POLISIA.KZ » публикация №17149
🚨 Полиция алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы ескертеді Соңғы уақытта егде жастағы азаматтар алаяқтардың құрбанына жиі айналуда. Қаскөйлер өздерін банк немесе мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде таныстырып, түрлі сылтаумен азаматтардың ақшасы мен жеке мәліметтеріне қол жеткізуге тырысады. 📌 Қазіргі кезде ең көп таралған бірнеше алаяқтық тәсілдері бар. 💰 Алаяқтар банк шотынан ақша ұрланғалы жатқанын айтып, қаражатты шұғыл түрде "қауіпсіз шотқа" аударуға көндіреді. Ол үшін сілтемелер жіберіп немесе арнайы қосымша орнатуды сұрайды. 📱 "Қауіпсіздік жүйесін жаңарту" деген сылтаумен белгісіз бағдарламаларды жүктеуді ұсынады. Мұндай қосымшалар орнатылғаннан кейін алаяқтар банк деректеріне толық қол жеткізе алады. 🏠 Кей жағдайларда қаскөйлер өздерін коммуналдық қызмет немесе зейнетақы ұйымдарының қызметкері ретінде таныстырып, төлемдерді қайта есептеу немесе есептегіштерді тексеру сылтауымен SMS-кодтар мен жеке мәліметтерді сұрайды. ⚠️ Сонымен қатар алаяқтар эмоцияға қысым жасау тәсілін де қолданады. Олар туысыңыз қиын жағдайға тап болғанын айтып, шұғыл ақша аударуды талап етеді. 🌀 Бұдан бөлек, қазіргі технологияларды пайдаланып, жақын адамның дауысын немесе бейнесін қолдан жасап, сенімге кіруге тырысады. Мұндай жағдайда ақпаратты міндетті түрде қайта тексеру қажет. 📌 Алаяқтардың құрбаны болмау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды. ✔️ Сабыр сақтап, асығыс шешім қабылдамаңыз. ✔️ Банкпен немесе мемлекеттік органдармен тек ресми нөмірлер арқылы байланысыңыз. ✔️ Банк картасының деректерін, SMS-кодтарды, құпиясөздер мен ПИН-кодтарды ешкімге айтпаңыз. ✔️ Белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз және күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. ✔️ Күмән туған жағдайда міндетті түрде жақындарыңызбен ақылдасыңыз. 👨👩👧👦 Полиция азаматтарды егде жастағы туыстарына алаяқтықтың кең таралған тәсілдерін түсіндіріп, қауіпсіздік шараларын ескертуге шақырады. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🚨 Полиция предупреждает о новых схемах мошенничества Пожилые люди все чаще становятся жертвами мошенников. Злоумышленники представляются сотрудниками банков или государственных органов и под разными предлогами пытаются получить доступ к деньгам или личным данным. 📌 Чаще всего используются несколько распространенных схем. 💰 Мошенники могут сообщить, что с банковского счета якобы пытаются похитить деньги, и убедить срочно перевести средства на "безопасный счет". Для этого они отправляют ссылки или просят установить приложение. 📱 Под предлогом "обновления системы безопасности" злоумышленники предлагают установить неизвестные программы. После установки они получают полный доступ к банковским данным. 🏠 Нередко мошенники представляются сотрудниками коммунальных служб или пенсионных организаций и просят назвать SMS-коды или личную информацию якобы для перерасчета выплат или проверки счетчиков. ⚠️ Еще одна распространенная схема — давление на эмоции. Мошенники сообщают, что с родственником произошла беда, и требуют срочно перевести деньги. 🌀 Кроме того, используются современные технологии — поддельные аудио и видео с имитацией голоса близких людей. В таких случаях важно не доверять сразу и обязательно перепроверять информацию. 📌 Чтобы не стать жертвой мошенников, важно соблюдать простые правила безопасности. ✔️ Не поддавайтесь панике и не принимайте поспешных решений. ✔️ Связывайтесь с банками и государственными органами только по официальным номерам. ✔️ Никому не сообщайте данные банковских карт, SMS-коды, пароли и ПИН-коды. ✔️ Не устанавливайте неизвестные приложения и не переходите по сомнительным ссылкам. ✔️ В случае сомнений обязательно посоветуйтесь с близкими. 👨👩👧👦 Полиция призывает предупредить пожилых родственников и объяснить им основные меры безопасности. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ





























