POLISIA.KZ » публикация №17203
🇰🇿🇬🇪 Қазақстан мен Грузия ІІМ келіссөздерінен кейін Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген есірткі қылмыскерлері ұсталды Қазақстан мен Грузия Ішкі істер министрліктерінің Тбилисидегі келіссөздерінен кейін синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Қазақстан мен Грузияның ішкі істер органдары халықаралық іздестіру және трансұлттық қылмысқа қарсы күрес бағытындағы практикалық ынтымақтастықты күшейтуді жалғастыруда. Еске салсақ, ақпанда Астанада Қазақстан мен Грузия ІІМ басшыларының кездесуі өтіп, тараптар ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына және халықаралық іздеудегі қылмыскерлерге қарсы күрестегі үйлестіруді күшейтуге келіскен болатын. Жуырда Қазақстан ІІМ басшысы Ержан Сәденов жұмыс сапарымен Тбилисиге барып, Грузия ІІМ министрі Сулхан Тамазашвилимен келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзенің қабылдауында болды. Ынтымақтастықтың жандануы аясында бірлескен жұмыстың нақты нәтижелері де бар. Атап айтқанда, 2026 жылдың наурыз айынан бері Грузия аумағында Қазақстан құқық қорғау органдары іздеген 15 адам ұсталды. Олардың қатарында синтетикалық есірткі өндіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген ерлі-зайыпты да бар. Қазақстан ІІМ сұрауы бойынша Тбилисиде мефедрон өндіруді ұйымдастырды деп күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол 2023 жылдың қазан айынан 2024 жылдың ақпан айына дейін сыбайластарымен бірге Алматы облысында арнайы жабдықталған есірткі зертханасында синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырып, химиктің рөлін атқарған. Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген оның жұбайы да қолға түсті. Тергеу барысында оның Алматы және Қарағанды облыстарындағы синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты қылмыстық әрекеттердің қаржылық сүйемелдеуіне жауап бергені анықталды. Қазіргі уақытта ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. *** 🇰🇿🇬🇪 После переговоров МВД Казахстана и Грузии в Тбилиси задержаны наркопреступники, находившиеся в международном розыске После переговоров глав МВД Казахстана и Грузии в Тбилиси задержаны супруги, занимавшиеся производством синтетических наркотиков. Министерства внутренних дел Казахстана и Грузии продолжают наращивать практическое взаимодействие в сфере международного розыска и противодействия транснациональной преступности. Напомним, в феврале этого года в Астане состоялась встреча министров внутренних дел Казахстана и Грузии, в ходе которой стороны договорились усилить координацию в борьбе с организованной преступностью, незаконным оборотом наркотиков и международным розыском преступников. Накануне глава МВД Казахстана Ержан Саденов прибыл с рабочим визитом в Тбилиси, где провел переговоры с министром внутренних дел Грузии Сулханом Тамазашвили и был принят Премьер-министром Грузии Ираклием Кобахидзе. На фоне активизации взаимодействия уже имеются конкретные результаты совместной работы. Так, с марта 2026 года на территории Грузии задержаны 15 лиц, разыскиваемых правоохранительными органами Казахстана. В их числе супруги, подозреваемые в организации незаконного производства синтетических наркотиков. В Тбилиси по запросу МВД Казахстана задержан гражданин РК, объявленный в международный розыск за организацию производства наркотического средства «мефедрон». По данным следствия, с октября 2023 года по февраль 2024 года он совместно с сообщниками организовал изготовление синтетических наркотиков в специально оборудованной нарколаборатории на территории Алматинской области, выполняя роль химика. В Тбилиси также задержана его супруга, находившаяся в международном розыске. Следствием установлено, что она отвечала за финансовое сопровождение преступной деятельности, связанной с незаконным производством синтетических наркотиков на территории Алматинской и Карагандинской областей. В настоящее время решается вопрос об экстрадиции задержанных в Казахстан. 📱 POLISIA.KZ





























