POLISIA.KZ » публикация №17115
🚔 Шымкентте полицейлер толғағы басталған әйелді перзентханаға жедел жеткізді Қызмет барысында патрульдік полиция қызметкерлеріне ер адам жүгініп, жұбайының толғағы басталғанын және оны шұғыл түрде перзентханаға жеткізу қажеттігін айтқан. Жағдайды дереу бағалаған тәртіп сақшылары уақыт жоғалтпай көмекке кірісті. Арнайы жарық және дыбыс белгілерін қосқан патрульдік көлік қала көшелеріндегі қозғалысты жедел еңсеріп, әйелді перзентханаға қауіпсіз әрі дер кезінде жеткізді. Нәтижесінде әйел медициналық көмекті уақытылы ала алды. Отбасы мүшелері полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдіріп, мұндай қолдаудың қиын сәтте ерекше маңызды екенін атап өтті. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🚔 Полицейские помогли вовремя доставить роженицу в роддом в Шымкенте Во время несения службы к сотрудникам патрульной полиции обратился взволнованный мужчина. Он сообщил, что у его беременной супруги начались схватки и попросил помочь как можно быстрее добраться до роддома. Не теряя ни секунды, включив проблесковые маячки, стражи порядка обеспечили максимально быстрый и безопасный проезд через городские улицы прямо до перинатального центра. Благодаря оперативным действиям женщину своевременно доставили в медицинское учреждение. В настоящее время жизни и здоровью матери и малыша ничего не угрожает. Позже мужчина искренне поблагодарил полицейских за поддержку и неравнодушие в такой важный момент. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ





























