UKIMET » публикация №24711
ҚР-да этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісімді дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленуде 📌 Қазақстанда Достық үйлерінің құқықтық мәртебесі және оларды қаржыландыру тәртібі заңнамалық деңгейде айқындалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді. Ол «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңға сай Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңның күші жойылғанын атап өтті. Осыған байланысты кеше «Қазақстанның Халық Кеңесі» Хатшылығын құру туралы Президент Жарлығына қол қойылды. Сондай-ақ бірқатар заңнамалық түзетулер пакеті әзірленді. Оның аясында алғаш рет «этномәдени бірлестіктер» ұғымы заңнамалық деңгейде бекітіліп, Достық үйлерінің құқықтық мәртебесі мен оларды қаржыландыру тәртібі айқындалды. «Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи миссиясының аяқталуына байланысты этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісімді дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленуде», — деп атап өтті Аида Балаева. ➖ Новую Концепцию развития межэтнических отношений и общественного согласия разрабатывают в РК 📌 В Казахстане на законодательном уровне определяется правовой статус Домов дружбы и порядок их финансирования. Об этом на заседании Правительства сообщила заместитель Премьер-министра – министр культуры и информации Аида Балаева. Она отметила, что в соответствии с Конституционным законом «О Қазақстан Халық Кеңесі» Закон «Об Ассамблее народа Казахстана» утратил силу. В этой связи был подписан Указ Президента о создании Секретариата «Қазақстан Халық Кеңесі». Кроме того, разработан пакет ряда законодательных поправок. В его рамках впервые на законодательном уровне закрепляется понятие «этнокультурные объединения», а также определяется правовой статус Домов дружбы и порядок их финансирования. «Вместе с тем, в связи с завершением исторической миссии Ассамблеи народа Казахстана, разрабатывается новая Концепция развития межэтнических отношений и общественного согласия», — сообщила Аида Балаева. 📱@KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























