Олжас Бектенов проверил реализацию поручений Президента по развитию реального сектора 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов проверил исполнение поручений Президента по развитию промышленности, укреплению инфраструктуры и углублению переработки в АПК в рамках рабочей…
UKIMET — страница 21
Архив материалов источника UKIMET, страница 21. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
Олжас Бектенов Президенттің нақты секторды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді 📌Премьер-министр Астана қаласына жұмыс сапары аясында Президенттің өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды нығайту және АӨК-тегі қайта өңдеуді тереңдету жөніндегі…
«Heart Center Foundation» ҚҚ зауытында Олжас Бектенов медициналық мақсаттағы пластикалық бұйымдар өндірісінің іске қосылуымен және кәсіпорынның технологиялық жабдықталуымен танысты. Жобаның соңғы кезеңі жүзеге асырылуда. Зауыт 2026 жылдың мамыр айында пайдалануға…
Олжас Бектенов Президенттің нақты секторды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді 📌Премьер-министр Астана қаласына жұмыс сапары аясында Президенттің өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды нығайту және АӨК-тегі қайта өңдеуді тереңдету жөніндегі…
Олжас Бектенов Президенттің нақты секторды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді 📌Премьер-министр Астана қаласына жұмыс сапары аясында Президенттің өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды нығайту және АӨК-тегі қайта өңдеуді тереңдету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Олжас Бектенов логистикалық орталық, медициналық бұйымдар өндіретін зауыт, нан-тоқаш, сүт және ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға барды. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қала экономикалық дамудың жоғары қарқынын сақтап, еліміздің жетекші іскерлік орталықтарының бірі ретіндегі рөлін нығайтып отырғанын баяндады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 18,9 трлн теңгеге жетті. Елорда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі бойынша республикада бірінші орында тұр. Биылғы төрт айда 587 млрд теңге инвестиция тартылды, оның шамамен 80%-ын жеке инвестициялар құрады. Қазіргі таңда Астанада 246 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл секторда шамамен 560 мың адам жұмыспен қамтылған. ШОБ-тың қала экономикасына қосқан үлесі рекордтық деңгейге – 66%-ға жетті. 2026 жылы 26 өнеркәсіптік жобаны іске қосу жоспарланған. Қазірдің өзінде құны 32 млрд теңге болатын 8 жоба пайдалануға беріліп, 500-ге жуық жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ жыл соңына дейін құны 36 млрд теңге болатын 18 жобаны іске қосып, мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Премьер-министрге «Technodom» көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны» АҚ заманауи логистикалық орталығында кешеннің жұмысы мен елорданың көлік және қойма инфрақұрылымын одан әрі дамыту жобасы таныстырылды. Ауданы 22 мың шаршы метрден асатын логистикалық орталық 11 мың паллеттік орынға есептелген. Мұнда жалпы аумағы 3,5 мың шаршы метрді құрайтын температуралық режимі бар үй-жайлар қарастырылған. Кәсіпорын тәулік бойы жұмыс істейді және тауарларды қабылдау мен сақтаудан бастап, оларды жинақтау және жөнелтуге дейінгі қызметтердің толық циклін қамтамасыз етеді. Орталық қойманы басқарудың автоматтандырылған жүйелерімен және тиімділікті бақылау құралдарымен жабдықталған. Бүгінде логистикалық кешен жұмыс ауқымымен 100% қамтылған. Орталықтың қызметін Wildberries, Ascona, Gold Service Logistic және басқа да компаниялар пайдаланады. Нысанда 200-ден астам жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар Премьер-министрге жеке инвестиция көлемі 300 млн асатын 223,1 гектар логистикалық парк жобасы таныстырылды. Әлеуетті қатысушылар арасында YXE Trading Service Group, S Sistem Lojistik Hizmetler, «Қазпошта» және Rhino Logistic компаниялары бар. Сондай-ақ Астана қаласында Wildberries Kazakhstan компаниясының ірі логистикалық хаб құрылысының барысы таныстырылды. Жалпы аумағы 160 мың шаршы метрді құрайтын жоба аясында 6 мың жұмыс орнын ашу көзделген. Нысанды пайдалануға беру 2027 жылдың І тоқсанына жоспарланған. Жобаның инвестиция көлемі – 47,7 млрд теңге. Олжас Бектенов логистикалық инфрақұрылымды дамыту экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және Қазақстанның транзиттік әлеуетін одан әрі нығайтудың маңызды шарты екенін атап өтті. Президент жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылын ескере отырып, цифрлық шешімдерді енгізуге және процестерді автоматтандыруға ерекше назар аудару керек.
