UKIMET » публикация №24734
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен Қазақстанда 228 мыңға жуық азамат қамтылды – Еңбек министрлігі 📌 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамтудың нәтижелілігі және жұмыс орындарының сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ол биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құрағанын атап өтті. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 228 мыңға жуық азамат қамтылды. Экономикада жоспарланған 3,1 млн сапалы жұмыс орнының 2,9 млн-ы бүгінде ашылды. «Бұдан әрі қарай жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің неғұрлым белсенді моделіне көшуге бет бұратын боламыз. Мансап орталықтары "бэк-офис" моделінен "фронт-офис" моделіне ауысады. Негізгі назар жұмыспен қамтылмаған азаматтарды анықтау, атаулы сүйемелдеу және тұрақты жұмысқа орналасуға дейін жеткізу мәселелеріне аударылады. Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің жаңа моделі енгізіледі, жұмыс орындарын квоталау тетігі кеңейтіледі, ол: квоталарды автоматты түрде белгілеу және олардың орындалуына мониторинг жүргізу», — деп атап өтті Асқарбек Ертаев. 📱 @KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























