UKIMET » публикация №24751
Бизнеске арналған мүмкіндіктерді кеңейту: Үкімет экспортқа бағдарланған кәсіпорындар үшін реттеушілік кедергілерді төмендетеді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Парламент палаталарының бірлескен отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында шағын және орта бизнесті экономиканың тұрақты өсу мен халықты жұмыспен қамтудың негізгі факторларының бірі ретінде одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты мемлекеттік органдарға қолайлы іскерлік орта қалыптастыру, реттеушілік кедергілерді төмендету және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау құралдарын кеңейту жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. «Шағын және орта бизнестің дамуы халықты жұмыспен қамтып, экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етеді. Бизнеске арналған мүмкіндіктерді кеңейту үшін жаңа цифрлық қолдау құралдарын жасау керек. Экспорттық әлеуеті бар жоғары технологиялық өнімдер шығаратын кәсіпорындарға басымдық берілуге тиіс. Ұлттық экономика министрлігіне салалық мемлекеттік органдармен, “Атамекен” ұлттық палатасымен бірлесіп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Расширение возможностей бизнеса: Правительство снизит регуляторные барьеры для экспортоориентированных предприятий 📌 В рамках исполнения поручений Главы государства, данных на совместном заседании палат Парламента, Премьер-министр Олжас Бектенов на заседании Правительства подчеркнул необходимость дальнейшего развития малого и среднего бизнеса как одного из ключевых факторов устойчивого экономического роста и занятости населения. В связи с этим госорганам дано поручение принять меры по формированию благоприятной деловой среды, снижению регуляторных барьеров и расширению инструментов государственной поддержки предпринимательства. «Развитие малого и среднего бизнеса обеспечивает стабильный рост экономики и занятость населения. В целях расширения возможностей для бизнеса требуется создание новых цифровых инструментов поддержки. В приоритете должны быть предприятия, выпускающие высокотехнологичную продукцию с экспортным потенциалом. Поручаю Министерству национальной экономики совместно с отраслевыми госорганами, Нацпалатой “Атамекен” принять соответствующие меры», — отметил Олжас Бектенов. 📱 @KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























