Минобороны РК » публикация №33395
🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство
🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство
Үкімет келесі жылы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстарын аяқтап, Астанада жаңа әуежай салуға кіріседі Президент Қазақстанды өңірдегі жетекші көлік-логистика торабының біріне айналдыру міндетін қойды 📌 Мемлекет басшысының еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Премьер-министр Олжас Бектенов инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударды. «Мемлекет басшысы Қазақстанды өңірдегі жетекші көлік-логистика торабының біріне айналдыру міндетін қойды. Көлік саласында жаңа теміржол желілерін салу және вокзалдарды жаңғырту бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларды аяқтау қажет. “Қарағанды–Жезқазған” республикалық жолын реконструкциялау басталды, бұл оның өткізу қабілетін жақсартады. “Бейнеу-Сексеуіл” және “Орталық–Батыс” жолдарының уақтылы әрі сапалы салынуын қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ келесі жылы автомобиль өткізу пункттерін жаңғыртуды аяқтау қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Президент Елордада жаңа әуежай салу кезек күттірмейтін міндет екенін айтты. Астана әкімдігіне бұл жобаны жүзеге асыруға дереу кірісу тапсырылды. Үкімет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетіледі. ➖ Правительство завершит модернизацию автомобильных пунктов пропуска в следующем году и приступит к строительству нового аэропорта в Астане Президентом поставлена цель по становлению Казахстана ведущим транспортно-логистическим узлом в регионе 📌 В рамках поручения Главы государства по развитию транспортно-логистического потенциала страны Премьер-министр Олжас Бектенов акцентировал внимание на развитии инфраструктуры. «Главой государства поставлена задача по становлению Казахстана одним из ведущих транспортно-логистических узлов в регионе. В сфере транспорта необходимо завершить реализуемые проекты по строительству новых железнодорожных линий и реконструкции вокзалов. Начата реконструкция республиканской дороги “Караганда–Жезказган”, которая повысит пропускную способность и связанность. Надо обеспечить своевременное и качественное строительство дорог “Бейнеу-Саксаульский” и “Центр–Запад”. Также в следующем году следует завершить модернизацию автомобильных пунктов пропуска», — подчеркнул Олжас Бектенов. Президентом поставлена задача по скорейшему началу строительства нового столичного аэропорта. Акимату Астаны поручено в кратчайшие сроки приступить к реализации данного проекта. Правительство окажет всю необходимую поддержку. 📱 @KZgovernment
Авиаотынға деген қажеттілікті толық қамтамасыз етіп, үш көмір стансасының құрылыс қарқынын жеделдету қажет — Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Президент тапсырмалары аясында мемлекеттік органдар экономиканың тұрақты дамуы мен негізгі салалардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы жүзеге асыру қажет екенін атап өтті. «Мемлекет басшысы авиаотынмен қамтамасыз ету инфрақұрылымын құру міндетін қойды. Энергетика министрлігі Көлік министрлігімен және “Самұрық-Қазына” қорымен бірге тез арада авиаотынды сақтап, таратуға арналған нысандарды жаңғырту мен салудың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлесін. Аталған жұмыс жылдам дамып келе жатқан авиация саласының қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін озық қарқынмен жүруі керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Премьер-министр генерация саласындағы жобаларды жүзеге асыруға жеке тоқталды. «Президент Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш көмір стансасы құрылысының созылып кетуін орынды сынға алды. Осыған байланысты Энергетика министрлігіне “Самұрық-Қазына” қорымен, Атом энергиясы жөніндегі агенттікпен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, генерация саласындағы жобалардың белгіленген мерзімде уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді Олжас Бектенов. ➖ Полное обеспечение потребностей в авиатопливе и ускорение темпов строительства трех угольных станций - Олжас Бектенов дал ряд поручений госорганам 📌 В рамках поручений Президента Премьер-министр Олжас Бектенов на заседании Правительства отметил, что госорганам