ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ » публикация №6637
Қазақстанның Жоғарғы Соты әкімшілік құқық бойынша Еуразиялық конгресс құруға бастамашы болды ◾️ Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында әкімшілік құқық бойынша Еуразиялық конгресс құру туралы Астана декларациясына қол қою рәсімі өтті. Маңызды оқиға Қазақстанның әкімшілік әділетінің бес жылдығына арналған халықаралық форум аясында өтті. ◾️ Кездесуді аша отырып, ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев әкімшілік әділет Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де көптеген пікірлестердің күш-жігерін біріктірген дәйекті және ауқымды жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті. ◾️ Форум барысында әкімшілік сот ісін жүргізуді одан әрі дамыту, әртүрлі елдердің сот жүйелері арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайту, құқық қолдану практикасын жетілдіру және мемлекетпен қарым-қатынаста азаматтардың құқықтарын қорғау саласында озық халықаралық тәсілдерді енгізу мәселелері талқыланды. Әкімшілік әділет – тек жаңа кодекс емес. Бұл– саяси ерік-жігердің, жинақталған тәжірибенің, оның Қазақстандағы ізбасарларының еңбегі мен ынта-жігерінің, сондай-ақ сіздің жауапкершіліктеріңіз бен елеулі қолдауларыңыздың арқасында жүріп өткен жол», – деп атап өтті Аслан Түкиев. ◾️ Оның айтуынша, әкімшілік құқық бойынша Еуразиялық конгресс құру цифрлық трансформация және мемлекеттік басқарудың жаңа сын-қатерлері жағдайында әкімшілік әділетті дамытудың заманауи тәсілдерін әзірлеуге қабілетті беделді халықаралық сараптама алаңынқалыптастырудағы маңызды қадам болмақ. ◾️ Бастаманы ТМД Экономикалық Сотының төрағасы Герман Нұрбаев, Қырғызстан мен Өзбекстан Жоғарғы соттары төрағаларының орынбасарлары Нұргүл Бакирова мен Шухрат Полванов, Әзербайжан, Тәжікстан мен Германия судьялары Сайяд Кәрімов, Тохир Хамзазода және Йорг Пуделька, сондай-ақ Түркия Мемлекеттік кеңесі палатасының төрағасы Гүл Хасан қолдады. ◾️ Астана декларациясы судьяларды, ғалымдармен сарапшыларды біріктіру, тәжірибе алмасу, кәсіби диалогты дамыту және еуразиялық кеңістікте әкімшілік сот ісін жүргізудің озық практикаларын ілгерілету үшін халықаралық алаң құруды көздейді. ◾️ Бағдарлама соңында шетелдік қонақтар «Болашақ соты» жобасы аясында іске асырылып жатқан Қазақстан Жоғарғы Сотының инновациялық шешімдерімен танысты.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























