🚔 Атырау облысында полицейлер егіз сәбиді ауруханаға жедел жеткізді Ақпарат сайтта. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🚔 Полицейские помогли экстренно доставить близнецов в больницу в Атырауской области Подробнее на сайте. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
POLISIA.KZ — страница 7
Архив материалов источника POLISIA.KZ, страница 7. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
💠 Түркістанда 200 оқушы маңызды форумға қатысты Түркістан облысының полицейлері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында 200 оқушының қатысуымен "Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" форумын өткізді. Кездесуде отбасыдағы сыйластық пен татулықты сақтау, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар жастарға заң мен тәртіпті сақтау, үлкендерді құрметтеу және қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығы айтылды. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 💠 Форум с участием 200 школьников прошел в Туркестанской области В целях обеспечения безопасности детей, профилактики бытового насилия и укрепления семейных ценностей сотрудники полиции провели форум "Казахстан без насилия в семье" с участием 200 школьников. На встрече школьникам рассказали о важности взаимоуважения и согласия в семье, защите прав и безопасности детей, профилактике правонарушений и недопущении насилия. Кроме того, участникам напомнили о необходимости соблюдения закона и порядка, уважительного отношения к старшим и значимости формирования безопасной среды. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
🛡️ Ұлытау облысының тұрғыны сирек кездесетін көне қаруды полицияға тапсырды Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, сатып алған үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында көне мылтық тауып алғанын хабарлап, заң талаптарын сақтап, қаруды бірден полиция қызметкерлеріне тапсырған. Тексеру барысында табылған мылтықтың жай ғана қару емес екені анықталды. Ол – әлемдік қару-жарақ тарихында ерекше орны бар, әйгілі конструктор Джон Мозес Браунинг жасаған Browning Auto-5 мылтығы болып шықты. Толық ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🛡️ Житель области Улытау сдал полиции редкое историческое оружие В отдел полиции Жанааркинского района обратился местный житель. Мужчина сообщил, что во время ремонтных работ в недавно приобретенном старом доме обнаружил старинное ружье. Самое главное — гражданин проявил законопослушность и сразу передал находку стражам порядка. В ходе проверки сотрудники полиции установили, что найденное оружие — легендарное гладкоствольное полуавтоматическое ружье Browning Auto-5, созданное знаменитым конструктором Джоном Мозесом Браунингом и занимающее особое место в мировой истории оружия. Подробнее на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
🔹 ІІМ республикалық "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр Ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🔹МВД проводит республиканское ОПМ "Безопасная дорога" Информация на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
📲 ІІМ ұрланған телефондарды сатып алғаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертті Ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП 📲 МВД предупредило об ответственности за скупку краденых телефонов Информация на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК
💠 Қазақстан ІІМ қызметкерлері жеңімпаздар қатарында: Мароккода киберқылмысқа қарсы халықаралық турнир өтті 19-21 мамыр аралығында Марокко Корольдігінің Марракеш қаласында Еуропа Кеңесі мен Интерполдың қолдауымен Cyber Games және Digital Security Challenge 2026 халықаралық жарыстары өтті. Іс-шараға әлемнің 58 мемлекетінен келген өкілдер қатысып, олар 16 халықаралық команда құрамына біріктірілді. Турнир киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, цифрлық криминалистика, киберқақтығыстарға ден қою және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналды. Тартысты интеллектуалдық сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үш қызметкері өнер көрсеткен команда айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қатысушылар киберқауіптерді анықтау және олардың жолын кесу саласындағы кәсіби дайындықтарының жоғары деңгейін, аналитикалық қабілеттері мен тәжірибелік дағдыларын көрсетті. Қазақстандық мамандардың бұл жеңісі цифрлық қауіпсіздік саласындағы отандық құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін дәлелдеп, киберқылмысқа қарсы күрестегі Қазақстанның халықаралық беделін нығайтты. – Қызметкерлеріміздің бұл жетістігі – жай ғана жарыстағы жеңіс емес, бұл ұлттық киберқауіпсіздік мектебінің жоғары деңгейі мен қазақстандық мамандардың әлемдік аренадағы кәсібилігінің мойындалуы, - деп атап өтті ІІМ өкілдері. