Life News Новостной агрегатор

POLISIA.KZ — страница 8

Источник: POLISIA.KZ · сбросить

Архив материалов источника POLISIA.KZ, страница 8. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


POLISIA.KZ » публикация №17157
POLISIA.KZ » публикация №17157

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен және Орталық Азия мемлекеттерімен өзара сенім, тату көршілік, ортақ жауапкершілік негізіндегі ынтымақтастықты ілгерілетуге ерекше мән беретінін жеткізді 🟦Кездесуге қатысушылар өзара байланыстарды жолға қоюға, жедел ақпарат алмасуға, кәсіби қарым-қатынастарды дамытуға және құқық қорғау органдарының қызметіне заманауи технологияларды енгізуге ниетті екендерін растады. 🟦Президент аталған жиынның Орталық Азия мен Қытай аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша серіктестік пен ықпалдастыққа тың серпін беретініне сенім білдірді.


POLISIA.KZ » публикация №17156
POLISIA.KZ » публикация №17156

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Глава государства отметил, что укрепление и развитие экономического сотрудничества стран региона, реализация совместных инфраструктурных проектов тесно связаны с вопросами безопасности – Транскаспийский международный транспортный маршрут становится стратегическим элементом евразийской логистики. Его значимость кратно возрастает в условиях трансформации глобальных торговых цепочек и роста геополитической напряженности. Между тем наращивание грузопотоков сопряжено с определенными рисками. Речь идет о транснациональной преступности: перевозке контрабанды, наркотиков, оружия, – сказал Касым-Жомарт Токаев. 🟦Президент указал на необходимость реализации имеющегося потенциала формата «Центральная Азия – Китай» для выстраивания эффективной системы региональной безопасности. – Министерства внутренних дел, на мой взгляд, должны усилить сотрудничество друг с другом, делиться информацией друг с другом по самым чувствительным вопросам, касающимся безопасности и общественного порядка. Это полностью соответствует потребностям и чаяниям наших народов. Они требуют от руководителей своих государств принять самые срочные, самые эффективные меры для того, чтобы навести порядок и создать благоприятные условия для нормальной, безопасной жизни, чтобы наши дети чувствовали себя в безопасности, и граждане могли бы с уверенностью сказать, что руководители наших стран, министры внутренних дел и других ведомств предпринимают усилия для наведения необходимого общественного порядка в соответствии с законодательством, – подчеркнул Глава государства.


POLISIA.KZ » публикация №17155
POLISIA.KZ » публикация №17155

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мемлекет басшысы өңір елдерінің экономикалық ынтымақтастығын нығайту мен дамыту, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру қауіпсіздік мәселесімен тығыз байланысты екенін айтты – Транскаспий халықаралық көлік бағыты еуразиялық логистиканың стратегиялық элементіне айналып келеді. Жаһандық сауда тізбегінің трансформациясына және геосаяси қысымның күшеюіне сәйкес оның маңызы еселеп артты. Сонымен қатар жүк тасымалын ұлғайтудың белгілі бір қауіп-қатерлері бар. Әңгіме трансұлттық қылмыс, соның ішінде контрабанда, есірткі, қару-жарақ тасымалы туралы болып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 🟦Президент өңірлік қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құру үшін «Орталық Азия – Қытай» форматының әлеуетін пайдалану қажеттігін жеткізді. – Менің ойымша, ішкі істер министрліктері бір-бірімен ынтымақтастықты күшейтіп, қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп мәселелеріне қатысты ақпараттармен бөлісуге тиіс. Бұл халықтарымыздың арман-тілегіне толығымен сай келеді. Жұртшылық мемлекеттер басшыларынан өз елдерін тәртіпке келтіріп, қалыпты әрі қауіпсіз өмірге қолайлы жағдай жасау үшін аса шұғыл, тиімді шешімдер қабылдауды талап етіп отыр. Балаларымыз, жалпы халық ел басшыларының, ішкі істер министрлері мен басқа да ведомство жетекшілерінің заңға сәйкес қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын қабылдап жатқандарына көздері жетіп, өздерін қауіпсіз сезінуі қажет, – деді Мемлекет басшысы.


