POLISIA.KZ » публикация №17172
💠 Қазақстан ІІМ трансұлттық қылмысқа қарсы бірлескен шараларды күшейтуді ұсынды «Орталық Азия – Қытай» форматындағы ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің екінші кездесуі барысында трансұлттық қылмысқа, есірткі тасымалына, заңсыз көші-қонға және киберқауіптерге қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы атап өткендей, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және «Заң және тәртіп» қағидатын нығайту – тұрақтылық пен орнықты дамудың басты шарттарының бірі. Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Саденов көлік-логистикалық байланыстардың кеңеюі мен көші-қон белсенділігінің артуы құқық қорғау органдары арасындағы үйлестіру жұмыстарын күшейтуді талап ететінін айтты. — Бүгінде қылмыстық топтар есірткі тасымалын, қарудың заңсыз айналымын, адам саудасын және өзге де заңсыз әрекеттерді ұйымдастыру үшін халықаралық көлік бағыттарын, цифрлық технологиялар мен көші-қон ағындарын белсенді пайдаланып отыр. Мұндай жағдайда жедел ақпарат алмасу, шекара маңындағы бірлескен іс-шараларды өткізу және құқық қорғау органдарының үйлесімді әрекеті айрықша маңызға ие. Мемлекеттеріміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін трансұлттық қылмыс арналарының жолын дер кезінде кесіп, алдын алу жұмыстарын күшейту қажет, – деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов. *** 💠 МВД Казахстана выступило за усиление совместных мер против транснациональной преступности В ходе второй встречи министров внутренних дел и общественной безопасности формата «Центральная Азия – Китай» особое внимание уделено вопросам противодействия транснациональной преступности, наркотрафику, незаконной миграции и киберугрозам. Как отметил Глава государства, обеспечение безопасности и укрепление принципа «Закон и Порядок» являются важнейшими условиями стабильности и устойчивого развития. Министр внутренних дел Казахстана Ержан Саденов подчеркнул, что расширение транспортно-логистических связей и рост миграционной мобильности требуют усиления координации между правоохранительными органами. — Сегодня преступные группы активно используют международные транспортные маршруты, цифровые технологии и миграционные потоки для организации наркотрафика, незаконного оборота оружия, торговли людьми и других противоправных схем. В этих условиях особое значение приобретают оперативный обмен информацией, проведение совместных приграничных мероприятий и согласованные действия правоохранительных органов. Необходимо усиливать превентивную работу и своевременно пресекать каналы транснациональной преступности, представляющие угрозу безопасности наших государств, — заявил министр внутренних дел Ержан Саденов.





