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 💠 Сотрудники МВД Казахстана в числе победителей: в Марокко состоялся турнир по киберпреступности С 19 по 21 мая 2026 года в городе Марракеш Королевства Марокко под эгидой Совета Европы и Интерпола прошли международные соревнования Cyber Games и Digital Security Challenge 2026. В мероприятии приняли участие представители 58 государств мира, объединенные в 16 международных команд. Турнир был посвящен вопросам противодействия киберпреступности, цифровой криминалистики, реагирования на киберинциденты и обеспечения информационной безопасности. По итогам напряженной интеллектуальной борьбы уверенную победу с большим отрывом одержала команда, в составе которой выступили трое представителей Департамента по противодействию киберпреступности МВД Республики Казахстан. Участники продемонстрировали высокий уровень профессиональной подготовки, аналитические навыки и практические компетенции в области выявления и пресечения киберугроз. Победа казахстанских специалистов стала подтверждением эффективности работы отечественных правоохранительных органов в сфере цифровой безопасности и укрепила международный авторитет Казахстана в борьбе с киберпреступностью. - Достижение наших сотрудников это не просто победа в соревнованиях, а признание высокого уровня национальной школы кибербезопасности и профессионализма казахстанских специалистов на мировой арене, - отметили в МВД. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
🔹 ІІМ азаматтарды аккаунттар мен sim-карталарды бөгде адамдарға бермеуге шақырды Ақпарат сайтта. #БІЛГЕНІҢІЗАБЗАЛ 🔹 В МВД призвали не передавать аккаунты и sim-карты третьим лицам Информация на сайте. #ВАЖНОЗНАТЬ
🎏 Атырау облысында полиция бекіре тұқымдас балықтардың заңсыз айналымының жолын кесті Толық ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🎏 Полиция пресекает незаконный оборот осетровых рыб в Атырауской области Информация на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
🇰🇿🤝🇦🇿 Түркістанда Әзербайжан Республикасының мемлекеттік туына құрмет көрсеткен оқушы Нұрсұлтан Базарбайұлын Түркістан облысы ПД бастығы арнайы қабылдады. Әлеуметтік желіде тараған видеода жасөспірім жел ұшырып құлатқан туды жерден көтеріп, құрметпен орнына қойған еді. Оқушының бұл әрекеті қоғамның оң бағасына ие болып, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы достықтың жарқын көрінісі ретінде бағаланды. Кездесу барысында ПД бастығы Арыстанғани Заппаров Нұрсұлтанға алғыс айтып, Шерхан Мұртазаның кітабын сыйға тартты. Толық ақпарат сайтта. *** 🇰🇿🤝🇦🇿 Начальник ДП Туркестанской области принял школьника Нурсултана Базарбайулы, проявившего уважение к государственному флагу Республики Азербайджан в Туркестане. На видео, распространившемся в социальных сетях, подросток поднял с земли флаг, который был опрокинут ветром, и с уважением установил его на место. Этот поступок получил положительную оценку общества и был расценен как яркое проявление дружбы между Казахстаном и Азербайджаном. В ходе встречи начальник ДП Арыстангани Заппаров поблагодарил Нурсултана и вручил ему книгу Шерхана Муртазы. Подробнее на сайте. 📱 POLISIA.KZ
💠 Ақмола облысының оқушылары жүргізушілерге әсерлі хаттар жолдады Жазғы демалыс алдында Ақмола облысында 1000-нан астам оқушы жүргізушілерге жол қауіпсіздігі туралы еске салды. Балалар «Жылдамдықты асырмаңыз», «Бізді үйде күтеді», «Жаяу жүргіншіге абай болыңыз» деген үндеулер жазылған хаттар мен суреттер дайындады. Хаттарды оқушылар полиция қызметкерлерімен бірге жүргізушілерге табыстады. Көпшілік балалардың шынайы сөздері ерекше әсер еткенін айтты. Бұл хаттар жүргізушілерге жауапкершілікті еске салып, ойландырары сөзсіз. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 💠”Пожалуйста, не спешите — нас ждут дома": школьники обратились к водителям В Акмолинской области перед летними каникулами школьники напомнили водителям о безопасности на дорогах через письма и рисунки, наполненные искренними обращениями. Акция прошла в рамках ОПМ "Безопасная дорога", "Внимание – дети!" и "Внимание, пешеход!". Более 1000 учащихся из 56 школ обратились к водителям с просьбами соблюдать скоростной режим, быть внимательными на пешеходных переходах и помнить, что их дома ждут близкие. Письма школьники совместно с полицейскими вручали автомобилистам прямо на дорогах региона. Многие водители отметили, что такие обращения оказывают более сильное эмоциональное воздействие, чем стандартные предупреждения. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