необходимо обеспечить своевременную реализацию инфраструктурных проектов, имеющих значение для устойчивого развития экономики и обеспечения потребностей ключевых отраслей. «Глава государства поставил задачу по созданию инфраструктуры обеспечения авиатопливом. Министерству энергетики совместно с Министерством транспорта и фондом “Самрук-Казына” в кратчайшие сроки разработать детальный план модернизации и строительства объектов для хранения и распределения авиатоплива. Данная работа должна быть выстроена на опережение, чтобы гарантировать полное обеспечение потребностей динамично развивающейся авиационной отрасли», — подчеркнул Олжас Бектенов. Отдельно Премьер-министр остановился на реализации проектов в сфере генерации. «Президентом высказана справедливая критика по затягиванию строительства трех угольных станций в городах Кокшетау, Семей и Усть-Каменогорск. В этой связи поручаю Министерству энергетики совместно с фондом “Самрук-Казына”, Агентством по атомной энергии и другими государственными органами обеспечить своевременную реализацию проектов в сфере генерации в установленные сроки», — акцентировал внимание Олжас Бектенов. 📱 @KZgovernment
Үкімет бір ай мерзімде көрсеткішті 80%-ға дейін арттыра отырып елді мекендерді газбен қамту ісін жеделдету жөніндегі жұмыс жоспарларын өзектендіреді Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмалары аясында елдә мекендерді газбен қамту ісін жеделдету және газ инфрақұрылымын кеңейту жоспарларын өзектендіру бойынша міндеттер қойды. «Президент елді мекендерді газбен қамту қарқынын жеделдетіп, көрсеткішті 80%-ға дейін арттыру міндетін қойды. Энергетика министрлігіне QazaqGaz компаниясымен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, бір ай мерзімде газ тарату желілерін кеңейту және салу жоспарларын жаңартуды тапсырамын. Бұл жобаларды толық әрі үздіксіз қаржыландырып, жүзеге асыру мерзімдеріне қатаң мониторинг жүргізу қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында. Үкімет жақын арада газ саласын дамыту мәселесін жеке қарастыратыны атап өтілді. ➖ Правительство в месячный срок актуализирует планы работ по ускорению газификации страны с увеличением показателя до 80% 📌 В рамках поручений Президента Премьер-министр Олжас Бектенов поставил задачу по ускорению газификации страны и актуализации планов по расширению газовой инфраструктуры. «Президент поставил задачу по ускорению газификации страны с увеличением показателя до 80%. Министерству энергетики совместно с компанией QazaqGaz и акиматами областей поручаю в месячный срок актуализировать планы по расширению и строительству газораспределительных сетей. Требуется обеспечить полное и бесперебойное финансирование данных проектов, установив строгий мониторинг за сроками их реализации», — подчеркнул Олжас Бектенов на заседании Правительства. Отмечено, что Правительством в ближайшее время отдельно будет рассмотрен вопрос развития газовой отрасли. 📱 @KZgovernment
Өңдеуші секторда 200 жаңа жоба, фармацевтика мен мал шаруашылығын дамыту: мемлекеттік органдарға жобалардың уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету тапсырылды 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде жауапты министрліктер мен әкімдіктерге өңдеу секторын, фармацевтика саласын және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жұмыстарын күшейтуді тапсырды. «Биыл өңдеуші секторда 200-ге жуық жаңа жоба іске қосылады деп күтілуде. Мәлімделген инвестициялар көлемін тартып, озық технологияларды енгізу керек. Өнеркәсіп министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, әрбір жобаны бақылауда ұстауы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Сонымен қатар жиында фармацевтика саласын дамытуға ерекше назар аударылды. «Мемлекет басшысы фармацевтика саласының орнықты өсімін атап өтті. Осы маңызды бағыт бойынша қол жеткізілген қарқынды сақтай отырып, саланың одан әрі дамуын қамтамасыз ету қажет», — деп атап өтті Премьер-министр. Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесін арттыруға бағытталған инвестициялық ірі жобаларды уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ әкімдіктердің алдына ірі шаруашылықтармен өзара іс-қимылды жандандыру міндеті қойылды. «Ауылдық жерлерде жыл бойы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында әкімдіктерге ірі қожалықтармен өзара іс-қимылды жандандыруды тапсырамын. Мал шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударып, бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ 200 новых проектов в обрабатывающем секторе, развитие фармотрасли и животноводства: госорганам поручено обеспечить своевременную реализацию проектов 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов на заседании Правительства в рамках исполнения поставленных Главой государства задач поручил ответственным министерствам и акиматам усилить работу по развитию обрабатывающего сектора, фармацевтической отрасли и агропромышленного комплекса. «В текущем году ожидается запуск порядка 200 новых проектов в обрабатывающем секторе. Необходимо обеспечить привлечение заявленного объема инвестиций и внедрение передовых технологий. Министерство промышленности совместно с Министерством национальной экономики и акиматами должны держать на контроле каждый проект», — подчеркнул Олжас Бектенов. Отдельное внимание уделено развитию фармацевтической отрасли. «Главой государства отмечен устойчивый рост фармацевтической отрасли. Важно сохранить набранные темпы и обеспечить дальнейшее развитие этого важного направления», — подчеркнул Олжас Бектенов. Министерству здравоохранения совместно с акиматами поручено обеспечить своевременную реализацию крупных инвестиционных проектов, направленных на увеличение доли отечественных лекарственных средств и медицинских изделий. Также перед акиматами поставлена задача активизировать взаимодействие с крупными хозяйствами. «В целях обеспечения круглогодичной занятости на селе поручаю акиматам активизировать взаимодействие с крупными хозяйствами. Особое внимание следует уделить развитию животноводства и контролировать целевое использование выделенных средств», - отметил руководитель Правительства. 📱 @KZgovernment
12 мың шақырым инженерлік желілерді жөндеу және құрылыс көлемін арттыру: Үкіметте Президент тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қарастырылуда 📌 Үкімет отырысында Президенттің Парламент палаталарының бірлескен отырысында берген коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қаралды. «Бүгінде “Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту” ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін шамамен 12 мың шақырым инженерлік желілерді жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Өнеркәсіп министрлігі отандық тауар өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді басым тәртіппен сатып алу арқылы олардың өндірістік қуаттарын арттыру үшін жағдай жасауы қажет», — деп атап өтті Премьер-министр. Сондай-ақ Олжас Бектенов құрылыс көлемін арттыру қажеттігіне назар аударды. «Мемлекет басшысы атап өткендей, құрылыс көлемін қазіргі деңгейде сақтап қана қоймай, оны арттыра түсу қажет. Осыған орай Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жоспарланған тұрғын үй көлемінің пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Инженерлік инфрақұрылымды уақтылы жүргізу және құрылыс жұмыстарының сапасы ерекше бақылауда болуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов. ➖ Ремонт 12 тыс км инженерных сетей и наращивание объемов строительства: в Правительстве рассматривают меры по исполнению поручений Президента 📌 На заседании Правительства рассмотрены меры исполнения поручений Президента, данных на совместном заседании Палат Парламента, по модернизации коммунальной инфраструктуры и развитию жилищного строительства. «Реализуется Национальный проект “Модернизация энергетического и коммунального секторов”. До конца года планируется завершить ремонт порядка 12 тыс. км инженерных сетей. Министерству промышленности необходимо обеспечить условия по наращиванию производственных мощностей отечественных товаропроизводителей через приоритетное осуществление закупок у них товаров, работ и услуг», — подчеркнул Премьер-министр. Также руководитель Правительства акцентировал внимание на поставленной Президентом задаче по наращиванию объемов строительства. «Как подчеркнул Глава государства, необходимо сохранить и нарастить объемы строительства. В этой связи поручаю Министерству промышленности и строительства совместно с акиматами регионов обеспечить ввод запланированных объемов жилья. На особом контроле должно быть своевременное подведение инженерной инфраструктуры и соблюдение качества строительных работ», — подчеркнул Олжас Бектенов. 📱 @KZgovernment
