ҚТЖ PRESS » публикация №13474
🏢Қызылорда облысында екі вокзал мен жолаушылар платформасы жаңартылды 🔵Қызылорда облысында Жаңақорған және Шиелі станцияларындағы теміржол вокзалдарын, сондай-ақ Талап жолаушылар платформасын қайта жаңарту аяқталды. Жобаларды іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және заманауи көлік инфрақұрылымын құруға бағытталған. 🔵1976 жылы салынған Жаңақорған станциясының теміржол вокзалы толығымен жаңартылды. Қайта жөндеуден кейінгі үш қабатты ғимараттың жалпы ауданы 922,3 шаршы метрді құрайды. 🔵Жұмыс барысында шатырды ауыстыру, сыртқы және ішкі әрлеу, сумен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтаудың инженерлік желілерін жаңғырту, іргелес аумақ пен перронды абаттандыру, заманауи жабдықтар мен жиһаздар орнатылды. 🔵Ғимараттың қасбеті берік травертинмен қапталған, жертөле қазақстандық өндірістің гранит плиткасынан жасалған. Отандық өндірістің энергия үнемдейтін екі қабатты терезелері бар заманауи алюминий витраждар орнатылды, бұл ғимараттың табиғи жарық деңгейі мен энергия тиімділігін арттырды. 🔵Жаңақорған станциясының теміржол вокзалы III класқа жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 220 адамды құрайды. Станция арқылы Астана, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Көкшетау, Маңғыстау облысы, Орал, Түркістан, Петропавл, сондай-ақ Ресей және Өзбекстан елдерімен қатынасатын 30 жолаушылар пойызы қатынайды. 🔵1904 жылы салынған Шиели станциясының теміржол вокзалы да толығымен жаңартылды. Бір қабатты ғимараттың жалпы ауданы 636,4 шаршы метрді құрайды. 🔵Қайта құру барысында шатыр, қасбет және ішкі үй-жайлар жаңартылып, инженерлік желілер жаңғыртылды, іргелес аумақ пен перрон абаттандырылды, жаңа жабдықтар мен жиһаздар орнатылды. Қасбеті травертинмен, жертөлесі қазақстандық гранит плиткамен қапталған. Энергия үнемдейтін екі қабатты терезелері бар заманауи алюминий витраждар орнатылып, талапқай сай жылу оқшаулағыш материалдар, жанбайтын әрлеу материалдары, дыбыс оқшаулағышы бар тірек төбелер және тозуға төзімді еден жабындары қолданылды. 🔵Шиели станциясының теміржол вокзалы III класқа жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 310 адамды құрайды. Станция арқылы Алматы, Астана, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облысы, Орал, Көкшетау, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанмен қатынайтын 26 жолаушылар пойызы қатынайды. 🔵Сонымен қатар, Талап жолаушылар платформасын қайта құру аяқталды. Нысандарды қайта жаңарту жолаушылар инфрақұрылымын жаңартуға, қауіпсіздік деңгейін арттыруға және өңір тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