🏖️ ІІМ азаматтарды шомылу маусымында сақ болуға шақырды Ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🏖️ МВД призвало граждан соблюдать осторожность в купальный сезон Информация на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
🇰🇿🇬🇪 Қазақстан мен Грузия ІІМ келіссөздерінен кейін Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген есірткі қылмыскерлері ұсталды Қазақстан мен Грузия Ішкі істер министрліктерінің Тбилисидегі келіссөздерінен кейін синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Қазақстан мен Грузияның ішкі істер органдары халықаралық іздестіру және трансұлттық қылмысқа қарсы күрес бағытындағы практикалық ынтымақтастықты күшейтуді жалғастыруда. Еске салсақ, ақпанда Астанада Қазақстан мен Грузия ІІМ басшыларының кездесуі өтіп, тараптар ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына және халықаралық іздеудегі қылмыскерлерге қарсы күрестегі үйлестіруді күшейтуге келіскен болатын. Жуырда Қазақстан ІІМ басшысы Ержан Сәденов жұмыс сапарымен Тбилисиге барып, Грузия ІІМ министрі Сулхан Тамазашвилимен келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзенің қабылдауында болды. Ынтымақтастықтың жандануы аясында бірлескен жұмыстың нақты нәтижелері де бар. Атап айтқанда, 2026 жылдың наурыз айынан бері Грузия аумағында Қазақстан құқық қорғау органдары іздеген 15 адам ұсталды. Олардың қатарында синтетикалық есірткі өндіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген ерлі-зайыпты да бар. Қазақстан ІІМ сұрауы бойынша Тбилисиде мефедрон өндіруді ұйымдастырды деп күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол 2023 жылдың қазан айынан 2024 жылдың ақпан айына дейін сыбайластарымен бірге Алматы облысында арнайы жабдықталған есірткі зертханасында синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырып, химиктің рөлін атқарған. Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген оның жұбайы да қолға түсті. Тергеу барысында оның Алматы және Қарағанды облыстарындағы синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты қылмыстық әрекеттердің қаржылық сүйемелдеуіне жауап бергені анықталды. Қазіргі уақытта ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. *** 🇰🇿🇬🇪 После переговоров МВД Казахстана и Грузии в Тбилиси задержаны наркопреступники, находившиеся в международном розыске После переговоров глав МВД Казахстана и Грузии в Тбилиси задержаны супруги, занимавшиеся производством синтетических наркотиков. Министерства внутренних дел Казахстана и Грузии продолжают наращивать практическое взаимодействие в сфере международного розыска и противодействия транснациональной преступности. Напомним, в феврале этого года в Астане состоялась встреча министров внутренних дел Казахстана и Грузии, в ходе которой стороны договорились усилить координацию в борьбе с организованной преступностью, незаконным оборотом наркотиков и международным розыском преступников. Накануне глава МВД Казахстана Ержан Саденов прибыл с рабочим визитом в Тбилиси, где провел переговоры с министром внутренних дел Грузии Сулханом Тамазашвили и был принят Премьер-министром Грузии Ираклием Кобахидзе. На фоне активизации взаимодействия уже имеются конкретные результаты совместной работы. Так, с марта 2026 года на территории Грузии задержаны 15 лиц, разыскиваемых правоохранительными органами Казахстана. В их числе супруги, подозреваемые в организации незаконного производства синтетических наркотиков. В Тбилиси по запросу МВД Казахстана задержан гражданин РК, объявленный в международный розыск за организацию производства наркотического средства «мефедрон». По данным следствия, с октября 2023 года по февраль 2024 года он совместно с сообщниками организовал изготовление синтетических наркотиков в специально оборудованной нарколаборатории на территории Алматинской области, выполняя роль химика. В Тбилиси также задержана его супруга, находившаяся в международном розыске. Следствием установлено, что она отвечала за финансовое сопровождение преступной деятельности, связанной с незаконным производством синтетических наркотиков на территории Алматинской и Карагандинской областей. В настоящее время решается вопрос об экстрадиции задержанных в Казахстан. 📱 POLISIA.KZ
