UKIMET » публикация №24179
📌Аптаны жексенбілік дайджесте қорытындылаймыз 🔸 Үкімет отырысы 🔹 Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу профилактикасын күшейтеді. 🔹 Премьер-министр ірі кәсіпорындардың басшылары үшін өндірістік жарақаттану бойынша KPI енгізуді тапсырды. 🔹 Олжас Бектенов: тау-кен, мұнай-газ және химия кәсіпорындарындағы қауіпсіздікті қадағалау ерекше бақылауда ұсталсын. 🔹 ШОБ-ты қоса алғанда, барлық кәсіпорындарда жұмыскерлердің қауіпсіздігі үшін мониторинг пен автоматты бақылаудың цифрлық жүйелерін енгізу жеделдетіледі. 🔹 Қазақстанда еңбек инспекторларының функциялары кеңейтіледі. 🔹 Қоғамдық тамақтану орындары газ баллондарын сақтау талаптары бойынша тексеріледі. 🔹 Үкімет жыл соңына дейін «е-ТЖМ» цифрлық платформасын іске қосып, «Еңбек қорғау және қауіпсіздік» жүйесінің интеграциясын аяқтайды. 🔸 Премьер-министрдің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары 🔹 Олжас Бектенов көктемгі егін егу жұмыстарын аяқтау және АӨК-ті дамыту, сондай-ақ ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. Биыл егіс алқабы 23,8 млн га құрады. 🔹 Ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі шаралардың жүзеге асырылу барысы тексеріліп, жергілікті шаруалармен кездесу өткізілді. 🔹 Су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысы және жаңа облыстық аурухананың құрылысы тексерілді. 🔹 Олжас Бектенов Qyzyljar АЭА аумағындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. *** 🔹 ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді. 🔹 «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесі экономиканың нақты секторын қаржыландыруды кеңейту жөніндегі шешімдерді бекітті. 🔹 Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Кипр президенті Никос Христодулидис Қазақстан-Кипр бизнес-форумына қатысты. 🔹 Almaty Superski жобасы практикалық жүзеге асыру кезеңіне көшуде. 🔸 Екіжақты кездесулер 🔹 Олжас Бектенов XINFA GROUP басшылығымен Павлодар облысындағы өнеркәсіптік парк құрылысының барысын талқылады. 🔹 ҚР Премьер-министрі ҚХР Гонконг Арнайы Әкімшілік ауданының Басшысымен кездесу өткізді. 🔸 Премьер-министрдің орынбасарлары 🔹 Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен аясында өңірдің индустриялық және аграрлық секторларының даму қарқынымен танысты. 🔹 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жобалық кеңсенің отырыстарын өткізді, онда тауарларды таңбалау жүйесін енгізу кезінде бизнесті қосымша қолдау мәселелері қаралды. 🔹 Премьер-Министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Біріккен ядролық зерттеулер институтының делегациясымен кездесу және 2026-2028 жылдарға арналған мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді дамытудың кешенді жоспары бойынша кеңес өткізді. 📱 @KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























