ҚТЖ PRESS » публикация №13457
🏢Шығыс Қазақстан облысында ауқымды қайта құрудан кейін Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары ашылды ➡️Шығыс Қазақстан облысында Риддер және Шемонаиха станцияларындағы теміржол вокзалдарын ауқымды қайта құру аяқталды. Ғимараттар өткен ғасырда салынған және алғаш рет кешенді жаңартудан өтті. Жұмыстар Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде орындалды. ➡️Қайта құру барысында ғимараттардың тірек конструкциялары күшейтіліп, шатырлар мен инженерлік желілер ауыстырылды, қасбеттер мен ішкі үй-жайлар жаңартылды, жолаушылар платформалары қайта құрылып, вокзал маңындағы аумақтар абаттандырылды, жаңа жабдықтар мен жиһаздар орнатылды. ➡️Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығына ерекше назар аударылды. Вокзалдар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустармен, нашар көретін жолаушыларға арналған тактильді тақтайшалармен жабдықталған, өрт қауіпсіздігінің заманауи талаптарына сәйкес қосымша эвакуациялық шығу жолдары көзделген. ➡️1936 жылы салынған Шемонаиха станциясының вокзалы Қазақстан мен Ресей Федерациясының бағыттары бойынша екі жолаушылар пойызына қызмет көрсетеді. Қайта құрудан кейін ғимараттың ауданы 229 шаршы метрді құрады. ➡️1938 жылы салынған Риддер станциясының вокзалы Өскемен және Ресей Федерациясына бағыт алатын төрт жолаушылар пойызына қызмет көрсетеді. Қайта құрудан кейінгі ғимараттың ауданы 470 шаршы метрді құрады. ➡️Жаңартылған вокзалдар қауіпсіздіктің, қолжетімділіктің және қызмет көрсету сапасының заманауи талаптарына сәйкес келеді. Теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы Қазақстанның барлық өңірлерінде жалғасуда. ➖➖➖ 🏢В Восточно-Казахстанской области после масштабной реконструкции открылись железнодорожные вокзалы на станциях Риддер и Шемонаиха ➡️В Восточно-Казахстанской области завершена масштабная реконструкция железнодорожных вокзалов на станциях Риддер и Шемонаиха. Здания были построены в прошлом веке и впервые прошли комплексную модернизацию. Работы выполнены в рамках поручений Главы государства и Правительства Республики Казахстан по развитию транспортной инфраструктуры. ➡️В ходе реконструкции усилены несущие конструкции зданий, заменены кровля и инженерные сети, обновлены фасады и внутренние помещения, реконструированы пассажирские платформы, благоустроены привокзальные территории, установлены новое оборудование и мебель. ➡️Особое внимание уделено безопасности и комфорту пассажиров. Вокзалы оборудованы пандусами для маломобильных граждан, тактильной плиткой для слабовидящих пассажиров, предусмотрены дополнительные эвакуационные выходы в соответствии с современными требованиями пожарной безопасности. ➡️Вокзал станции Шемонаиха, построенный в 1936 году, обслуживает два пассажирских поезда по маршрутам Казахстана и Российской Федерации. После реконструкции площадь здания составила 229 кв. м. ➡️Вокзал станции Риддер, построенный в 1938 году, обслуживает четыре пассажирских поезда по направлениям Усть-Каменогорск и Российская Федерация. Площадь здания после реконструкции составляет 470 кв. м. ➡️Обновленные вокзалы соответствуют современным требованиям безопасности, доступности и качества обслуживания. Программа модернизации железнодорожных вокзалов продолжается во всех регионах Казахстана.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