POLISIA.KZ » публикация №17154
POLISIA.KZ » публикация №17154

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Касым-Жомарт Токаев: «Уверен, что формат «Центральная Азия – Китай» станет примером согласованных и конкретных мер обеспечения безопасности наших стран» 🟦Как подчеркнул Президент, нельзя допустить, чтобы преступные элементы подрывали внутреннюю стабильность в регионе. В этом контексте, по его мнению, нужны более системные и решительные действия. – Обеспечение верховенства закона рассматривается Казахстаном не только как правоохранительная функция, но и как стратегический приоритет государственной политики. Мы последовательно реализуем курс на укрепление концепции «Закон и Порядок». Этот принцип отражен в новой Конституции в качестве базового элемента последующей трансформации модернизации нашей страны. В числе приоритетных задач – блокировка финансовых потоков транснациональных преступных групп. Следует активнее пресекать распространение идей экстремизма, вербовку в террористические группы через Интернет, выявлять на дальних подступах подготовку к террористическим актам. Все обозначенные мною угрозы тесно взаимосвязаны, противодействие им требует комплексных, комбинированных усилий. Уверен, что формат «Центральная Азия – Китай» станет примером согласованных и конкретных мер обеспечения безопасности наших стран, – отметил Глава государства. 🟦Касым-Жомарт Токаев полагает, что перевод многих сфер общественной и экономической жизни в онлайн-пространство выводит вопросы кибербезопасности на совершенно новый уровень. – Преступность в сфере информационных технологий не признает границ, затрагивая граждан, бизнес и государственные органы наших стран. Гибридные и информационные технологии служат инструментом дезинформации и так называемых «фейков», распространяют язык ненависти, разжигают конфликты. Искусственный интеллект в руках деструктивных элементов превращается в информационное оружие, причем очень мощное по своим деструктивным последствиям оружие. Противоправный контент, или, как сейчас принято говорить, противоправное содержание, штампуется конвейерным потоком. В этой связи существующие механизмы взаимодействия нуждаются в системном совершенствовании и проактивном противодействии киберпреступности, – заявил Президент.


POLISIA.KZ » публикация №17153
POLISIA.KZ » публикация №17153

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы елдеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде өзара үйлесімді, нақты шешімдердің үлгісі болатынына сенімдімін» 🟦Президенттің пікірінше, қылмыстық элементтердің өңірдегі ішкі тұрақтылықты бұзуына жол беруге болмайды. Бұл орайда жүйелі әрі батыл әрекеттер қажет. – Қазақстан заң үстемдігін қамтамасыз етуді құқық қорғау қызметі ғана емес, мемлекеттік саясаттың стратегиялық басым бағыты ретінде қарастырады. Біз «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын дәйекті түрде нығайтып келеміз. Аталған қағидат жаңа Конституциямызда елімізді одан әрі жаңғыртудың басты алғышарттарының бірі ретінде көрініс тапты. Маңызды міндеттердің бірі – ұйымдасқан трансұлттық қылмыстық топтардың қаржы ағынына тосқауыл қою. Экстремизм идеяларының таралуын, лаңкестік топтардың адамдарды интернет арқылы арбауын белсенді түрде әшкерелеп, террорлық актілерге астыртын әзірлік әрекеттерін алдын ала анықтаған жөн. Айтылған қатерлердің бәрі бір-бірімен тығыз байланысты. Оған тек жан-жақты, кешенді түрде күш-жігер біріктіре отырып төтеп бере аламыз. «Орталық Азия – Қытай» форматы елдеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде өзара үйлесімді, нақты шешімдердің үлгісі болатынына сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық және экономикалық тыныс-тіршіліктің онлайн кеңістікке ойысуы киберқауіпсіздік мәселесін мүлдем жаңа деңгейге көтерді деп санайды. – Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыс ешқандай шекараға бағынбайды. Азаматтарымызға, бизнеске және мемлекеттік органдарға зардабын тигізіп отыр. Гибридті және ақпараттық технологиялар жалған мәлімет, яғни, «фейк» тарату құралы ретінде қолданылады. Өшпенділік өртін үрлеп, алауыздық туғызады. Деструктивті элементтердің қолындағы жасанды интеллект ауыр салдарға әкеліп соғатын өте жойқын ақпараттық қаруға айналды. Заң талаптарына қайшы контент толассыз көбейіп жатыр. Осыған байланысты қазіргі ықпалдастық тетіктерін жүйелі түрде жетілдіріп, киберқауіпсіздікке қарсы проактивті іс-қимылға көшу керек, – деді Президент.


POLISIA.KZ » публикация №17152
POLISIA.KZ » публикация №17152

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Глава государства отметил, что укрепление взаимодействия между правоохранительными органами стран Центральной Азии и Китая имеет важное значение для обеспечения стабильности и безопасности в регионе – Транснациональная организованная преступность становится все более гибкой и интегрированной. Киберпреступность превратилась в высокоприбыльную глобальную индустрию, наносящую ущерб в миллиарды долларов. Цифровая среда все чаще используется преступными группировками для координации своей деятельности, отмывания доходов и проведения атак, не признающих государственных границ. Центральная Азия, находясь на пересечении важных транспортных и торговых маршрутов, объективно остается в зоне повышенного внимания транснациональных преступных сетей. В этой связи особую остроту приобретают вопросы противодействия транснациональной организованной преступности, незаконному обороту наркотиков и торговле людьми. Убежден, только через объединение усилий, обмен информацией, укрепление институционального взаимодействия и внедрение современных технологий мы сможем эффективно противостоять этим угрозам. Казахстан последовательно выступает за углубление регионального и международного сотрудничества в сфере безопасности. Мы готовы к открытому диалогу, обмену лучшими практиками и совместной выработке решений, направленных на защиту наших граждан и обеспечение устойчивого развития соответствующих государств, – сказал Касым-Жомарт Токаев.


