POLISIA.KZ » публикация №17116
♻️🚨 "Бурабай" ұлттық табиғи паркінде заң бұзушылықтардың жолы кесілді Ақмола облысындағы "Бурабай" ұлттық табиғи паркінде "Таза Қазақстан" акциясы аясында рейдтік іс-шара өтті. Полицейлер ұлттық парк инспекторларымен бірлесіп, табиғатты қорғау заңнамасын бұзу, жол қозғалысы ережелерін сақтамау және заңсыз кәсіпкерлік фактілерін анықтады. Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 30-ға жуық дерегі тоқтатылды. Оның ішінде автокөліктердің орман аумағына кіру фактілері тіркеліп, бұл парк экожүйесіне зиян келтіргені анықталды. Сонымен қатар Абылайхан алаңында заңсыз сауда жасаудың бірнеше жағдайы әшкереленіп, 5 азамат жауапкершілікке тартылды. 📌 Полиция демалушыларды ерекше қорғалатын табиғи аумақта болу ережелерін қатаң сақтауға шақырады. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** ♻️🚨 В Национальном природном парке "Бурабай" пресечены нарушения В Акмолинской области в нацпарке "Бурабай" прошел рейд в рамках "Таза Қазақстан". Полицейские совместно с инспекторами ГНПП выявили нарушения природоохранного законодательства, ПДД и факты незаконного предпринимательства. За время мероприятий пресечено около 30 нарушений правил дорожного движения, в том числе заезды автомобилей в лесную зону, наносящие ущерб экосистеме парка. Также выявлены случаи незаконной торговли на поляне Абылай хана, к ответственности привлечены 5 граждан. 📌 Полиция призывает отдыхающих соблюдать правила пребывания в особо охраняемой природной территории. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ





























