UKIMET » публикация №24184
Өңірлердегі көктемгі дала жұмыстарының барысы 📌Қазақстанның негізгі астық егетін өңірлері дәстүрлі түрде Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары болып қала береді. Еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі көбінесе осы аймақтардағы егіс жұмыстарының нәтижелеріне байланысты, сондықтан олар үнемі ерекше назарды ұсталады. Мәселен, СҚО-да егіс алқабы 4,3 млн гектарды құрады. Егіс құрылымын әртараптандыру шеңберінде дәнді дақылдар алқабы 2,9 млн гектарға дейін оңтайландырылды, оның ішінде бидай – 1,9 млн гектар. Бұл ретте жоғары сұранысқа ие дақылдарға баса назар аударылып отыр: майлы дақылдар алқабы екінші жыл қатарынан 1 млн гектарға жеткізілді. Жемшөп дақылдары 405 мың, картоп 8,6 мың, көкөністер 1,4 мың гектар алқапты алды. Сонымен қатар, өңірде ауыл шаруашылығы техникасы паркі қарқынды түрде жаңартылуда. Биыл бұл көрсеткішті 8,5%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. 90 млрд теңгеге 3,5 мың техника сатып алу қарастырылған, оның ішінде 29,9 млрд теңгеге бүгінде 770 данасы сатып алынды. Ақмола облысында жалпы егіс алқабы 5,6 млн гектарды құрады. Әртараптандыру аясында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың алаңы 4,5 млн гектарға дейін, 184,6 мың гектарға қысқартылды. Соның есебінен анағұрлым сұранысқа ие бағыттар кеңейтілді: майлы дақылдардың егісін 220 мың гектарға ұлғайтылып, олардың көлемі 715 мың гектарға жетті, ал мал азықтық дақылдар 34,1 мың гектарға артып, 370,7 мың гектарды құрады. Картоп пен көкөніс тиісінше 8,6 мың гектар және 1,5 мың гектар аумаққа орналастырылды. Егістік жұмыстармен қатар өңір жоғары логистикалық және индустриялық әлеуетін де көрсетіп отыр. Жыл басынан бері облыстың астық қабылдау кәсіпорындарынан экспортқа 1,9 млн тонна астық жөнелтілді. Аршалы ауданында жылына 3 млн тоннаға дейін шикізатты өңдейтін ірі астықты терең өңдеу зауытын салу өңдеу саласын дамытудағы маңызды қадам болмақ. Кәсіпорында натрий глутаматы, лизин және басқа да өнімдер өндіру жоспарланған. Жоба «Dalian Hesheng Holdings Group Co., Ltd.» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Жүзеге асыру кезеңі 2026–2028 жылдарға жоспарланған, инвестиция көлемі 900 млрд теңгені құрайды. Жоба алғашқы кезеңде 1 мыңға дейін, толық қуатқа шыққанда 3 мыңға дейін жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өңірде ауыл шаруашылығы техникасын белсенді жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Биыл ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін 2025 жылғы 7%-бен салыстырғанда 8,5%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Қаңтар–мамыр айларында өңір шаруалары жалпы құны 38,4 млрд теңгені құрайтын 789 бірлік техника сатып алды. Қостанай облысында көктемгі егіс науқанының жалпы көлемі 5,2 млн гектар деңгейінде жоспарланды. Диверсификация аясында бидай үлесін қысқарту есебінен майлы дақылдардың алқабы 887 мың гектарға, дәнді-бұршақты дақылдар 212,3 мың гектарға, картоп 7,5 мың гектарға және біржылдық шөптер 107 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Науқанды жүргізу үшін 1–3 сыныптағы кондициялық тұқымдардың 514,2 мың тоннасы пайдаланылды, сондай-ақ литрі 281 теңгеден аспайтын жеңілдетілген дизель отынының 73,3 мың тоннасы бөлінді. Бұл ретте өңір астықтан ұн өңдеу бойынша республикадағы көшбасшы орнын сақтап келеді. Облыстың үлесіне еліміздегі ұн өндірісінің 30%-ы тиесілі. Өңірде жылдық қуаттылығы 2 млн тоннаға дейін жететін 35 диірмен кешені жұмыс істейді. 2024–2025 жылдары астық өңдеу саласында жалпы құны 9,3 млрд теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске қосылды. Ал 2027–2028 жылдары жылына 415 мың тонна бидайды терең өңдеу қуаты бар Qostanai Grain Industry зауыты мен Tobol center KZ кешенінің құрылысы жоспарланған. 📱 @KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