POLISIA.KZ » публикация №17151
POLISIA.KZ » публикация №17151

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мемлекет басшысы Орталық Азия елдері мен Қытайдың құқық қорғау органдары арасындағы ықпалдастықты арттыру өңірде тұрақтылықты және қауіпсіздікті сақтауда маңызды екенін атап өтті – Ұйымдасқан трансұлттық қылмыс тамыр жайып, аясын кеңейте түсті. Киберқылмыс табысы жоғары жаһандық индустрияға айналды. Бұл адамдарды миллиардтаған доллар шығынға ұшыратады. Цифрлық жүйені қылмыстық топтар өз қызметтерін үйлестіруге, табыстарын жылыстатуға, ешбір мемлекеттің шекарасына қарамайтын шабуыл жасауға жиі қолданады. Маңызды көлік және сауда бағыттары түйісетін Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары. Осы орайда, ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына және адам саудасына қарсы тұру мәселесі өзекті болып отыр. Күш-жігер біріктіру, ақпарат алмасу, институционалдық ықпалдастықты нығайту және заманауи технологияларды енгізу арқылы ғана бұл сын-қатерлерге қарсы тұра алатынымызға сенімдімін. Қазақстан қауіпсіздік саласындағы өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуді дәйекті түрде қолдайды. Біз азаматтарымызды қорғау мен елдерімізді орнықты дамыту бағытындағы ашық диалогқа, үздік тәжірибелерді алмасуға және бірлесіп шешім қабылдауға дайынбыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


POLISIA.KZ » публикация №17150
POLISIA.KZ » публикация №17150

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады 🔹 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» форматындағы салалық ведомстволардың екінші кездесуіне қатысу үшін Астанаға келген Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунды, Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрі Ұлан Ниязбековті, Тәжікстан Республикасының Ішкі істер министрі Рамазон Рахимзоданы, Түрікменстанның Ішкі істер министрі Мұхаммет Хыдыровты және Өзбекстан Республикасының Ішкі істер министрі Азиз Ташпулатовты қабылдады. 🔘 Кездесу барысында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, трансұлттық қылмыс пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, киберқауіпсіздік, экстремизммен және басқа да қазіргі сын-қатерлермен күрес мәселелері талқыланды. *** Глава государства принял министров внутренних дел и общественной безопасности стран формата «Центральная Азия – Китай» 🔹Президент Касым-Жомарт Токаев принял министра общественной безопасности Китайской Народной Республики Ван Сяохуна, министра внутренних дел Кыргызской Республики Улана Ниязбекова, министра внутренних дел Республики Таджикистан Рамазона Рахимзода, министра внутренних дел Туркменистана Мухаммета Хыдырова и министра внутренних дел Республики Узбекистан Азиза Ташпулатова, прибывших в Астану для участия во второй встрече профильных ведомств в формате «Центральная Азия – Китай». 🔘В ходе встречи были обсуждены вопросы обеспечения региональной безопасности, противодействия транснациональной преступности, незаконному обороту наркотиков, киберпреступности, экстремизму и другим современным вызовам.


