POLISIA.KZ » публикация №17150
Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады 🔹 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» форматындағы салалық ведомстволардың екінші кездесуіне қатысу үшін Астанаға келген Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунды, Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрі Ұлан Ниязбековті, Тәжікстан Республикасының Ішкі істер министрі Рамазон Рахимзоданы, Түрікменстанның Ішкі істер министрі Мұхаммет Хыдыровты және Өзбекстан Республикасының Ішкі істер министрі Азиз Ташпулатовты қабылдады. 🔘 Кездесу барысында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, трансұлттық қылмыс пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, киберқауіпсіздік, экстремизммен және басқа да қазіргі сын-қатерлермен күрес мәселелері талқыланды. *** Глава государства принял министров внутренних дел и общественной безопасности стран формата «Центральная Азия – Китай» 🔹Президент Касым-Жомарт Токаев принял министра общественной безопасности Китайской Народной Республики Ван Сяохуна, министра внутренних дел Кыргызской Республики Улана Ниязбекова, министра внутренних дел Республики Таджикистан Рамазона Рахимзода, министра внутренних дел Туркменистана Мухаммета Хыдырова и министра внутренних дел Республики Узбекистан Азиза Ташпулатова, прибывших в Астану для участия во второй встрече профильных ведомств в формате «Центральная Азия – Китай». 🔘В ходе встречи были обсуждены вопросы обеспечения региональной безопасности, противодействия транснациональной преступности, незаконному обороту наркотиков, киберпреступности, экстремизму и другим современным вызовам.





