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы» Жарлыққа қол қойды **** ✍️ Главой государства подписан Указ «О внесении изменений и дополнений в некоторые акты Президента Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых актов Президента Республики Казахстан» t.me/aqorda_resmi
Халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет инфляцияны төмендету шараларын бақылауды қамтамасыз етеді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жаңа Конституцияны жүзеге асыру шараларын талқылау шеңберінде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі міндеттерге назар аударды. «Күні кеше Парламент палаталарының қорытынды бірлескен отырысында Мемлекет басшысы барлық реформаның басты мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыру екенін атап өтті. Биыл инфляцияны 10%-дан төмен деңгейде ұстап тұру орнықты экономикалық өсімге жол ашатын маңызды фактор болып отыр. Оған қол жеткізу үшін тиісті құралдар бар. Жұмыс Ұлттық банкпен үйлестіріле отырып, жүргізілуге тиіс. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына Макроэкономикалық тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын, сондай-ақ Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін сапалы жүзеге асыруды қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Отандық өндіріске қолдау көрсету, нарықты тауарлармен қамтамасыз ету, сақтау инфрақұрылымы мен логистиканы дамыту шараларын, сондай-ақ баға саясатын реттеу және “Инвестицияларға тапсырыс беру” құралдарын толық жүзеге асыруды жалғастыру қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделерін ескере отырып, теңгерімді тарифтік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету тапсырылды. ➖ Исполнение поручений Президента по росту благосостояния граждан: Правительство обеспечит контроль за мерами по снижению инфляции 📌 На заседании Правительства в рамках рассмотрения мер по реализации Новой Конституции Премьер-министр Олжас Бектенов акцентировал внимание на задачах по обеспечению устойчивого экономического роста и повышению благосостояния граждан. «На заключительном совместном заседании палат Парламента Глава государства подчеркнул, что главная цель всех преобразований – рост благосостояния народа. Важным фактором устойчивого экономического роста является удержание в текущем году уровня инфляции ниже 10%. Инструменты для этого имеются. Все меры должны быть скоординированы с Национальным Банком. Первым руководителям госорганов поручаю обеспечить жесткий контроль качественной реализации Программы совместных действий по макроэкономической стабилизации, а также Комплекса мер по контролю и снижению инфляции. Необходимо продолжить поддержку отечественного производства, насыщение рынка товарами, развитие инфраструктуры хранения и логистики, а также регулирование ценообразования и полноценной реализации инструмента «Заказ на инвестиции», — отметил Олжас Бектенов. Кроме того, Министерству национальной экономики совместно с заинтересованными госорганами поручено обеспечить реализацию сбалансированной тарифной политики с учетом интересов потребителей и субъектов естественных монополий. 📱 @KZgovernment
Новую модель развития науки и системы высшего образования внедряют в РК 📌 В Казахстане определены стратегические направления по развитию системы науки и высшего образования. Об этом на заседании Правительства сообщил министр науки и высшего образования Саясат Нурбек. По данным ведомства, в их числе: 🟦Развитие человеческого капитала как главного ресурса экономики. 🟦 Формирование конституционной культуры, основанной на принципах законности, справедливости и ответственности. 🟦Повышение качества и доступности высшего образования через модернизацию образовательных программ и интеграцию международных стандартов. 🟦Развитие науки и инноваций как основы технологической конкурентоспособности страны. 