🔹 Киберқауіптерден халықаралық іздеуге дейін: Қазақстан мен Грузияның ішкі істер министрліктері ынтымақтастықты нығайтуда Толық ақпарат сайтта. *** 🔹 От киберугроз до международного розыска: МВД Казахстана и Грузии усиливают взаимодействие Подробнее на сайте. 📱 POLISIA.KZ
🔹 БҚО-да полицейлер далада адасып кеткен әйелді аман-есен тапты Мал бағып жүрген ұлын іздеп шыққан әйел бағытынан жаңылып, далада түнеген. Толығырақ сайтта. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🔹 Полицейские нашли заблудившуюся женщину в ЗКО Женщина отправилась проверить сына, находившегося на выпасе скота, однако потеряла ориентир и не смогла вернуться домой. Подробнее на сайте. #НАШАПОЛИЦИЯ
💠 ШҚО-да полицейлердің қырағылығы зейнеткерді алаяқтардан құтқарып қалды Өскемен қаласының 87 жастағы тұрғыны телефон алаяқтарының құрбаны бола жаздады. Белгісіз адамдар өздерін құқық қорғау органы мен банк қызметкері ретінде таныстырып, қарияны 1,4 млн теңгесін «қауіпсіз шотқа» аударуға көндірмек болған. Абырой болғанда тәртіп сақшылары дер кезінде жетіп, зейнеткерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, күмәнді қоңырауды тоқтатты. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 💠 Бдительность полицейских помогла спасти пенсионерку от мошенников в ВКО 87-летняя жительница Усть-Каменогорска едва не стала жертвой телефонных мошенников. Неизвестные представились сотрудниками правоохранительных органов и банка и пытались убедить женщину перевести деньги на "безопасный счет". Сумма возможного ущерба могла составить 1 млн 400 тысяч тенге. К счастью, ситуацию вовремя предотвратили сотрудники управления полиции города Усть-Каменогорска. Полицейские оперативно прибыли на место, успокоили пожилую женщину и, продолжив разговор с мошенниками по телефону, сорвали их преступный план. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
🚝 Жолаушылар қауіпсіздігі бақылауда: ІІМ LRT вагондарын тексерді Астанада Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жеңіл рельсті көлік LRT нысандарын тексерді. Негізгі назар жолаушылар қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуына аударылды. Тәртіп сақшылары вагондарды, станцияларды және техникалық жүйелерді қарап шықты. Қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ жолаушылардың қауіпсіз жүріп-тұруына жасалған жағдайлар зерделенді. ІІМ LRT нысандарындағы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. LRT-ның іске қосылуы елорданың көлік жүйесін дамытудағы маңызды кезеңге айналып, қала тұрғындарының қатынау ыңғайлылығы мен мобильдігін арттырды. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🚝 Безопасность пассажиров под контролем: МВД проинспектировало вагоны LRT В Астане сотрудники Министерства внутренних дел проверили объекты легкорельсового транспорта LRT. Основное внимание уделено вопросам безопасности пассажиров и соблюдению общественного порядка. Стражи порядка осмотрели вагоны, станции и технические системы. Были изучены меры безопасности, а также условия для безопасного нахождения пассажиров. В МВД подчеркнули, что обеспечение правопорядка и безопасности на объектах LRT остается одним из ключевых направлений работы. Запуск LRT стал важным этапом развития транспортной системы столицы, повысив удобство и мобильность жителей города. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
🔹 МВД продолжает работу по обеспечению дорожной безопасности в регионах. За два дня в Актобе пресечено 1351 нарушение правил дорожного движения. В частности выявлено: - 11 фактов управления транспортом в состоянии опьянения; - 1 факт немедицинского потребления наркотических и психотропных веществ; - 47 человек задержаны за управление автомобилем без водительских прав; - 5 опасных выездов на встречную полосу движения; - 20 фактов проезда на запрещающий сигнал светофора. Подробная информация на сайте.