Машина-трактор паркін жаңғырту және мемлекеттік қолдау тетіктері 📌Оңтайлы агротехникалық мерзімдерде жоғары өнімділік машина-трактор паркінің техникалық дайындығының арқасында қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының қарамағында 133,9 мың трактор…
Машина-трактор паркін жаңғырту және мемлекеттік қолдау тетіктері 📌Оңтайлы агротехникалық мерзімдерде жоғары өнімділік машина-трактор паркінің техникалық дайындығының арқасында қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының қарамағында 133,9 мың трактор, шамамен 5,6 мың жоғары өнімді егіс кешені, 71,4 мың сепкіш және 188,5 мың топырақ өңдеу құралы болды. Егістік алқаптарында сервистік қызмет көрсетуді 70 мамандандырылған орталық қамтамасыз етті. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде өткен кезеңде егіншілер шамамен 25 мың бірлік заманауи техника сатып алып, техникалық паркті жыл сайын жаңару деңгейін 6,5%-ға жеткізді. Алдағы егіс науқаны қарсаңында Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне техника паркін жаңғырту қарқынын жеделдету міндетін жүктеді. Осы мақсатта Үкімет отандық машина жасау саласын дамытуға бағытталған өзара байланысты қолдау бағдарламаларының кешенін іске қосты. Солардың бірі – фермерлер арасында жоғары сұранысқа ие ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизинг арқылы қаржыландыру бағдарламасы. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, бағдарламаны қаржыландыру көлемі едәуір ұлғайтылды. Егер өткен кезеңде отандық өндірістегі техниканы лизингке алуға бюджеттен 250 млрд теңге бөлінсе, биыл бұл мақсатқа кемінде 300 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. Қабылданған шаралар аграршыларды егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізуге мүмкіндік беретін жоғары өнімді техникамен қамтамасыз етіп қана қоймай, сабақтас өнеркәсіп салаларының дамуына да қосымша серпін беруіне мүмкіндік жасады. 📱 @KZgovernment
Жеңілдетілген бағадағы дизель отынымен қамтамасыз ету 📌Энергетика министрлігі еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуаттарын ескере отырып, көктемгі егіс науқанына 402,3 мың тонна дизель отынын бөлді. Үкімет фермерлер үшін жанар-жағармай материалдарының құнын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар қабылдады. Операторлық шығындарды қоса есептегенде, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдетілген дизель отынының түпкілікті бағасы литріне 281 теңге деңгейінде белгіленді. Бұл елдегі жанармай құю станцияларындағы орташа бөлшек бағадан 15%-ға төмен. Қазіргі таңда бөлшек саудадағы дизель отынының бағасы литріне 330 теңге. Бекітілген жеткізу кестесіне сәйкес, жалпы көлемі 402,3 мың тоннаны құрайтын жоспар аясында аграршылар 324,8 мың тонна дизель отынына келісімшарт жасап, төлем жүргізген. Бұл жалпы жоспардың 81%-ы. Іс жүзінде өңірлерге 300,9 мың тонна немесе жеңілдетілген отынның жалпы көлемінің 75%-ы жөнелтіліп, жеткізілді. ➖ Обеспечение льготным дизельным топливом 📌Министерством энергетики на посевную кампанию, с учетом производственных мощностей отечественных нефтеперерабатывающих заводов, выделено 402,3 тыс. тонн дизельного топлива. Правительством приняты меры по сдерживанию стоимости ГСМ для фермеров: с учетом операторских затрат конечная цена льготного дизтоплива для сельхозтоваропроизводителей зафиксирована на уровне 281 тенге за литр. Это на 15% ниже среднерыночной стоимости на заправочных станциях страны, где розничная цена составляет 330 тенге за литр. В рамках утвержденного графика отгрузки при общем плане 402,3 тыс. тонн, аграрии уже заключили договоры и оплатили 324,8 тыс. тонн, что составляет 81% от общего плана. Фактически отгружено и доставлено в регионы 300,9 тыс. тонн, или 75% от всего объема удешевленного топлива. 📱 @KZgovernment
Егін егу алқаптарын әртараптандыру және су үнемдеу 📌Президент тапсырмаларына сәйкес, биылғы егін егу науқанында жоғары табысты және стратегиялық маңызы бар дақылдарға басымдық берілді. Нәтижесінде майлы дақылдардың егіс алқабы 74 мың гектарға ұлғайтылып,…
Егін егу алқаптарын әртараптандыру және су үнемдеу 📌Президент тапсырмаларына сәйкес, биылғы егін егу науқанында жоғары табысты және стратегиялық маңызы бар дақылдарға басымдық берілді. Нәтижесінде майлы дақылдардың егіс алқабы 74 мың гектарға ұлғайтылып, жалпы көлемі 4 млн гектардан асады. Ал мал азықтық дақылдарға 3,3 млн гектардан астам жер бөлініп, олардың алқабы 237 мың гектарға кеңейтілді. Сонымен қатар бидай егістігі алқаптарын кезең-кезеңімен оңтайландыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде бидай егісінің көлемі 12,1 млн гектарға дейін қысқартылып, өткен кезеңмен салыстырғанда 125 мың гектарға азайды. Егіс алқаптарын қысқарту бағытындағы түзетулер жүгері дақылының егісіне де қатысты. Үкімет республикадағы оңтүстік өңірлерге ерекше назар аударуда, мұнда ылғалды көп қажет ететін дақылдардың егіс алқаптарын жүйелі түрде оңтайландыру жұмыстары жүргізілді. Су пайдаланудың нақты теңгерімі негізге алынып, егіс құрылымы су ресурстарын пайдалану лимиттеріне қатаң сәйкестікте бекітілді. 🟦Республика бойынша күріштің егіс алқабы 20,2 мың гектарға қысқартылды. 🟦Мақта шаруашылығында су үнемдеу бағытына арналған технологиялық өзгеріс жүзеге асырылды: дәстүрлі суару әдістерін 12 мың гектарға қысқарту есебінен, тамшылатып суару технологиясы енгізілген мақта алқаптары 29,8 мың гектарға ұлғайтылды. 📱 @KZgovernment