POLISIA.KZ » публикация №17149
POLISIA.KZ » публикация №17149

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🚨 Полиция алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы ескертеді Соңғы уақытта егде жастағы азаматтар алаяқтардың құрбанына жиі айналуда. Қаскөйлер өздерін банк немесе мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде таныстырып, түрлі сылтаумен азаматтардың ақшасы мен жеке мәліметтеріне қол жеткізуге тырысады. 📌 Қазіргі кезде ең көп таралған бірнеше алаяқтық тәсілдері бар. 💰 Алаяқтар банк шотынан ақша ұрланғалы жатқанын айтып, қаражатты шұғыл түрде "қауіпсіз шотқа" аударуға көндіреді. Ол үшін сілтемелер жіберіп немесе арнайы қосымша орнатуды сұрайды. 📱 "Қауіпсіздік жүйесін жаңарту" деген сылтаумен белгісіз бағдарламаларды жүктеуді ұсынады. Мұндай қосымшалар орнатылғаннан кейін алаяқтар банк деректеріне толық қол жеткізе алады. 🏠 Кей жағдайларда қаскөйлер өздерін коммуналдық қызмет немесе зейнетақы ұйымдарының қызметкері ретінде таныстырып, төлемдерді қайта есептеу немесе есептегіштерді тексеру сылтауымен SMS-кодтар мен жеке мәліметтерді сұрайды. ⚠️ Сонымен қатар алаяқтар эмоцияға қысым жасау тәсілін де қолданады. Олар туысыңыз қиын жағдайға тап болғанын айтып, шұғыл ақша аударуды талап етеді. 🌀 Бұдан бөлек, қазіргі технологияларды пайдаланып, жақын адамның дауысын немесе бейнесін қолдан жасап, сенімге кіруге тырысады. Мұндай жағдайда ақпаратты міндетті түрде қайта тексеру қажет. 📌 Алаяқтардың құрбаны болмау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды. ✔️ Сабыр сақтап, асығыс шешім қабылдамаңыз. ✔️ Банкпен немесе мемлекеттік органдармен тек ресми нөмірлер арқылы байланысыңыз. ✔️ Банк картасының деректерін, SMS-кодтарды, құпиясөздер мен ПИН-кодтарды ешкімге айтпаңыз. ✔️ Белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз және күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. ✔️ Күмән туған жағдайда міндетті түрде жақындарыңызбен ақылдасыңыз. 👨‍👩‍👧‍👦 Полиция азаматтарды егде жастағы туыстарына алаяқтықтың кең таралған тәсілдерін түсіндіріп, қауіпсіздік шараларын ескертуге шақырады. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🚨 Полиция предупреждает о новых схемах мошенничества Пожилые люди все чаще становятся жертвами мошенников. Злоумышленники представляются сотрудниками банков или государственных органов и под разными предлогами пытаются получить доступ к деньгам или личным данным. 📌 Чаще всего используются несколько распространенных схем. 💰 Мошенники могут сообщить, что с банковского счета якобы пытаются похитить деньги, и убедить срочно перевести средства на "безопасный счет". Для этого они отправляют ссылки или просят установить приложение. 📱 Под предлогом "обновления системы безопасности" злоумышленники предлагают установить неизвестные программы. После установки они получают полный доступ к банковским данным. 🏠 Нередко мошенники представляются сотрудниками коммунальных служб или пенсионных организаций и просят назвать SMS-коды или личную информацию якобы для перерасчета выплат или проверки счетчиков. ⚠️ Еще одна распространенная схема — давление на эмоции. Мошенники сообщают, что с родственником произошла беда, и требуют срочно перевести деньги. 🌀 Кроме того, используются современные технологии — поддельные аудио и видео с имитацией голоса близких людей. В таких случаях важно не доверять сразу и обязательно перепроверять информацию. 📌 Чтобы не стать жертвой мошенников, важно соблюдать простые правила безопасности. ✔️ Не поддавайтесь панике и не принимайте поспешных решений. ✔️ Связывайтесь с банками и государственными органами только по официальным номерам. ✔️ Никому не сообщайте данные банковских карт, SMS-коды, пароли и ПИН-коды. ✔️ Не устанавливайте неизвестные приложения и не переходите по сомнительным ссылкам. ✔️ В случае сомнений обязательно посоветуйтесь с близкими. 👨‍👩‍👧‍👦 Полиция призывает предупредить пожилых родственников и объяснить им основные меры безопасности. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ


POLISIA.KZ » публикация №17146
POLISIA.KZ » публикация №17146

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

💠 Астанада "Генералдар кеңесінің" 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті Толық ақпарат сайтта. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 💠 25 лет на страже Отечества: "Совет генералов" Казахстана отметил юбилей Информация на сайте. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ


POLISIA.KZ » публикация №17143
POLISIA.KZ » публикация №17143

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

💠 Түркістан төріндегі тарихи саммит қауіпсіз өтуде Толық ақпарат сайтта. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 💠 Исторический саммит в Туркестане проходит в условиях безопасности Информация на сайте. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ


POLISIA.KZ » публикация №17142
POLISIA.KZ » публикация №17142

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🔶Киберқауіпсіздік: қарапайым ережелерді есте сақтаңыз Киберқылмыстың алдын алудың ең тиімді жолы – азаматтардың жеке сақтығы мен кибергигиенаны сақтау мәдениеті. Бұл туралы ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай атап өтті. Оның айтуынша, әрбір азамат күнделікті өмірде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауы қажет. «Банктік карта деректерін, парольдерді, SMS-кодтарды және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу маңызды. Сондай-ақ бейтаныс адамдар жіберген сілтемелерге өтпеу, олардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпау қажет. Интернеттегі «өте тиімді» ұсыныстарға да сақтықпен қараған жөн. Егер «банктен» қоңырау шалып, ақшаны шұғыл аударуды немесе SMS-кодты хабарлауды талап етсе, бұл – алаяқтар», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Ведомство өкілі құқық қорғау органдары телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейтінін ескертті. «Әлеуметтік желілерде қырағы болыңыз. Егер танысыңыз хабарласып, ақша сұраса, оған жеке қоңырау шалып, ақпаратты нақтылаған дұрыс. Бейтаныс адамдарды достар қатарына қоспаңыз, күдікті файлдарды ашпаңыз және танымайтын адамдарға ақша жібермеңіз», – деді Ж. Сүйінбай. 🔶Кибербезопасность: помните о простых правилах Самым эффективным способом профилактики киберпреступлений остаются личная бдительность граждан и соблюдение культуры кибергигиены. Об этом сообщил начальник департамента по противодействию киберпреступности МВД РК Жандос Сүйінбай. По его словам, каждому гражданину необходимо соблюдать элементарные правила безопасности в повседневной жизни. «Важно не передавать посторонним данные банковских карт, пароли, SMS-коды и личную информацию. Также не следует переходить по ссылкам, отправленным незнакомыми людьми, и устанавливать приложения по их просьбе. С осторожностью нужно относиться и к «слишком выгодным» предложениям в интернете. Если вам звонят якобы из банка и требуют срочно перевести деньги или сообщить SMS-код - это мошенники», - отметил спикер на пресс-конференции в СЦК. Представитель ведомства также напомнил, что правоохранительные органы не проводят специальные операции по телефону. «Будьте бдительны в социальных сетях. Если знакомый пишет с просьбой занять деньги, лучше лично ему позвонить и уточнить информацию. Не добавляйте в друзья незнакомых людей, не открывайте подозрительные файлы и не переводите деньги неизвестным лицам», - сказал Ж.Сүйінбай. @ortcom_kz #CCS


