UKIMET » публикация №24754
Жаңа Конституцияда Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі қағидаттары бекітілген: Премьер-министр мемлекеттік органдарға аумақтарды абаттандыру және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды 📌 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экологиялық мәдениетті дамыту және қоғамды жаңа Конституция шеңберінде "Таза Қазақстан" бастамасын іске асыруға тарту жөніндегі шараларға назар аударды. «Жаңа Конституцияда Мемлекет басшысының “Таза Қазақстан” бастамасының негізгі қағидаттары бекітілген. Маңызды бастама ауқымды жалпыұлттық қозғалысқа және мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналды. Барлық мемлекеттік органдар аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыру және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмысты күшейтуге тиіс. Осы орайда, өңірлердің, мемлекеттік органдардың аталған қозғалысқа жастар ұйымдарын, волонтерлік топтар мен еңбек ұжымдарын кеңінен тарту қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ В Новой Конституции закреплены принципы инициативы Главы государства “Таза Қазақстан”: Премьер-министр поручил госорганам усилить работу по благоустройству территорий и повышению экологической культуры обществу 📌 На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов акцентировал внимание на мерах по развитию экологической культуры и вовлечению общества в реализацию инициативы «Таза Қазақстан» в рамках Новой Конституции. «В Новой Конституции закреплены ключевые принципы инициативы Главы государства “Таза Қазақстан”, ставшей масштабным общенациональным движением и частью нашей культуры. Всем государственным органам следует усилить работу по благоустройству и озеленению территорий, повышению экологической культуры общества. Здесь важна скоординированная работа регионов, государственных органов и всего гражданского общества. Надо широко вовлекать в данное движение молодежные организации, волонтерские группы и трудовые коллективы», — отметил Олжас Бектенов. 📱 @KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























