UKIMET » публикация №24746
12 мың шақырым инженерлік желілерді жөндеу және құрылыс көлемін арттыру: Үкіметте Президент тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қарастырылуда 📌 Үкімет отырысында Президенттің Парламент палаталарының бірлескен отырысында берген коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қаралды. «Бүгінде “Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту” ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін шамамен 12 мың шақырым инженерлік желілерді жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Өнеркәсіп министрлігі отандық тауар өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді басым тәртіппен сатып алу арқылы олардың өндірістік қуаттарын арттыру үшін жағдай жасауы қажет», — деп атап өтті Премьер-министр. Сондай-ақ Олжас Бектенов құрылыс көлемін арттыру қажеттігіне назар аударды. «Мемлекет басшысы атап өткендей, құрылыс көлемін қазіргі деңгейде сақтап қана қоймай, оны арттыра түсу қажет. Осыған орай Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жоспарланған тұрғын үй көлемінің пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Инженерлік инфрақұрылымды уақтылы жүргізу және құрылыс жұмыстарының сапасы ерекше бақылауда болуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Ремонт 12 тыс км инженерных сетей и наращивание объемов строительства: в Правительстве рассматривают меры по исполнению поручений Президента 📌 На заседании Правительства рассмотрены меры исполнения поручений Президента, данных на совместном заседании Палат Парламента, по модернизации коммунальной инфраструктуры и развитию жилищного строительства. «Реализуется Национальный проект “Модернизация энергетического и коммунального секторов”. До конца года планируется завершить ремонт порядка 12 тыс. км инженерных сетей. Министерству промышленности необходимо обеспечить условия по наращиванию производственных мощностей отечественных товаропроизводителей через приоритетное осуществление закупок у них товаров, работ и услуг», — подчеркнул Премьер-министр. Также руководитель Правительства акцентировал внимание на поставленной Президентом задаче по наращиванию объемов строительства. «Как подчеркнул Глава государства, необходимо сохранить и нарастить объемы строительства. В этой связи поручаю Министерству промышленности и строительства совместно с акиматами регионов обеспечить ввод запланированных объемов жилья. На особом контроле должно быть своевременное подведение инженерной инфраструктуры и соблюдение качества строительных работ», — подчеркнул Олжас Бектенов. 📱 @KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