🟦Искусственный интеллект и цифровая трансформация, которые становятся обязательным элементом подготовки специалистов новой экономики. «Конституционные нормы требуют выстроить непрерывную систему развития человека. Мы переходим к модели, в которой государство сопровождает гражданина Казахстана на каждом этапе его развития: от школы и профессиональной ориентации до университета, профессиональной деятельности и непрерывного обучения. Поэтому модернизируется ЕНТ, внедряются механизмы раннего выявления талантов, создается Национальный центр трансформации профессий. Выделяется гранты на обучение в вузах для лиц, отслуживших в Армии. Наша цель – подготовить не просто выпускника университета, а гражданина Республики Казахстан – ответственного, законопослушного, трудолюбивого, профессионального и способного создавать новые знания», — подчеркнул Саясат Нурбек, 📱 @KZgovernment
Қазақстанда ғылым мен жоғары білім беру жүйесін дамытудың жаңа моделі енгізілуде 📌 Қазақстанда ғылым мен жоғары білім беру жүйесін дамыту бойынша стратегиялық бағыттар айқындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Олар: 🟦 Экономиканың негізгі ресурсы ретінде адами капиталды дамыту. 🟦Заңдылық, әділеттілік және жауапкершілік қағидаттарына негізделген конституциялық мәдениетті қалыптастыру. 🟦Білім беру бағдарламаларын жаңғырту және халықаралық стандарттарды интеграциялау арқылы жоғары білімнің сапасы мен қолжетімділігін арттыру. 🟦Еліміздің технологиялық бәсекеге қабілеттілігінің негізі ретінде ғылым мен инновацияны дамыту. 🟦Жаңа экономика мамандарын даярлаудың міндетті элементіне айналатын жасанды интеллект және цифрлық трансформация. «Конституциялық нормалар адам дамуының үздіксіз жүйесін құруды талап етеді. Біз мемлекет Қазақстан азаматын оның дамуының әрбір кезеңінде: мектептен және кәсіптік бағдарлаудан бастап университетке, кәсіптік қызметке және үздіксіз оқытуға дейін сүйемелдейтін модельге көшеміз. Сондықтан ҰБТ жаңғыртылуда, таланттарды ерте анықтау тетіктері енгізілуде, кәсіптерді трансформациялаудың ұлттық орталығы құрылуда. Армияға барып келген адамдар үшін жоғары оқу орындарында оқуға гранттар бөлінеді. Біздің мақсатымыз – жәй ғана университет түлегін даярлап шығару емес, жауапты, заңға бағынатын, еңбекқор, кәсіби және жаңа білім жасауға қабілетті азаматты қалыптастыру», — деп атап өтті Саясат Нұрбек. 📱 @KZgovernment
🏗️ Мы должны превратить Казахстан в одну большую строительную площадку – Наш Президент @ptrkkz
🇰🇿 Военный институт Сухопутных войск имени Сагадата Нурмагамбетова – старейший военный вуз Казахстана, где уже более полувека готовят офицеров, способных принимать решения и вести за собой. Современная учебная база, всесторонняя подготовка, полное государственное обеспечение и гарантированное трудоустройство открывают выпускникам путь к службе в Вооруженных силах и других силовых структурах страны. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
🇰🇿 Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институты – Қазақстандағы ең көне әскери жоғары оқу орындарының бірі. Мұнда жарты ғасырдан астам уақыт бойы шешім қабылдай алатын және жеке құрамды басқара білетін офицерлер даярланып келеді. Заманауи оқу базасы, жан-жақты дайындық, толық мемлекеттік қамтамасыз ету және жұмысқа орналасуға кепілдік түлектерге Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдарда қызмет етуге жол ашады. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
«Конституция негіздері», «Жеке қауіпсіздік»: қазақстандық мектептерде жаңа пәндер енгізіледі 📌 Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде жаңа міндетті пәндер енгізіледі, олардың ішінде «Конституция негіздері» және «Жеке қауіпсіздік» бар. Үкімет отырысында жаңа…
✔️ Көгілдір отынмен қамту көрсеткішін (қазір 65 пайызға жуық) 80 пайызға дейін арттыру міндеті қойылды – Мемлекет басшысы @ptrkkz
