POLISIA.KZ » публикация №17171
🔷 Орталық Азия елдері мен Қытайдың ішкі істер органдары қауіпсіздік саласындағы практикалық өзара іс-қимылды күшейтуде Астанада «Орталық Азия – Қытай» форматындағы ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің екінші кездесуі аясында өңірлік қауіпсіздікті нығайту, трансұлттық қылмысқа, есірткі бизнесіне, киберқылмысқа және экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қазіргі заманда қауіп-қатердің артуына байланысты құқық қорғау органдары арасындағы практикалық ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға, заманауи технологияларды енгізуге және кәсіби байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды. «Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп мәселелері өңірдің тұрақты дамуы мен тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Бүгінде әр елдің құқық қорғау органдары ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне, киберқылмысқа және экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытында практикалық ынтымақтастықты күшейтіп келеді. Өткен бір жыл ішінде бірқатар бірлескен іс-шара өткізілді. Салалық бөлімшелер мен ведомстволық оқу орындары арасында тәжірибе алмасу кеңейіп, заманауи цифрлық шешімдер мен технологиялар бағыты бойынша өзара іс-қимыл дамып келеді. Ортақ міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи сын-қатерлерге дер кезінде әрекет ету және «Орталық Азия – Қытай» форматына қатысушы елдердің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Бұл формат өзінің практикалық маңыздылығын дәлелдеп, өңірлік қауіпсіздік саласындағы бірлескен жұмысқа қосымша мүмкіндіктер ашуда», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі. Еске сала кетейік, «Орталық Азия – Қытай» форматындағы алғашқы кездесу 2024 жылы Ляньюньган қаласында өткен. *** 🔷 МВД стран Центральной Азии и Китая усиливают практическое взаимодействие в сфере безопасности В Астане в рамках второй встречи министров внутренних дел и общественной безопасности формата «Центральная Азия – Китай» обсуждены вопросы укрепления региональной безопасности, противодействия транснациональной преступности, наркобизнесу, киберпреступности и экстремизму. В условиях роста современных вызовов особое внимание уделено развитию практического взаимодействия между правоохранительными органами, обмену опытом, внедрению современных технологий и укреплению профессиональных контактов. «Вопросы общественной безопасности и правопорядка напрямую влияют на устойчивое развитие и стабильность в регионе. Сегодня правоохранительные органы наших стран усиливают практическое взаимодействие в противодействии организованной преступности, наркобизнесу, киберпреступности и экстремизму. За последний год проведен ряд совместных мероприятий, расширяется обмен опытом между профильными подразделениями и ведомственными учебными заведениями, развивается взаимодействие по линии современных цифровых решений и технологий. Наша общая задача — обеспечить безопасность граждан, своевременно реагировать на современные вызовы и укреплять сотрудничество между правоохранительными органами стран формата «Центральная Азия – Китай». Этот формат уже показывает свою практическую востребованность и открывает дополнительные возможности для совместной работы в сфере региональной безопасности», — отметил министр внутренних дел РК. Напомним, первая встреча в формате «Центральная Азия – Китай» состоялась в 2024 году в городе Ляньюньган.





