Өңірлердегі көктемгі дала жұмыстарының барысы 📌Қазақстанның негізгі астық егетін өңірлері дәстүрлі түрде Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары болып қала береді. Еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі көбінесе осы аймақтардағы егіс жұмыстарының…
Өңірлердегі көктемгі дала жұмыстарының барысы 📌Қазақстанның негізгі астық егетін өңірлері дәстүрлі түрде Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары болып қала береді. Еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі көбінесе осы аймақтардағы егіс жұмыстарының нәтижелеріне байланысты, сондықтан олар үнемі ерекше назарды ұсталады. Мәселен, СҚО-да егіс алқабы 4,3 млн гектарды құрады. Егіс құрылымын әртараптандыру шеңберінде дәнді дақылдар алқабы 2,9 млн гектарға дейін оңтайландырылды, оның ішінде бидай – 1,9 млн гектар. Бұл ретте жоғары сұранысқа ие дақылдарға баса назар аударылып отыр: майлы дақылдар алқабы екінші жыл қатарынан 1 млн гектарға жеткізілді. Жемшөп дақылдары 405 мың, картоп 8,6 мың, көкөністер 1,4 мың гектар алқапты алды. Сонымен қатар, өңірде ауыл шаруашылығы техникасы паркі қарқынды түрде жаңартылуда. Биыл бұл көрсеткішті 8,5%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. 90 млрд теңгеге 3,5 мың техника сатып алу қарастырылған, оның ішінде 29,9 млрд теңгеге бүгінде 770 данасы сатып алынды. Ақмола облысында жалпы егіс алқабы 5,6 млн гектарды құрады. Әртараптандыру аясында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың алаңы 4,5 млн гектарға дейін, 184,6 мың гектарға қысқартылды. Соның есебінен анағұрлым сұранысқа ие бағыттар кеңейтілді: майлы дақылдардың егісін 220 мың гектарға ұлғайтылып, олардың көлемі 715 мың гектарға жетті, ал мал азықтық дақылдар 34,1 мың гектарға артып, 370,7 мың гектарды құрады. Картоп пен көкөніс тиісінше 8,6 мың гектар және 1,5 мың гектар аумаққа орналастырылды. Егістік жұмыстармен қатар өңір жоғары логистикалық және индустриялық әлеуетін де көрсетіп отыр. Жыл басынан бері облыстың астық қабылдау кәсіпорындарынан экспортқа 1,9 млн тонна астық жөнелтілді. Аршалы ауданында жылына 3 млн тоннаға дейін шикізатты өңдейтін ірі астықты терең өңдеу зауытын салу өңдеу саласын дамытудағы маңызды қадам болмақ. Кәсіпорында натрий глутаматы, лизин және басқа да өнімдер өндіру жоспарланған. Жоба «Dalian Hesheng Holdings Group Co., Ltd.» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Жүзеге асыру кезеңі 2026–2028 жылдарға жоспарланған, инвестиция көлемі 900 млрд теңгені құрайды. Жоба алғашқы кезеңде 1 мыңға дейін, толық қуатқа шыққанда 3 мыңға дейін жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өңірде ауыл шаруашылығы техникасын белсенді жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Биыл ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін 2025 жылғы 7%-бен салыстырғанда 8,5%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Қаңтар–мамыр айларында өңір шаруалары жалпы құны 38,4 млрд теңгені құрайтын 789 бірлік техника сатып алды. Қостанай облысында көктемгі егіс науқанының жалпы көлемі 5,2 млн гектар деңгейінде жоспарланды. Диверсификация аясында бидай үлесін қысқарту есебінен майлы дақылдардың алқабы 887 мың гектарға, дәнді-бұршақты дақылдар 212,3 мың гектарға, картоп 7,5 мың гектарға және біржылдық шөптер 107 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Науқанды жүргізу үшін 1–3 сыныптағы кондициялық тұқымдардың 514,2 мың тоннасы пайдаланылды, сондай-ақ литрі 281 теңгеден аспайтын жеңілдетілген дизель отынының 73,3 мың тоннасы бөлінді. Бұл ретте өңір астықтан ұн өңдеу бойынша республикадағы көшбасшы орнын сақтап келеді. Облыстың үлесіне еліміздегі ұн өндірісінің 30%-ы тиесілі. Өңірде жылдық қуаттылығы 2 млн тоннаға дейін жететін 35 диірмен кешені жұмыс істейді. 2024–2025 жылдары астық өңдеу саласында жалпы құны 9,3 млрд теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске қосылды. Ал 2027–2028 жылдары жылына 415 мың тонна бидайды терең өңдеу қуаты бар Qostanai Grain Industry зауыты мен Tobol center KZ кешенінің құрылысы жоспарланған. 📱 @KZgovernment
Раннее финансирование аграриев и эффективные механизмы поддержки 📌Общая посевная площадь в Казахстане в текущем сезоне составила 23,8 млн га, что на 180 тыс. га превышает показатель прошлого года. Началу массового сева во всех регионах предшествовал комплекс обязательных агротехнических работ по подготовке почвы: закрытие влаги, предпосевная обработка и весенняя вспашка. В разрезе сельскохозяйственных культур структура проведенных посевных работ выглядит следующим образом: 🟦зерновые культуры – 14,6 млн га; 🟦масличные культуры – 4,2 млн га; 🟦кормовые культуры – 1,2 млн га; 🟦хлопчатник – 166 тыс. га; 🟦овощные культуры – 120 тыс. га; 🟦картофель – 126 тыс. га; 🟦бахчевые культуры – 84 тыс. га; 🟦сахарная свекла – 22 тыс. га. В соответствии с поручением Главы государства, данным на Форуме работников сельского хозяйства, Правительством внедрено раннее финансирование кампаний. Данный механизм позволяет аграриям заблаговременно привлекать необходимые финансовые ресурсы, своевременно приобретать семена, удобрения, средства защиты растений и технику по наиболее выгодным ценам, а также качественно готовиться к проведению полевых работ. В результате снижается зависимость сельхозпроизводителей от сезонного роста цен и обеспечивается проведение посевной кампании в оптимальные агротехнические сроки. Для ВПР 2026 года прием заявок стартовал беспрецедентно рано – в октябре 