POLISIA.KZ » публикация №17212
💠 Қазақстан ІІМ қызметкерлері жеңімпаздар қатарында: Мароккода киберқылмысқа қарсы халықаралық турнир өтті 19-21 мамыр аралығында Марокко Корольдігінің Марракеш қаласында Еуропа Кеңесі мен Интерполдың қолдауымен Cyber Games және Digital Security Challenge 2026 халықаралық жарыстары өтті. Іс-шараға әлемнің 58 мемлекетінен келген өкілдер қатысып, олар 16 халықаралық команда құрамына біріктірілді. Турнир киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, цифрлық криминалистика, киберқақтығыстарға ден қою және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналды. Тартысты интеллектуалдық сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үш қызметкері өнер көрсеткен команда айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қатысушылар киберқауіптерді анықтау және олардың жолын кесу саласындағы кәсіби дайындықтарының жоғары деңгейін, аналитикалық қабілеттері мен тәжірибелік дағдыларын көрсетті. Қазақстандық мамандардың бұл жеңісі цифрлық қауіпсіздік саласындағы отандық құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін дәлелдеп, киберқылмысқа қарсы күрестегі Қазақстанның халықаралық беделін нығайтты. – Қызметкерлеріміздің бұл жетістігі – жай ғана жарыстағы жеңіс емес, бұл ұлттық киберқауіпсіздік мектебінің жоғары деңгейі мен қазақстандық мамандардың әлемдік аренадағы кәсібилігінің мойындалуы, - деп атап өтті ІІМ өкілдері. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 💠 Сотрудники МВД Казахстана в числе победителей: в Марокко состоялся турнир по киберпреступности С 19 по 21 мая 2026 года в городе Марракеш Королевства Марокко под эгидой Совета Европы и Интерпола прошли международные соревнования Cyber Games и Digital Security Challenge 2026. В мероприятии приняли участие представители 58 государств мира, объединенные в 16 международных команд. Турнир был посвящен вопросам противодействия киберпреступности, цифровой криминалистики, реагирования на киберинциденты и обеспечения информационной безопасности. По итогам напряженной интеллектуальной борьбы уверенную победу с большим отрывом одержала команда, в составе которой выступили трое представителей Департамента по противодействию киберпреступности МВД Республики Казахстан. Участники продемонстрировали высокий уровень профессиональной подготовки, аналитические навыки и практические компетенции в области выявления и пресечения киберугроз. Победа казахстанских специалистов стала подтверждением эффективности работы отечественных правоохранительных органов в сфере цифровой безопасности и укрепила международный авторитет Казахстана в борьбе с киберпреступностью. - Достижение наших сотрудников это не просто победа в соревнованиях, а признание высокого уровня национальной школы кибербезопасности и профессионализма казахстанских специалистов на мировой арене, - отметили в МВД. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ





























