі. Жарыс бағдарламасына фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-атқыштар, фиджитал-жекпе-жек, фиджитал-би, Battle Royale, сондай-ақ компьютерлер мен мобильді құрылғылардағы MOBA кірді. Бүгінде отандық туроператорлар жарыстарға қатысуды және елорданың мәдени көрікті жерлерімен танысуды қамтитын арнайы туристік пакеттер дайындап қойды. Жарыстың өзі Астананың төрт спорт нысанында өтеді. 📱@KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