2025 года. Всего в 2026 году на льготное финансирование весенне-полевых и уборочных работ под 5% годовых планируется направить 750 млрд тенге. На сегодняшний день уже профинансировано порядка 4,8 тыс. сельхозтоваропроизводителей на сумму 573 млрд тенге с охватом более 6,8 млн гектаров. Для фермеров с недостаточной залоговой базой ключевым подспорьем стало введение программы государственного гарантирования в размере 85% от суммы займа на ВПР. В 2025 году в рамках этого инструмента было выдано 1633 гарантии на сумму кредитования 283 млрд тенге. В 2026 году из республиканского бюджета было предусмотрено 16 млрд тенге: в рамках кампании выдано 1733 гарантии под кредиты объемом 273 млрд тенге. Доведение средств до аграриев теперь осуществляется через максимально широкую сеть операторов: 🟦Аграрную кредитную корпорацию (АКК); 🟦банки второго уровня (БВУ); 🟦микрофинансовые организации (МФО); 🟦региональные инвестиционные центры (РИЦ), кредитные товарищества (КТ); 🟦социально-предпринимательские корпорации (СПК). 📱 @KZgovernment
Фермерлерді ерте қаржыландыру және тиімді қолдау тетіктері 📌Биыл Қазақстандағы жалпы егіс алқабы 23,8 млн гектарды құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 180 мың гектарға артық. Барлық аймақта жаппай егіс жұмыстарының басталғанға дейін топырақты дайындауға бағытталған міндетті агротехникалық жұмыстар жүргізілді: ылғалды сақтау, егіс алдындағы өңдеу және көктемгі жер жырту. Ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша жүргізілген егіс жұмыстарының құрылымы келесідей: 🟦дәнді дақылдар – 14,6 млн гектар; 🟦майлы дақылдар – 4,2 млн гектар; 🟦мал азықтық дақылдары – 1,2 млн гектар; 🟦мақта – 166 мың гектар; 🟦көкөніс дақылдары – 120 мың гектар; 🟦картоп – 126 мың гектар; 🟦бақша дақылдары – 84 мың гектар; 🟦қант қызылшасы – 22 мың гектар. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында берген тапсырмасына сәйкес, Үкімет тарапынан егіс науқандарын ерте қаржыландыру тетігі енгізілді. Бұл механизм егіншілерге қажетті қаржы ресурстарын алдын-ала тартуға, тұқым, тыңайтқыш, өсімдіктерді қорғау құралдары мен техниканы ең тиімді бағамен уақтылы сатып алуға, сондай-ақ егіс жұмыстарын жүргізуге сапалы дайындалуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің маусымдық баға өсіміне тәуелділігі төмендейді, егіс науқанын оңтайлы агротехникалық мерзімде өткізу қамтамасыз етілуде. 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына өтінімдер қабылдау бұған дейінгіден ерте, 2025 жылдың қазан айында басталды. Жалпы, 2026 жылы көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жылдық 5% жеңілдікпен қаржыландыру үшін 750 млрд теңге бөлу жоспарланған, 2025 жылы да осы көлемде қаржы бөлініп, 8,5 млн гектарға егін егілген болатын. Осы желі бойынша 4,8 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жалпы сомасы 573 млрд теңгеге қаржыландырылды, бұл 6,8 млн гектардан астам алқапта егін егуге мүмкіндік берді. Кепіл базасы жеткіліксіз фермерлер үшін қарыз сомасының 85%-ы мөлшерінде мемлекеттік кепілдік беру бағдарламасының енгізілгені негізгі көмек болды. 2025 жылы осы құрал аясында 283 млрд теңге несие сомасына 1633 кепілдік берілді. 2026 жылы республикалық бюджеттен бұл мақсатқа 16 млрд теңге қарастырылды: науқан аясында 273 млрд теңге көлеміндегі несиеге 1733 кепілдік берілді. Қаражатты фермерлерге дейін жеткізу енді операторлардың кең ауқымды желісі арқылы жүзеге асырылады, олар: 🟦Аграрлық несие корпорациясы (АНК); 🟦Екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ); 🟦микроқаржы ұйымдары (МҚҰ); 🟦өңірлік инвестициялық орталықтар (ӨИО), 🟦кредиттік серіктестіктер (КС); 🟦әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК). 📱 @KZgovernment
Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды: егінді әртараптандыру, су үнемдеу және шаруаларды қолдаудағы жүйелі өзгерістер 📌 Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде елімізде 2026 жылғы егіс науқаны аяқталды. Көктемгі дала жұмыстары еліміздің барлық өңірінде белгіленген агротехникалық мерзімде жүргізілді. Науқанның уақтылы жүргізілуіне Үкімет атарпынан қабылданған мемлекеттік кешенді қолдау шаралары ықпал етті. Атап айтқанда, шаруаларды қажетті материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету, егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын енгізу, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жеңілдетілген қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуге басымдық берілді. Қабылданған шаралар егіс жұмыстарының тұрақты жүргізілуін қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру үшін қосымша жағдай жасауға мүмкіндік берді. ➖ Посевная кампания 2026 года в Казахстане успешно завершена: диверсификация культур, внедрение водосбережения и системные изменения в поддержке аграриев 📌В рамках реализации поручений Главы государства по укреплению продовольственной безопасности и развитию агропромышленного комплекса в Казахстане завершена посевная кампания 2026 года. Весенне-полевые работы проведены в установленные агротехнические сроки во всех регионах страны. Своевременному проведению кампании способствовал комплекс мер господдержки, реализованных Правительством. Особое внимание уделено обеспечению аграриев необходимыми материально-техническими ресурсами, диверсификации структуры посевных площадей, внедрению водосберегающих технологий, обновлению сельскохозяйственной техники и расширению доступа сельхозтоваропроизводителей к льготному финансированию. Принятые меры позволили обеспечить устойчивое проведение полевых работ и создать дополнительные условия для повышения эффективности аграрного производства. 📱 @KZgovernment
