POLISIA.KZ » публикация №17178
🔷 Астанада Қазақстан Ішкі істер министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі арасында екіжақты кездесу өтті «Орталық Азия – Қытай» форматындағы Ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің екінші кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохун арасында екіжақты кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі атап өтіліп, бұл байланыстар мемлекет басшыларының дәйекті саяси бағыты мен екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің дамуының нәтижесі екені айтылды. Сондай-ақ салалық ведомстволар арасындағы практикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, киберқауіпсіздік және цифрландыру саласында тәжірибе алмасу, қылмыскерлерді іздестіру бойынша үйлестіру, есірткі қылмысына қарсы күрес, қаруды сәйкестендіру, сондай-ақ кадр даярлау мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, қоғамдық қауіпсіздік саласындағы технологиялық шешімдерді дамыту бағытындағы ынтымақтастықтың келешегі сөз болды. Кездесу конструктивті әрі іскерлік жағдайда өтті. *** 🔷 В Астане прошла двусторонняя встреча МВД Казахстана и Министерства общественной безопасности КНР В рамках Второй встречи министров внутренних дел и общественной безопасности в формате «Центральная Азия - Китай» прошла двусторонняя встреча министра внутренних дел Республики Казахстан Ержана Саденова и министра общественной безопасности Китайской Народной Республики Вана Сяохун. Стороны обсудили широкий спектр вопросов сотрудничества. Подчёркнут высокий уровень взаимодействия между Казахстаном и Китаем, который поддерживается благодаря последовательному политическому курсу глав государств и развитию стратегического партнёрства между двумя странами. Особое внимание уделено практическому взаимодействию между профильными ведомствами, включая обмен опытом в сфере кибербезопасности и цифровизации, координации в розыске преступников, противодействии наркопреступности, идентификации оружия, а также подготовку кадров. Отдельно отмечены перспективы сотрудничества в развитии технологических решений в сфере общественной безопасности. Встреча прошла в конструктивной и деловой атмосфере.





