🔹 ІІМ өңірлерде жол қауіпсіздігіне бағытталған жұмысты жалғастыруда. Ақтөбеде екі күнде жол жүрісі қағидасын бұзудың 1351 дерегіне тосқауыл қойылды. Атап айтқанда: - көлікті мас күйде басқарудың 11 дерегі; - есірткі және психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудың 1 дерегі; - қарсы қозғалыс жолағына шығудың 5 дерегі; - бағдаршамның тыйым салу сигналына өтудің 20 дерегі анықталды. - 47 адам жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған. Толық ақпарат сайтта.
🔹 ІІМ еліміздің бірқатар өңірінде синтетикалық есірткі өткізудің арналарын жойды Ақпарат сайтта. 🔹 МВД пресекло каналы сбыта синтетических наркотиков в ряде регионов страны Информация на сайте.
🔷 Алматы облысында полицей өртке оранған үйден 90 жастағы қарияны алып шықты Полиция қызметкері Жасұлан Нұрасылов түнгі сағат 03:00 шамасында көрші үйден шыққан өртті байқап, бірден көмекке ұмтылған. Қалың түтінге қарамастан, ол жанып жатқан жазғы ас үйден 90 жастағы әжейді алып шығып, кейін өзге тұрғындардың да қауіпсіз жерге эвакуациялануына көмектесті. Полицейдің жедел әрі батыл әрекетінің арқасында адам өмірі аман қалды. Қария мен оның туыстары тәртіп сақшысына алғыстарын жаудырды. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🔷 Сотрудник полиции вынес пенсионерку из горящего дома в Алматинской области Сотрудник полиции Жасулан Нурасилов около 03:00 часов ночи заметил пожар в соседнем доме и сразу бросился на помощь. Несмотря на густой дым, он вынес из охваченной огнем летней кухни 90-летнюю женщину, а затем помог эвакуировать в безопасное место остальных жильцов дома. Благодаря оперативным и смелым действиям полицейского удалось спасти человеческую жизнь. Пожилая женщина и ее родственники выразили сотруднику полиции слова благодарности. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
💠 Жамбыл облысында алғаш рет республикалық "Жас сақшы" форумы өтті Толық ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 💠 В Жамбылской области впервые прошел республиканский форум "Жас сақшы" Информация на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
🔹 ІІМ-де қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды Ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🔹 В МВД обсудили вопросы совершенствования уголовного законодательства Информация на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
🔷 Астанада Қазақстан Ішкі істер министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі арасында екіжақты кездесу өтті «Орталық Азия – Қытай» форматындағы Ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің екінші кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохун арасында екіжақты кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі атап өтіліп, бұл байланыстар мемлекет басшыларының дәйекті саяси бағыты мен екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің дамуының нәтижесі екені айтылды. Сондай-ақ салалық ведомстволар арасындағы практикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, киберқауіпсіздік және цифрландыру саласында тәжірибе алмасу, қылмыскерлерді іздестіру бойынша үйлестіру, есірткі қылмысына қарсы күрес, қаруды сәйкестендіру, сондай-ақ кадр даярлау мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, қоғамдық қауіпсіздік саласындағы технологиялық шешімдерді дамыту бағытындағы ынтымақтастықтың келешегі сөз болды. Кездесу конструктивті әрі іскерлік жағдайда өтті. *** 🔷 В Астане прошла двусторонняя встреча МВД Казахстана и Министерства общественной безопасности КНР В рамках Второй встречи министров внутренних дел и общественной безопасности в формате «Центральная Азия - Китай» прошла двусторонняя встреча министра внутренних дел Республики Казахстан Ержана Саденова и министра общественной безопасности Китайской Народной Республики Вана Сяохун. Стороны обсудили широкий спектр вопросов сотрудничества. Подчёркнут высокий уровень взаимодействия между Казахстаном и Китаем, который поддерживается благодаря последовательному политическому курсу глав государств и развитию стратегического партнёрства между двумя странами. Особое внимание уделено практическому взаимодействию между профильными ведомствами, включая обмен опытом в сфере кибербезопасности и цифровизации, координации в розыске преступников, противодействии наркопреступности, идентификации оружия, а также подготовку кадров. Отдельно отмечены перспективы сотрудничества в развитии технологических решений в сфере общественной безопасности. Встреча прошла в конструктивной и деловой атмосфере.