POLISIA.KZ » публикация №17141
POLISIA.KZ » публикация №17141

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🔶Шет мемлекеттермен бірлесіп арнайы операциялар өткізілмек – ҚР ІІМ ҚР ІІМ алаяқтарды анықтау мақсатында шетелдік әріптестермен белсенді қарым-қатынас жасайды, тікелей байланыстар мен ақпарат алмасу арналары қалыптастырылған. Биыл 31 наурызда ІІМ Украинаның полициясымен бірлесіп, кең көлемді арнайы операция жүргізілді. Бұл операция барысында қазақстандықтарды алдап келген Днепр қаласында орналасқан 3 алаяқтық Колл-орталықтың қызметі тоқтатылды. Арнайы операция нәтижесінде 53 шетел азаматы ұсталды, оның ішінде 8-і қамауға алынды. «Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 160-тан аса қазақстандық жәбірленуші анықталды, оларға келтірілген шығын Украина сот шешімімен қайтарылады. Алдағы уақытта бірқатар шет мемлекеттермен осындай бірлескен арнайы операциялар өткізу жоспарланып отыр», – деді ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Сонымен қатар, халықаралық ынтымақтастықты арттыру мақсатында компьютерлік қылмыстар туралы Будапешт және Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі БҰҰ Конвенцияларын ратификациялау бойынша шаралар қабылдануда. 🔶Будут проведены совместные спецоперации с иностранными государствами – МВД РК МВД РК активно взаимодействует с зарубежными партнерами для выявления мошенников: налажены прямые контакты и каналы обмена информацией. Так, 31 марта текущего года МВД совместно с полицией Украины провело масштабную специальную операцию. В ходе операции была пресечена деятельность трех мошеннических колл-центров, расположенных в городе Днепр и обманывавших граждан Казахстана. По итогам спецоперации задержаны 53 иностранных гражданина, из которых 8 арестованы. «В результате проведенной работы установлены более 160 казахстанских потерпевших. Причиненный им ущерб будет возмещен по решению суда Украины. В дальнейшем планируется проведение аналогичных совместных спецопераций с рядом иностранных государств», - сообщил начальник департамента по противодействию киберпреступности МВД РК Жандос Сүйінбай на пресс-конференции в СЦК. Кроме того, в целях расширения международного сотрудничества принимаются меры по ратификации Будапештской конвенции о компьютерных преступлениях и Конвенции ООН по противодействию киберпреступности. @ortcom_kz #CCS


POLISIA.KZ » публикация №17140
POLISIA.KZ » публикация №17140

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🔶«Anti-fraud» операциясы: 909 адам киберқылмысқа қатысы бар деп танылды 2026 жылғы 1 ақпан – 30 сәуір аралығында республика аумағында «Anti-froud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Нәтижесінде 827 киберқылмыс анықталды, оның 585 қылмыстық ісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай хабарлады. Оның айтуынша, алаяқтық жолмен ұрланған ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі жойылды. «Киберқылмыстарды жасауға қатысы бар барлығы 909 адам анықталды, оның 12-сі шетел азаматы. Олардың 88-і қамауға алынды, 600 астам адамға ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданды. Заңсыз айналымнан 17 мыңнан аса дана киберқылмысты жасау барысында пайдаланылатын әртүрлі заттар тәркіленді. Киберқылмысты жасағаны үшін іздеудегі 5 қылмыскер ұсталды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. 🔶Операция «Anti-fraud»: 909 человек признаны причастными к киберпреступлениям С 1 февраля по 30 апреля 2026 года на территории республики проводилось оперативно-профилактическое мероприятие «Anti-fraud». В результате было выявлено 827 киберпреступлений, по 585 уголовным делам расследование уже завершено. Об этом сообщил начальник департамента по противодействию киберпреступности МВД РК Жандос Сүйінбай. По его словам, была пресечена деятельность организованной преступной группы, занимавшейся обналичиванием денежных средств, похищенных мошенническим путем. «Всего установлены 909 человек, причастных к совершению киберпреступлений, из них 12 иностранных граждан. 88 человек арестованы, в отношении более 600 лиц избрана мера пресечения в виде подписки о невыезде. Из незаконного оборота изъято свыше 17 тысяч различных предметов, использовавшихся при совершении киберпреступлений. Также задержаны 5 преступников, находившихся в розыске за совершение киберпреступлений», - сообщил спикер на пресс-конференции в СЦК. @ortcom_kz #CCS