📌 Подводим итоги прошедшей недели в воскресном дайджесте 🔸 Заседание Правительства 🔹 По поручению Президента Правительство усилит превентивную профилактику несчастных случаев на производстве. 🔹 Премьер-министр поручил ввести KPI для руководителей крупных производств по производственному травматизму. 🔹 Олжас Бектенов: контроль за безопасностью на горнорудных, нефтегазодобывающих и химических предприятиях держать на особом контроле. 🔹 На всех предприятиях, включая МСБ, ускорят внедрение цифровых систем мониторинга и автоматического контроля ради безопасности работников. 🔹 В Казахстане расширят функции инспекторов труда. 🔹 Заведения общепита проверят на соблюдение требований хранения газовых баллонов. 🔹 Правительство до конца года запустит цифровую платформу «е-ТЖМ» и завершит интеграцию системы «Охрана труда и безопасность». 🔸 Рабочая поездка Премьер-министра в СКО 🔹 Олжас Бектенов провел совещание по вопросам завершения весенне-полевых работ и развития АПК, а также обеспечения ветеринарной безопасности. В этом году площадь посевов составила 23,8 млн га. 🔹 Проверена реализация мер по развитию сельского хозяйства и проведена встреча с местными аграриями. 🔹 Проверен ход противопаводковых мероприятий и строительство новой областной больницы. 🔹 Олжас Бектенов ознакомился с реализацией инвестиционных проектов СЭЗ Qyzyljar. *** 🔹 Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел заседание Республиканского штаба по координации деятельности государственных органов по профилактике наркомании и противодействию наркопреступности. 🔹 Совет директоров холдинга «Байтерек» утвердил решения по расширению финансирования реального сектора экономики. 🔹 Премьер-министр Казахстан Олжас Бектенов и Президент Кипра Никос Христодулидис приняли участие в казахстанско-кипрском бизнес-форуме 🔹 Проект Almaty Superski переходит к этапу практической реализации. 🔸 Двусторонние встречи 🔹 Олжас Бектенов обсудил с руководством XINFA GROUP ход строительства промышленного парка в Павлодарской области. 🔹 Премьер-министр РК провел встречу с Главой Администрации Специального административного района Гонконг КНР. 🔸 Заместители Премьер-министра 🔹 Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев в рамках рабочей поездки ознакомился с темпами развития индустриального и аграрного секторов региона. 🔹 Заместитель Премьер-министр – министр национальной экономики Серик Жумангарин провел заседания Проектного офиса, где были рассмотрены вопросы дополнительной поддержки бизнеса при внедрении системы маркировки товаров. 🔹 Заместитель Премьер-министра – министра культуры и информации Аида Балаева провела встречу с делегацией Объединенного института ядерных исследований и совещание по Комплексному плану развития дошкольного и начального образования на 2026–2028 годы. 📱 @KZgovernment
📌Аптаны жексенбілік дайджесте қорытындылаймыз 🔸 Үкімет отырысы 🔹 Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу профилактикасын күшейтеді. 🔹 Премьер-министр ірі кәсіпорындардың басшылары үшін өндірістік жарақаттану бойынша KPI енгізуді тапсырды. 🔹 Олжас Бектенов: тау-кен, мұнай-газ және химия кәсіпорындарындағы қауіпсіздікті қадағалау ерекше бақылауда ұсталсын. 🔹 ШОБ-ты қоса алғанда, барлық кәсіпорындарда жұмыскерлердің қауіпсіздігі үшін мониторинг пен автоматты бақылаудың цифрлық жүйелерін енгізу жеделдетіледі. 🔹 Қазақстанда еңбек инспекторларының функциялары кеңейтіледі. 🔹 Қоғамдық тамақтану орындары газ баллондарын сақтау талаптары бойынша тексеріледі. 🔹 Үкімет жыл соңына дейін «е-ТЖМ» цифрлық платформасын іске қосып, «Еңбек қорғау және қауіпсіздік» жүйесінің интеграциясын аяқтайды. 🔸 Премьер-министрдің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары 🔹 Олжас Бектенов көктемгі егін егу жұмыстарын аяқтау және АӨК-ті дамыту, сондай-ақ ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. Биыл егіс алқабы 23,8 млн га құрады. 🔹 Ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі шаралардың жүзеге асырылу барысы тексеріліп, жергілікті шаруалармен кездесу өткізілді. 🔹 Су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысы және жаңа облыстық аурухананың құрылысы тексерілді. 🔹 Олжас Бектенов Qyzyljar АЭА аумағындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. *** 🔹 ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді. 🔹 «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесі экономиканың нақты секторын қаржыландыруды кеңейту жөніндегі шешімдерді бекітті. 🔹 Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Кипр президенті Никос Христодулидис Қазақстан-Кипр бизнес-форумына қатысты. 🔹 Almaty Superski жобасы практикалық жүзеге асыру кезеңіне көшуде. 🔸 Екіжақты кездесулер 🔹 Олжас Бектенов XINFA GROUP басшылығымен Павлодар облысындағы өнеркәсіптік парк құрылысының барысын талқылады. 🔹 ҚР Премьер-министрі ҚХР Гонконг Арнайы Әкімшілік ауданының Басшысымен кездесу өткізді. 🔸 Премьер-министрдің орынбасарлары 🔹 Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен аясында өңірдің индустриялық және аграрлық секторларының даму қарқынымен танысты. 🔹 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жобалық кеңсенің отырыстарын өткізді, онда тауарларды таңбалау жүйесін енгізу кезінде бизнесті қосымша қолдау мәселелері қаралды. 🔹 Премьер-Министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Біріккен ядролық зерттеулер институтының делегациясымен кездесу және 2026-2028 жылдарға арналған мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді дамытудың кешенді жоспары бойынша кеңес өткізді. 📱 @KZgovernment
