POLISIA.KZ » публикация №17142
🔶Киберқауіпсіздік: қарапайым ережелерді есте сақтаңыз Киберқылмыстың алдын алудың ең тиімді жолы – азаматтардың жеке сақтығы мен кибергигиенаны сақтау мәдениеті. Бұл туралы ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай атап өтті. Оның айтуынша, әрбір азамат күнделікті өмірде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауы қажет. «Банктік карта деректерін, парольдерді, SMS-кодтарды және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу маңызды. Сондай-ақ бейтаныс адамдар жіберген сілтемелерге өтпеу, олардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпау қажет. Интернеттегі «өте тиімді» ұсыныстарға да сақтықпен қараған жөн. Егер «банктен» қоңырау шалып, ақшаны шұғыл аударуды немесе SMS-кодты хабарлауды талап етсе, бұл – алаяқтар», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Ведомство өкілі құқық қорғау органдары телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейтінін ескертті. «Әлеуметтік желілерде қырағы болыңыз. Егер танысыңыз хабарласып, ақша сұраса, оған жеке қоңырау шалып, ақпаратты нақтылаған дұрыс. Бейтаныс адамдарды достар қатарына қоспаңыз, күдікті файлдарды ашпаңыз және танымайтын адамдарға ақша жібермеңіз», – деді Ж. Сүйінбай. 🔶Кибербезопасность: помните о простых правилах Самым эффективным способом профилактики киберпреступлений остаются личная бдительность граждан и соблюдение культуры кибергигиены. Об этом сообщил начальник департамента по противодействию киберпреступности МВД РК Жандос Сүйінбай. По его словам, каждому гражданину необходимо соблюдать элементарные правила безопасности в повседневной жизни. «Важно не передавать посторонним данные банковских карт, пароли, SMS-коды и личную информацию. Также не следует переходить по ссылкам, отправленным незнакомыми людьми, и устанавливать приложения по их просьбе. С осторожностью нужно относиться и к «слишком выгодным» предложениям в интернете. Если вам звонят якобы из банка и требуют срочно перевести деньги или сообщить SMS-код - это мошенники», - отметил спикер на пресс-конференции в СЦК. Представитель ведомства также напомнил, что правоохранительные органы не проводят специальные операции по телефону. «Будьте бдительны в социальных сетях. Если знакомый пишет с просьбой занять деньги, лучше лично ему позвонить и уточнить информацию. Не добавляйте в друзья незнакомых людей, не открывайте подозрительные файлы и не переводите деньги неизвестным лицам», - сказал Ж.Сүйінбай. @ortcom_kz #CCS





