🔹 Қазақстан ІІМ Орталық Азия елдерімен және Қытаймен қауіпсіздік пен қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде Ақпарат сайтта. 🔹 МВД Казахстана усиливает сотрудничество со странами Центральной Азии и Китаем в сфере безопасности и противодействия преступности Информация на сайте. 🎥 Видеосюжет | YouTube
💠 Қазақстан ІІМ трансұлттық қылмысқа қарсы бірлескен шараларды күшейтуді ұсынды «Орталық Азия – Қытай» форматындағы ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің екінші кездесуі барысында трансұлттық қылмысқа, есірткі тасымалына, заңсыз көші-қонға және киберқауіптерге қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы атап өткендей, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және «Заң және тәртіп» қағидатын нығайту – тұрақтылық пен орнықты дамудың басты шарттарының бірі. Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Саденов көлік-логистикалық байланыстардың кеңеюі мен көші-қон белсенділігінің артуы құқық қорғау органдары арасындағы үйлестіру жұмыстарын күшейтуді талап ететінін айтты. — Бүгінде қылмыстық топтар есірткі тасымалын, қарудың заңсыз айналымын, адам саудасын және өзге де заңсыз әрекеттерді ұйымдастыру үшін халықаралық көлік бағыттарын, цифрлық технологиялар мен көші-қон ағындарын белсенді пайдаланып отыр. Мұндай жағдайда жедел ақпарат алмасу, шекара маңындағы бірлескен іс-шараларды өткізу және құқық қорғау органдарының үйлесімді әрекеті айрықша маңызға ие. Мемлекеттеріміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін трансұлттық қылмыс арналарының жолын дер кезінде кесіп, алдын алу жұмыстарын күшейту қажет, – деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов. *** 💠 МВД Казахстана выступило за усиление совместных мер против транснациональной преступности В ходе второй встречи министров внутренних дел и общественной безопасности формата «Центральная Азия – Китай» особое внимание уделено вопросам противодействия транснациональной преступности, наркотрафику, незаконной миграции и киберугрозам. Как отметил Глава государства, обеспечение безопасности и укрепление принципа «Закон и Порядок» являются важнейшими условиями стабильности и устойчивого развития. Министр внутренних дел Казахстана Ержан Саденов подчеркнул, что расширение транспортно-логистических связей и рост миграционной мобильности требуют усиления координации между правоохранительными органами. — Сегодня преступные группы активно используют международные транспортные маршруты, цифровые технологии и миграционные потоки для организации наркотрафика, незаконного оборота оружия, торговли людьми и других противоправных схем. В этих условиях особое значение приобретают оперативный обмен информацией, проведение совместных приграничных мероприятий и согласованные действия правоохранительных органов. Необходимо усиливать превентивную работу и своевременно пресекать каналы транснациональной преступности, представляющие угрозу безопасности наших государств, — заявил министр внутренних дел Ержан Саденов.