Шығармашыл жастардың шетелдік жоғары оқу орындарында оқуына және тағылымдамадан өтуіне мүмкіндіктер 📌 Қазіргі уақытта қазақстандық шығармашыл жастар «Болашақ», Erasmus+, DAAD, Fulbright, Chevening және басқа да халықаралық бағдарламалар арқылы әлемнің жетекші…
Шығармашыл жастардың шетелдік жоғары оқу орындарында оқуына және тағылымдамадан өтуіне мүмкіндіктер 📌 Қазіргі уақытта қазақстандық шығармашыл жастар «Болашақ», Erasmus+, DAAD, Fulbright, Chevening және басқа да халықаралық бағдарламалар арқылы әлемнің жетекші университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие. «Болашақ» стипендиясы аясында «Креативті индустриялар, шығармашылық, өнер» бағыты бойынша жыл сайын магистратура бағдарламаларына қабылдау жүргізіледі. Бағдарламаларға Royal Conservatoire of Scotland, University of Reading, Regent London, Stanford University, New York Film Academy және басқа да жетекші шығармашылық оқу орындары кіреді. Бұдан бөлек, «Болашақ» бағдарламасы мәдениет саласы қызметкерлеріне арналған тағылымдамаларды, сондай-ақ шығармашылық жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін ғылыми тағылымдамаларды да қарастырады. Бұл олардың біліктілігін және зерттеу деңгейін арттыруға бағытталған. Басымдық берілген мамандықтар тізіміне арт-менеджмент, актерлік өнер, музыка және вокал, дирижерлік, дизайн, сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері, кескіндеме, мүсін өнері, операторлық өнер, режиссура, продюсерлік, театр, кино және ТВ, анимация және өнертану кіреді. Үкімет жас орындаушыларға арналған фестивальдер мен байқаулар өткізеді, оның ішінде скрипкашылар, пианистер, балет әртістері, вокалистер және дәстүрлі орындаушылар арасындағы халықаралық жарыстар бар. Мұндай алаңдар жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға және кәсіби дамуын қолдауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында қазақстандық әртістер халықаралық беделді байқаулар мен фестивальдерде табысты өнер көрсетіп жүр. Бибігүл Төлегенованың байқауы, Петр Чайковский атындағы байқау, Екатерина Максимова атындағы «Арабеск», Витебск қаласындағы «Славян базары», сондай-ақ World Dance Council, World DanceSport Federation және International Dance Sport Union турнирлері сияқты бірқатар жарыстардың жеңімпаздарына гранттар беріледі және шығармашылық оқу орындарына конкурстан тыс түсуге мүмкіндік қарастырылған. 📱 @KZgovernment
Государственная поддержка творческой молодежи и деятелей культуры 📌 В Казахстане реализуется комплекс мер по поддержке деятелей культуры, литературы и творческой молодежи. С 2023 года вручается специальная литературная премия Президента Республики Казахстан…
Шығармашылық жастар мен мәдениет қайраткерлерін мемлекеттік қолдау 📌Қазақстанда мәдениет, әдебиет қайраткерлері мен шығармашыл жастарды қолдау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті жас жазушылар…
Шығармашылық жастар мен мәдениет қайраткерлерін мемлекеттік қолдау 📌Қазақстанда мәдениет, әдебиет қайраткерлері мен шығармашыл жастарды қолдау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті жас жазушылар…
Шығармашылық жастар мен мәдениет қайраткерлерін мемлекеттік қолдау 📌Қазақстанда мәдениет, әдебиет қайраткерлері мен шығармашыл жастарды қолдау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті жас жазушылар мен ақындарға арналған арнайы әдеби сыйлықты табыстап келеді. Оның лауреаттары болып 12 автор танылды, жалпы берілген сыйлық көлемі 50 млн теңгені құрады. Марапат төрт бағыт бойынша беріледі: проза, поэзия, драматургия және балалар әдебиеті. Ұлттық әдеби «Айбозды» сыйлығы да жалғасып келеді. 2022 жылдан бері оның лауреаттары қатарында 28 қаламгер бар, ал жалпы жүлде қоры 140 млн теңгені құрады. Сыйлық қазіргі әдебиеттің негізгі жанрларын қамтиды, соның ішінде проза, поэзия, драматургия, аударма, балалар әдебиеті, әдеби сын және комикс бар. Оқуға деген қызығушылықты арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. 2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет республикалық деңгейде Ұлттық кітап күні аталып өтті. Соның аясында еліміз бойынша шамамен 300 іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ тоғыз номинациядан тұратын «Ұлттық кітап» байқауы өткізіліп, «Жыл кітабы» Гран-приі табысталды. Жас жазушыларды қолдау мақсатында 2024–2025 жылдары арнайы гранттар 40 авторға беріліп, олардың нәтижесінде кітаптары жарық көрді. Сонымен қатар Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Ерлік пен еңбек дастаны» атты шығармашылық байқау өткізіліп, оның жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Дарынды жастарды қолдаудың негізгі құралдарының бірі – ғылым, шығармашылық және спорт салаларындағы жетістіктері үшін берілетін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы. Бүгінгі күнге дейін 380 адам лауреат атанды. Сыйлық иегерлеріне диплом, төсбелгі және 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады. 