POLISIA.KZ » публикация №17138
POLISIA.KZ » публикация №17138

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🔶ҚР ІІМ интернет-алаяқтыққа қарсы жұмысты күшейтуде ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған ведомстволық бағдарламаны іске асыруға кірісті. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кездесетін осы саладағы өзекті проблемаларға жан-жақты талдау жүргізіліп, олардың тиімді шешімін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылдануда. «Интернет-алаяқтыққа қарсы күрестегі жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізудің жаңа форматы енгізілді. Яғни, бұрынғы 3 күнде өтетін іс-шара, енді 3 ай көлемінде жүргізіледі. Оның негізі себебі, киберқылмыстың трансұлттық сипатта болатыны, шекара талғамайтыны және халықаралық ынтымақтастықты күшейтумен байланысты», – деді ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. 🔶МВД РК усиливает работу по противодействию интернет-мошенничеству МВД РК приступило к реализации ведомственной программы по противодействию киберпреступности на 2026–2028 годы. В рамках реализации программы проводится всесторонний анализ актуальных проблем в данной сфере, а также принимается ряд организационных и практических мер для обеспечения их эффективного решения. «Для повышения эффективности работы по борьбе с интернет-мошенничеством внедрен новый формат проведения оперативно-профилактических мероприятий. Если раньше такие мероприятия проводились в течение трех дней, то теперь они будут длиться три месяца. Основная причина заключается в транснациональном характере киберпреступности, которая не имеет границ и требует усиления международного сотрудничества», – сообщил начальник департамента по противодействию киберпреступности МВД РК Жандос Сүйінбай на пресс-конференции в СЦК. @ortcom_kz #CCS



POLISIA.KZ » публикация №17136
POLISIA.KZ » публикация №17136

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🔶ҚР ІІМ: елімізде интернет-алаяқтық 2,5%-ға азайды Киберқылмысқа қарсы күрес бойынша ұйымдастыру-практикалық және алдын алу шараларының нәтижесінде биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша оң динамика қамтамасыз етілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай хабарлады. «Интернет-алаяқтықтың тіркелуі 2,5%-ға азайды. Ал оны ашу деңгейі 32,2%-дан 40%-ға өсті, яғни өсуі 7,8%-ды құрайды. Ашылмаған қылмыстық істер саны 16,6%-ға кеміді. Бұл ретте келтірілген залалдың жалпы сомасы 20 млрд теңгені құрады, ал қайтарылған қаражат 4 млрд теңгеге жуық болды», - деді спикер баспасөз конференциясында. 🔶МВД РК: в Казахстане уровень интернет-мошенничества снизился на 2,5% По итогам первых четырех месяцев текущего года благодаря организационно-практическим и профилактическим мерам по борьбе с киберпреступностью удалось обеспечить положительную динамику. Об этом на площадке СЦК сообщил начальник департамента по противодействию киберпреступности МВД РК Жандос Сүйінбай. «Количество зарегистрированных фактов интернет-мошенничества снизилось на 2,5%. При этом уровень раскрываемости вырос с 32,2% до 40%, то есть на 7,8%. Число нераскрытых уголовных дел сократилось на 16,6%. Вместе с тем общая сумма причиненного ущерба составила 20 млрд тенге, из которых почти 4 млрд тенге удалось вернуть», - сообщил спикер на пресс-конференции. @ortcom_kz #CCS


POLISIA.KZ » публикация №17134
POLISIA.KZ » публикация №17134

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🔹 Семейде полицейлер ер адамның өмірін сақтап қалды Семей қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жүрек талмасы ұстаған ер адамға дер кезінде көмек көрсетіп, оның өмірін сақтап қалуға ықпал етті. Полиция қызметкерлері Асхат Шаяхметов пен Нұрсұлтан Қуанышбаев қаланың орталық бөлігін патрульдеу кезінде үй қабырғасына сүйеніп тұрған ер адамды байқайды. Жағдайын сұраған сәтте азамат жүрегінің қатты ауырғанын айтып, есінен тана бастаған. Тәртіп сақшылары бірден жедел жәрдем шақырып, ер адамды қауіпсіз қалыпқа жатқызып, дәрігерлер жеткенше есін жоғалтпауға көмектескен. — Тыныс ал… ең бастысы — тыныс ал, - деп қайталап отырған полицейлердің бірі ер адамның жанынан бір сәтке де кеткен жоқ. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жедел жәрдем келіп, полицейлер медицина қызметкерлеріне науқасты көлікке кіргізуге көмектесті. — Біз тек керек уақытта, керек жерде болдық, - дейді инспекторлар. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🔹 Полицейские спасли мужчину в Семее Ежедневно полицейские заступают на охрану общественного порядка и нередко сталкиваются с ситуациями, где счет идет на минуты. Сотрудники полиции Асхат Шаяхметов и Нурсултан Куанышбаев, патрулируя центральную часть города, во время обхода частного сектора заметили мужчину, стоявшего у стены дома в темном переулке. Обратив внимание на его состояние, сотрудники сразу подошли, чтобы оказать помощь. Мужчина пожаловался на резкую боль в области сердца и начал терять сознание. Не теряя времени, полицейские вызвали скорую помощь, уложили его в безопасное положение и все это время поддерживали с ним контакт, не позволяя потерять сознание. — Дыши… самое главное — дыши, — повторял один из сотрудников, находясь рядом до прибытия медиков. Спустя несколько минут на место прибыла бригада скорой помощи. Полицейские помогли медикам перенести мужчину в автомобиль. — Мы просто оказались в нужное время в нужном месте, — отметили полицейские. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ


POLISIA.KZ » публикация №17132
POLISIA.KZ » публикация №17132

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🔶 Ақтөбеде полицейлер жүкті әйелді перзентханаға жедел жеткізді Патрульдік полиция экипажы қызмет атқару кезінде жол жиегінде көмек сұрап тұрған автокөлікті байқайды. Жүргізуші аяғы ауыр жұбайының жағдайы күрт нашарлап, жол кептелісіне байланысты ауруханаға уақытында жету қиындағанын айтқан. Взвод командирі Дулат Хасенов пен полиция инспекторы Арман Жақсылықов жедел шешім қабылдап, әйелді қызметтік автокөлікке ауыстырып, медициналық мекемеге жедел жеткізді. Полицейлердің үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында әйел санаулы минуттардың ішінде аурухананың қабылдау бөліміне тапсырылды. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🔶 Полицейские оперативно доставили беременную женщину в родильный дом в Актобе Экипаж патрульной полиции, находясь на маршруте патрулирования по улице Берсиева, заметил на обочине автомобиль, водитель которого подавал сигналы о помощи. Полицейские незамедлительно остановились и выяснили, что мужчина вез супругу в родильный дом, однако по дороге женщине стало плохо, а из-за заторов на дороге самостоятельно добраться до больницы было затруднительно. Командир взвода Дулат Хасенов и инспектор службы Арман Жаксылыков оперативно приняли решение пересадить женщину в служебный автомобиль и доставить ее в больницу. Благодаря слаженным действиям сотрудников полиции женщину удалось всего за несколько минут доставить в медицинское учреждение, где полицейские также помогли сопроводить ее в приемный покой. #НАШАПОЛИЦИЯ #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ


POLISIA.KZ » публикация №17131
POLISIA.KZ » публикация №17131

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🚨 ІІМ 2012 жылы болған жасөспірім өлімін ашты Өткен жылдардағы қылмыстарды тергеу жұмыстары тұрақты түрде жалғасып келеді, ал кінәлілер ерте ме, кеш пе заң алдында жауап береді. Толық ақпарат сайтта. 🚨 МВД раскрыло убийство подростка, совершенное в 2012 году Расследование преступлений прошлых лет продолжается на постоянной основе, а виновные рано или поздно ответят перед законом. Подробная информация на сайте.


POLISIA.KZ » публикация №17130
POLISIA.KZ » публикация №17130

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🧾 ІІМ балалардың интернеттегі қауіпсіздігі бойынша жадынама ұсынды Бұл ережелер әсіресе бала алғашқы смартфонын алған кезде немесе әлеуметтік желіде алғашқы аккаунтын ашқан кезде аса маңызды. Толық ақпарат сайтта. 🧾 МВД представило чек-лист по детской безопасности в интернете Эти правила важны особенно в момент, когда дети получают первый смартфон или создают первый аккаунт в социальных сетях. Подробная информация на сайте.


POLISIA.KZ » публикация №17129
POLISIA.KZ » публикация №17129

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🔹 ІІМ: Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топтың жолы кесілді Ақпарат сайтта. 🔹 МВД: В Алматы нейтрализована криминальная группа, причастная к тяжким преступлениям Информация на сайте.


POLISIA.KZ » публикация №17128
POLISIA.KZ » публикация №17128

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🔺 Ақмола облысында синтетикалық есірткінің ірі партиясымен шетелдік азамат ұсталды Ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🔺 Иностранца задержали с крупной партией синтетических наркотиков в Акмолинской области Информация на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ


POLISIA.KZ » публикация №17125
POLISIA.KZ » публикация №17125

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🔹 Түркістанда саммит қарсаңында күштік құрылымдардың дайындығы тексерілді Түркістан қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті қарсаңында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды гарнизондық саптық байқау өтті. Толығырақ сайтта. *** #ЗАҢМЕНТӘРТІП 🔹 Готовность силовых структур перед саммитом проверили в Туркестане В преддверии неформального саммита Организации тюркских государств, который пройдет в Туркестане, состоялся масштабный гарнизонный развод, направленный на обеспечение общественной безопасности и правопорядка. Подробнее на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ


POLISIA.KZ » публикация №17120
POLISIA.KZ » публикация №17120

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

💰 Шымкентте полиция алаяқтардың құрбаны болған тұрғынға 1,7 млн теңгесін қайтарды Шымкент қаласының тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалған. Алдымен оған өзін “Қазпошта” қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам хабарласып, деректерді растау сылтауымен…


POLISIA.KZ » публикация №17119
POLISIA.KZ » публикация №17119

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

💰 Шымкентте полиция алаяқтардың құрбаны болған тұрғынға 1,7 млн теңгесін қайтарды Шымкент қаласының тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалған. Алдымен оған өзін “Қазпошта” қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам хабарласып, деректерді растау сылтауымен SMS-кодты айтуға көндірген. Арада біраз уақыт өткен соң екінші қоңырау түсіп, тағы бір белгісіз адам өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Ол бұған дейін хабарласқандардың алаяқ екенін айтып, есепшоттағы ақшаны "қауіпсіз сақтау" үшін қаражатты басқа есепшотқа аудару қажет екеніне сендірген. Азамат банкомат арқылы ақшасын шешіп алып, көрсетілген есепшотқа 1,7 млн теңге аударған. Кейін алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген. Полицейлер жедел әрекет етіп, ақша аударылған есепшоттарды анықтап, транзакцияларды уақытылы бұғаттады. Нәтижесінде қаражат толықтай жәбірленушіге қайтарылды. 📌 Полиция ескертеді: — Белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға сенбеңіздер; — SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыздар; — жеке деректер мен банк картасының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеңіздер. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ




POLISIA.KZ » публикация №17116
POLISIA.KZ » публикация №17116

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

♻️🚨 "Бурабай" ұлттық табиғи паркінде заң бұзушылықтардың жолы кесілді Ақмола облысындағы "Бурабай" ұлттық табиғи паркінде "Таза Қазақстан" акциясы аясында рейдтік іс-шара өтті. Полицейлер ұлттық парк инспекторларымен бірлесіп, табиғатты қорғау заңнамасын бұзу, жол қозғалысы ережелерін сақтамау және заңсыз кәсіпкерлік фактілерін анықтады. Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 30-ға жуық дерегі тоқтатылды. Оның ішінде автокөліктердің орман аумағына кіру фактілері тіркеліп, бұл парк экожүйесіне зиян келтіргені анықталды. Сонымен қатар Абылайхан алаңында заңсыз сауда жасаудың бірнеше жағдайы әшкереленіп, 5 азамат жауапкершілікке тартылды. 📌 Полиция демалушыларды ерекше қорғалатын табиғи аумақта болу ережелерін қатаң сақтауға шақырады. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** ♻️🚨 В Национальном природном парке "Бурабай" пресечены нарушения В Акмолинской области в нацпарке "Бурабай" прошел рейд в рамках "Таза Қазақстан". Полицейские совместно с инспекторами ГНПП выявили нарушения природоохранного законодательства, ПДД и факты незаконного предпринимательства. За время мероприятий пресечено около 30 нарушений правил дорожного движения, в том числе заезды автомобилей в лесную зону, наносящие ущерб экосистеме парка. Также выявлены случаи незаконной торговли на поляне Абылай хана, к ответственности привлечены 5 граждан. 📌 Полиция призывает отдыхающих соблюдать правила пребывания в особо охраняемой природной территории. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ


POLISIA.KZ » публикация №17115
POLISIA.KZ » публикация №17115

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🚔 Шымкентте полицейлер толғағы басталған әйелді перзентханаға жедел жеткізді Қызмет барысында патрульдік полиция қызметкерлеріне ер адам жүгініп, жұбайының толғағы басталғанын және оны шұғыл түрде перзентханаға жеткізу қажеттігін айтқан. Жағдайды дереу бағалаған тәртіп сақшылары уақыт жоғалтпай көмекке кірісті. Арнайы жарық және дыбыс белгілерін қосқан патрульдік көлік қала көшелеріндегі қозғалысты жедел еңсеріп, әйелді перзентханаға қауіпсіз әрі дер кезінде жеткізді. Нәтижесінде әйел медициналық көмекті уақытылы ала алды. Отбасы мүшелері полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдіріп, мұндай қолдаудың қиын сәтте ерекше маңызды екенін атап өтті. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🚔 Полицейские помогли вовремя доставить роженицу в роддом в Шымкенте Во время несения службы к сотрудникам патрульной полиции обратился взволнованный мужчина. Он сообщил, что у его беременной супруги начались схватки и попросил помочь как можно быстрее добраться до роддома. Не теряя ни секунды, включив проблесковые маячки, стражи порядка обеспечили максимально быстрый и безопасный проезд через городские улицы прямо до перинатального центра. Благодаря оперативным действиям женщину своевременно доставили в медицинское учреждение. В настоящее время жизни и здоровью матери и малыша ничего не угрожает. Позже мужчина искренне поблагодарил полицейских за поддержку и неравнодушие в такой важный момент. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ


Архив POLISIA.KZ — страница 8

Это 8-я страница архива публикаций источника POLISIA.KZ. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.