UKIMET » публикация №24731
Қазақстанда 10 мың шақырым автожол мен 124 теміржол вокзалы жаңғыртылуда 📌 Президенттің елдің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда т/ж желілерінің, автожолдар мен авиахабтардың ауқымды құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады. Оның айтуынша, соңғы бес жылда көлік саласының жалпы өнім көлемі 3 есеге өсті. Темір жолдардың өткізу қабілетін арттыру үшін 754 шақырым жаңа желі салынып, 3 мың шақырым жол жаңартылуда. Биыл «Мойынты – Қызылжар», «Дарбаза – Мақтаарал» учаскелерінің құрылысы аяқталады, сондай-ақ Астана – Қарағанды желісінде үшінші жолдарды салу басталады. Сонымен қатар ел тарихындағы ең ауқымды 124 вокзалды жаңғырту бойынша әлеуметтік бағдарлама іске қосылды, оның алғашқы 30-ы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілді. Өзгерістер басқа бағыттарға да әсер етеді. Автожол саласында 10 мың шақырым жол жөндеумен қамтылады. Сонымен қатар көлемнің жартысы кестеден бұрын орындалды. Аэрохабтарды дамыту жұмысы 6 ірі аэропорттарға бағытталға. Бұл ретте Астана әуежайын жаңғырту басымдыққа айналады – құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. «Жүк авиациясын дамыту еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтеді, сондай-ақ халықаралық логистикаға қосуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты мемлекет тарапынан қажетті шешімдер қабылданды. Сонымен қатар жүк авиациясын дамытуға арналған 5 жылдық жоспар әзірленді», — деді Нұрлан Сауранбаев. 📱@KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