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен жыл сайын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тағайындалып келеді. Оның мөлшері 3 млн теңгені құрайды. Бұл грант белсенді шығармашыл жастардың жаңа идеялары мен бастамаларын қолдауға бағытталған. Осы уақытқа дейін оның иегері атанғандар саны 153 адамды құрады. Сонымен қатар жыл сайын 75 мәдениет қайраткеріне мемлекеттік стипендия тағайындалады. Биылдан бастап оның мөлшері екі есеге ұлғайып, 5 млн теңгені құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен дәстүрлі өнер шеберлерін қолдауға және ұлттық мәдени мұраға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған «Асыл мұра» ұлттық сыйлығы құрылуда. Бұл марапат Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұсынысы негізінде Президент Жарлығымен мәдениет пен өнер саласындағы ең талантты өкілдерге табысталатын болады. Бір уақытта ведомство шетелде танылған мәдениет өкілдерін ынталандырудың жаңа тетігін әзірлеуде. Қазірдің өзінде республикалық іріктеудің ережелері дайындалып жатыр, оның қорытындысы бойынша кемінде он елдің қатысуымен өтетін халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары мен лауреаттары марапатталады. Марапаттар бірнеше бағыт бойынша беріледі деп жоспарланған: музыка, театр, хореография және балет, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, кино және анимация. Қазіргі уақытта бұл шараны 2027 жылдан бастап республикалық бюджет есебінен қаржыландыру мәселесі пысықталуда. Сонымен қатар жоғары нәтижелерге қол жеткізген қатысушылар мен олардың тәлімгерлері ақшалай сыйақылар, гранттар, ведомстволық наградалар және арнайы төлемдер ала алады. Мұндай қолдаудың көлемі мен тәртібі іс-шараның деңгейіне, мекеме мәртебесіне және уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімдеріне байланысты болады. Жыл сайын еліміздің мәдениет пен өнер саласының дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар мемлекеттік наградалармен марапатталады. 2026 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай 120 азамат марапатқа ие болды. Жас дарындарды қолдау шығармашылық мектептер, гранттық бағдарламалар, байқаулар, фестивальдер, білім беру жобалары мен стипендиялар арқылы жүзеге асырылуда. Бұл жұмыста қоғамдық және қайырымдылық қорлар, сондай-ақ шығармашылық одақтар да маңызды рөл атқарады.
Мәдениет саласы қызметкерлерін тұрғын үймен қолдау Мәдениет саласының мамандары тұрғын үйді қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына жалпы негізде қатыса алады. Сонымен қатар, бірқатар өңірлерде әлеуметтік сала қызметкерлері үшін қосымша қолдау шаралары қарастырылған. Олардың қатарында қызметтік және жалдамалы тұрғын үй беру, сондай-ақ жеңілдетілген шарттармен несие ұсыну тетіктері бар. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі сала қызметкерлерін қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. 2024 жылы министрліктің Астана қаласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдарында жұмыс істейтін қызметкерлерге 200 пәтер берілді. Бұл жұмыс 2026 жылы да жалғасын тапты: Алматы қаласындағы мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша 60 пәтер бөлінді. Пәтер кілттерін табыстау рәсімі Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері бірлесіп ұйымдастырды. Жалпы, Мемлекет басшысының қолдауымен мәдениет саласының қызметкерлеріне 260 пәтер берілді. Бұл шаралар мамандардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға, саладағы білікті кадрларды тұрақтандыруға және мәдениет саласындағы мамандардың беделін көтеруге ықпал етеді. ➖ Жилищная поддержка работников культуры В ряде регионов для работников социальной сферы предусмотрены дополнительные меры поддержки, включая служебное и арендное жилье, а также льготное кредитование. В рамках поручений Главы государства Правительством и проводится системная работа по обеспечению работников отрасли служебным жильем. В 2024 году 200 квартир были предоставлены сотрудникам организаций культуры, работающим в Астане. Эта работа продолжилась в 2026 году: дополнительно выделено 60 квартир для работников организаций культуры Алматы. Вручение ключей было организовано Министерством совместно с акиматами Астаны и Алматы. В целом при поддержке Главы государства работникам сферы культуры предоставлено 260 квартир. Эти меры способствуют повышению социальной защищенности специалистов, закреплению квалифицированных кадров и росту престижа профессий в сфере культуры. 📱 @KZgovernment
Мәдениет қызметкерлеріне арналған әлеуметтік кепілдіктер Бұл ретте көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлерінің жекелеген санаттары үшін қосымша әлеуметтік кепілдіктер көзделген. «Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық әртісі», «Халық жазушысы» атақтарын қоса алғанда…
Мәдениет қызметкерлеріне арналған әлеуметтік кепілдіктер Бұл ретте көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлерінің жекелеген санаттары үшін қосымша әлеуметтік кепілдіктер көзделген. «Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық әртісі», «Халық жазушысы» атақтарын қоса алғанда, жоғары мемлекеттік атақтар мен наградаларға ие болған адамдар, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары, сондай-ақ ұлттық академиялардың академиктері тегін амбулаториялық-емханалық қызмет алуға және медициналық қамсыздандыруға құқылы. Бүгінде ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығында осындай құрметті атақтардың 494 иегеріне қызмет көрсетіледі. Бұдан басқа, азаматтардың осы санаттарына және олардың жұбайларына жылына бір рет Қазақстанда тегін санаториялық-курорттық емдеу және сауықтыру демалысы беріледі. Қазақстанда жалпы әлеуметтік кепілдіктермен қатар мамандығы ерекше физикалық жүктемелермен және еңбек жағдайларымен байланысты әртістер үшін де арнайы қолдау шаралары қарастырылған. «Мәдениет туралы» заңға сәйкес кемінде 20 жыл кәсіби өтілі бар және зейнеткерлік жасқа дейін мамандығы бойынша жұмысын аяқтаған балет әртістері ай сайынғы ақшалай төлемдер ала алады. Бүгінде мұндай қолдауды 56 қызметкер алып отыр, олар – hеспубликалық опера және балет театрларының 49 әртісі, сондай-ақ Астана, Алматы және Қарағандыда 7 қызметкер. Жыл сайын осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 89 млн теңге бөлінеді. 