UKIMET » публикация №24177
Шығармашыл жастардың шетелдік жоғары оқу орындарында оқуына және тағылымдамадан өтуіне мүмкіндіктер 📌 Қазіргі уақытта қазақстандық шығармашыл жастар «Болашақ», Erasmus+, DAAD, Fulbright, Chevening және басқа да халықаралық бағдарламалар арқылы әлемнің жетекші университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие. «Болашақ» стипендиясы аясында «Креативті индустриялар, шығармашылық, өнер» бағыты бойынша жыл сайын магистратура бағдарламаларына қабылдау жүргізіледі. Бағдарламаларға Royal Conservatoire of Scotland, University of Reading, Regent London, Stanford University, New York Film Academy және басқа да жетекші шығармашылық оқу орындары кіреді. Бұдан бөлек, «Болашақ» бағдарламасы мәдениет саласы қызметкерлеріне арналған тағылымдамаларды, сондай-ақ шығармашылық жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін ғылыми тағылымдамаларды да қарастырады. Бұл олардың біліктілігін және зерттеу деңгейін арттыруға бағытталған. Басымдық берілген мамандықтар тізіміне арт-менеджмент, актерлік өнер, музыка және вокал, дирижерлік, дизайн, сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері, кескіндеме, мүсін өнері, операторлық өнер, режиссура, продюсерлік, театр, кино және ТВ, анимация және өнертану кіреді. Үкімет жас орындаушыларға арналған фестивальдер мен байқаулар өткізеді, оның ішінде скрипкашылар, пианистер, балет әртістері, вокалистер және дәстүрлі орындаушылар арасындағы халықаралық жарыстар бар. Мұндай алаңдар жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға және кәсіби дамуын қолдауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында қазақстандық әртістер халықаралық беделді байқаулар мен фестивальдерде табысты өнер көрсетіп жүр. Бибігүл Төлегенованың байқауы, Петр Чайковский атындағы байқау, Екатерина Максимова атындағы «Арабеск», Витебск қаласындағы «Славян базары», сондай-ақ World Dance Council, World DanceSport Federation және International Dance Sport Union турнирлері сияқты бірқатар жарыстардың жеңімпаздарына гранттар беріледі және шығармашылық оқу орындарына конкурстан тыс түсуге мүмкіндік қарастырылған. 📱 @KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