🔷 Орталық Азия елдері мен Қытайдың ішкі істер органдары қауіпсіздік саласындағы практикалық өзара іс-қимылды күшейтуде Астанада «Орталық Азия – Қытай» форматындағы ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің екінші кездесуі аясында өңірлік қауіпсіздікті нығайту, трансұлттық қылмысқа, есірткі бизнесіне, киберқылмысқа және экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қазіргі заманда қауіп-қатердің артуына байланысты құқық қорғау органдары арасындағы практикалық ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға, заманауи технологияларды енгізуге және кәсіби байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды. «Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп мәселелері өңірдің тұрақты дамуы мен тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Бүгінде әр елдің құқық қорғау органдары ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне, киберқылмысқа және экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытында практикалық ынтымақтастықты күшейтіп келеді. Өткен бір жыл ішінде бірқатар бірлескен іс-шара өткізілді. Салалық бөлімшелер мен ведомстволық оқу орындары арасында тәжірибе алмасу кеңейіп, заманауи цифрлық шешімдер мен технологиялар бағыты бойынша өзара іс-қимыл дамып келеді. Ортақ міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи сын-қатерлерге дер кезінде әрекет ету және «Орталық Азия – Қытай» форматына қатысушы елдердің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Бұл формат өзінің практикалық маңыздылығын дәлелдеп, өңірлік қауіпсіздік саласындағы бірлескен жұмысқа қосымша мүмкіндіктер ашуда», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі. Еске сала кетейік, «Орталық Азия – Қытай» форматындағы алғашқы кездесу 2024 жылы Ляньюньган қаласында өткен. *** 🔷 МВД стран Центральной Азии и Китая усиливают практическое взаимодействие в сфере безопасности В Астане в рамках второй встречи министров внутренних дел и общественной безопасности формата «Центральная Азия – Китай» обсуждены вопросы укрепления региональной безопасности, противодействия транснациональной преступности, наркобизнесу, киберпреступности и экстремизму. В условиях роста современных вызовов особое внимание уделено развитию практического взаимодействия между правоохранительными органами, обмену опытом, внедрению современных технологий и укреплению профессиональных контактов. «Вопросы общественной безопасности и правопорядка напрямую влияют на устойчивое развитие и стабильность в регионе. Сегодня правоохранительные органы наших стран усиливают практическое взаимодействие в противодействии организованной преступности, наркобизнесу, киберпреступности и экстремизму. За последний год проведен ряд совместных мероприятий, расширяется обмен опытом между профильными подразделениями и ведомственными учебными заведениями, развивается взаимодействие по линии современных цифровых решений и технологий. Наша общая задача — обеспечить безопасность граждан, своевременно реагировать на современные вызовы и укреплять сотрудничество между правоохранительными органами стран формата «Центральная Азия – Китай». Этот формат уже показывает свою практическую востребованность и открывает дополнительные возможности для совместной работы в сфере региональной безопасности», — отметил министр внутренних дел РК. Напомним, первая встреча в формате «Центральная Азия – Китай» состоялась в 2024 году в городе Ляньюньган.
🔹 Ержан Саденов «Орталық Азия - Қытай» форматындағы Ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің Екінші кездесуіне қатысушылармен бірге 🔹 Министр внутренних дел РК с участниками Второй встречи министров внутренних дел и общественной безопасности «Центральная Азия – Китай»
🔹 Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Саденов Орталық Азия елдерінің Ішкі істер министрлері мен Қытай Халық Республикасының қоғамдық қауіпсіздік министрін қарсы алды *** 🔹 Глава МВД Казахстана Ержан Саденов встретил министров внутренних дел стран Центральной Азии и министра общественной безопасности Китайской Народной Республики
ҚХР және Орталық Азия елдерінің ішкі істер министрлерімен кездесу **** Встреча с министрами внутренних дел КНР и стран Центральной Азии 🎦 t.me/aqorda_resmi
По словам Касым-Жомарта Токаева, Казахстан придает особое значение развитию сотрудничества с Китайской Народной Республикой и государствами Центральной Азии на основе взаимного доверия, добрососедства и совместной ответственности 🟦Участники встречи подтвердили намерение расширять практическое взаимодействие, укреплять обмен оперативной информацией, развивать профессиональные контакты и внедрять современные технологии в деятельность правоохранительных органов. 🟦В завершение Президент выразил уверенность в том, что итоги встречи придадут дополнительный импульс укреплению партнерства и взаимодействия в сфере обеспечения безопасности на пространстве Центральной Азии и Китая.
Архив POLISIA.KZ — страница 7
Это 7-я страница архива публикаций источника POLISIA.KZ. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.





