2024 жылдың қаңтар айынан бері мұндай шара мемлекеттік мекемелердегі халық биі әртістері үшін де, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін де қолданылады. Төлем жұмыс беруші соңғы жеті жыл ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеген жағдайда 55 жастан бастап тағайындалады. Ол зейнеткерлік жасқа толғанға дейін беріледі, жеке табыс салығы салынбайды және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады. 📱 @KZgovernment
Развитие культурной инфраструктуры 📌Государством последовательно реализуются меры по строительству новых культурных объектов, модернизации действующей инфраструктуры и укреплению материально-технической базы учреждений культуры. За последние пять лет в стране…
Мәдени инфрақұрылымды дамыту 📌Мемлекет мәдени нысандар салу, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту және мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту шараларын кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Соңғы бес жылда елімізде 274 мәдени нысан…
Мәдени инфрақұрылымды дамыту 📌Мемлекет мәдени нысандар салу, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту және мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту шараларын кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Соңғы бес жылда елімізде 274 мәдени нысан…
Мәдени инфрақұрылымды дамыту 📌Мемлекет мәдени нысандар салу, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту және мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту шараларын кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Соңғы бес жылда елімізде 274 мәдени нысан салынды, сондай-ақ тағы 1293 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл 64 нысанның құрылысы жалғасын тауып, 130 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Театр инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінініп отыр. Кейінгі жылдары Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық академиялық музыкалық-драма театры, Түркістан қаласындағы музыкалық-драма театры және Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимараттары пайдалануға берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар қазір де жалғасуда. Бүгінгі таңда Ақтөбе және Қонаев қалаларындағы драма театрларында жаңа ғимараттар құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Шымкент қаласында опера театрының, Қызылорда қаласында драма театрының және Семей қаласында музыкалық-драма театрының құрылысын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар қолданыстағы мәдениет мекемелерін жаңғырту жұмыстары жалғасып келеді. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры мен Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры ғимараттарын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Демеушілік қаражат есебінен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында да жөндеу және жаңарту жұмыстары атқарылды. Атап айтқанда, кіреберіс бөлігі қайта жаңғыртылып, залдар мен қызметтік үй-жайлар жаңартылды. Музей және туристік инфрақұрылымды дамыту да басым бағыттардың бірі болып қала береді. 2025 жылы Астана қаласында жаңа Өнер музейі ашылды. Түркістан облысындағы «Сауран» және «Гауһар ана» визит-орталықтары мен Алматы облысындағы «Есік» визит-орталығының құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар Бозоқ көне қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде құрылған ашық аспан астындағы ұлттық парк аумағында ортағасырлық сәулет үлгісіндегі қоршау салу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұдан бөлек, демеушілік қаражат есебінен былтыр Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік музейдегі желдету және ауа баптау жүйелері жаңартылды. Өңірлердегі мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы жүйелі жұмыс «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Бұл бастама өз кезегінде ауылдық және өңірлік мәдениет ошақтарының мүмкіндіктерін кеңейтіп, халыққа көрсетілетін мәдени қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2027 жылға дейін кітапханаларды жаңғырту жөніндегі жол картасы жүзеге асырылуда. 2025 жылы Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында 3 жаңа кітапхана салынды. Сондай-ақ 13 кітапханаға күрделі жөндеу, 64 кітапханада ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді және 197 кітапхананың материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Шығармашылық білім беру саласында да маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Алматыда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының және Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттеріне арналған 500 орындық жатақхананың құрылысы басталды.
Архив UKIMET — страница 21
Это 21-я страница архива публикаций источника UKIMET. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.