POLISIA.KZ » публикация №17141
🔶Шет мемлекеттермен бірлесіп арнайы операциялар өткізілмек – ҚР ІІМ ҚР ІІМ алаяқтарды анықтау мақсатында шетелдік әріптестермен белсенді қарым-қатынас жасайды, тікелей байланыстар мен ақпарат алмасу арналары қалыптастырылған. Биыл 31 наурызда ІІМ Украинаның полициясымен бірлесіп, кең көлемді арнайы операция жүргізілді. Бұл операция барысында қазақстандықтарды алдап келген Днепр қаласында орналасқан 3 алаяқтық Колл-орталықтың қызметі тоқтатылды. Арнайы операция нәтижесінде 53 шетел азаматы ұсталды, оның ішінде 8-і қамауға алынды. «Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 160-тан аса қазақстандық жәбірленуші анықталды, оларға келтірілген шығын Украина сот шешімімен қайтарылады. Алдағы уақытта бірқатар шет мемлекеттермен осындай бірлескен арнайы операциялар өткізу жоспарланып отыр», – деді ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Сонымен қатар, халықаралық ынтымақтастықты арттыру мақсатында компьютерлік қылмыстар туралы Будапешт және Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі БҰҰ Конвенцияларын ратификациялау бойынша шаралар қабылдануда. 🔶Будут проведены совместные спецоперации с иностранными государствами – МВД РК МВД РК активно взаимодействует с зарубежными партнерами для выявления мошенников: налажены прямые контакты и каналы обмена информацией. Так, 31 марта текущего года МВД совместно с полицией Украины провело масштабную специальную операцию. В ходе операции была пресечена деятельность трех мошеннических колл-центров, расположенных в городе Днепр и обманывавших граждан Казахстана. По итогам спецоперации задержаны 53 иностранных гражданина, из которых 8 арестованы. «В результате проведенной работы установлены более 160 казахстанских потерпевших. Причиненный им ущерб будет возмещен по решению суда Украины. В дальнейшем планируется проведение аналогичных совместных спецопераций с рядом иностранных государств», - сообщил начальник департамента по противодействию киберпреступности МВД РК Жандос Сүйінбай на пресс-конференции в СЦК. Кроме того, в целях расширения международного сотрудничества принимаются меры по ратификации Будапештской конвенции о компьютерных преступлениях и Конвенции ООН по противодействию киберпреступности. @ortcom_kz #CCS
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