«Конституция негіздері», «Жеке қауіпсіздік»: қазақстандық мектептерде жаңа пәндер енгізіледі 📌 Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде жаңа міндетті пәндер енгізіледі, олардың ішінде «Конституция негіздері» және «Жеке қауіпсіздік» бар. Үкімет отырысында жаңа Конституция нормаларына сәйкес оқу жоспарлары мен стандарттарын қайта қарау туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады. Оның айтуынша, қазір теорияны жаттауға ғана емес, жауапкершілікті тәрбиелеуге және қазіргі әлемде қауіпсіз өмір сүруге баса назар аударылады. 5-7 сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері» пәні енгізіледі, онда оқушылар Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік басқару қағидаттары және құқықтық мәдениет негіздері туралы жүйелі білім алады. 8–11-сыныптарда «Заң мен тәртіп» міндетті курсы оқытылады. Бұл пәннің негізгі мақсаты – құқықтық сананы нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті арттыру. Сонымен бірге 5–11-сыныптарда «Жеке қауіпсіздік» міндетті курсы енгізіледі. Бұл оқушылардың өмірлік қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырумен қатар, ақпараттық қауіпсіздік, кибергигиена, төтенше жағдайларда әрекет ету және қауіптердің алдын алу бойынша практикалық дағдыларын дамытуға бағытталады. «Жаңартылған білім мазмұны ең алдымен тұлғаның жан-жақты дамуына, іргелі білімді нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және заманауи құзыреттерді дамытуға бағытталады. Сонымен қатар тәрбиелік компоненттің мазмұны едәуір күшейтіледі. Білім беру жүйесіне «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының құндылықтары, «Заң мен тәртіп» қағидаты, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы және жаңа Конституцияның негізгі идеялары мен құндылықтары толық енгізілетін болады. Осылайша мектеп тек білім беретін ұйым ғана емес, заңға құрметпен қарайтын, еңбекті бағалайтын, мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінетін азаматтарды қалыптастыратын ортаға айналады», — деп атап өтті министр. 📱@KZgovernment
В Казахстане обновят обучение в начальных классах: меньше нагрузки, больше базовых знаний 📌 После вступления в силу новой Конституции, где развитие человека и образование назвали главными приоритетами страны, в Министерстве просвещения решили полностью перестроить процесс обучения в начальных классах. Об обновлении школьных программ, которые теперь станут легче и понятнее для детей, на заседании Правительства рассказала министр просвещения Жулдыз Сулейменова. По ее словам, главная цель реформы – убрать лишнюю нагрузку и научить детей базовым вещам: уверенно читать, писать и считать. Сильнее всего изменится математика для 1-4 классов, где пересмотрели 244 учебные цели. Программу сделали более практичной: треть сложных тем упростили, а еще около 14% уроков, которые не подходили детям по возрасту, убрали или перенесли в старшие классы. Кроме того, для первоклассников введут специальный адаптационный период в начале года. Серьезные изменения коснутся и языковых предметов. Время на подготовку к «Әліппе» увеличили, тогда как на само изучение «Әліппе» выделили 84 часа, а «Ана тілі» дети начнут проходить со второго полугодия. Также в школах запустят спецпрограмму для учеников, которые только начинают учиться на казахском языке. «Для детей, впервые начинающих обучение на казахском языке, будет внедрена специальная программа языковой адаптации. Планируется обеспечить охват программой на уровне 50% в 2026 году, 80% – в 2027 году и 100% – в 2028 году. По итогам реализации обновленных учебных программ предусматривается повышение качества знаний по математике и языковым предметам на 15% в 2027 году и на 35% по итогам 2028 года», — подчеркнула Жулдыз Сулейменова. 📱@KZgovernment
Қазақстанда бастауыш сыныптардағы оқыту жүйесі жаңартылады: жүктеме азайып, базалық білімге басымдық беріледі 📌 Адамның дамуы мен білімі елдің басты басымдықтары деп аталған жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін, Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптарда оқу процесін толығымен қайта құруға шешім қабылдады. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында балаларға оңай әрі түсінікті болатын мектеп бағдарламаларын жаңарту туралы айтып берді. Оның айтуынша, негізгі мақсат – оқу жүктемесін оңтайландыру, оқу материалының сабақтастығын қамтамасыз ету және оқушылардың оқу, жазу, математикалық және функционалдық сауаттылығының берік негізін қалыптастыру. Атап айтқанда, 1–4-сыныптарға арналған «Математика» пәні бойынша 244 оқу мақсаты толық қайта қаралды. Бағдарлама неғұрлым практикалық болды: күрделі тақырыптардың үштен бірі жеңілдетілді, ал балаларға жасына сәйкес келмейтін сабақтардың шамамен 14% - ы алынып тасталды немесе орта мектепке ауыстырылды. Сонымен қатар бірінші сынып оқушылары үшін жылдың басында арнайы бейімделу кезеңі енгізіледі. Тілдік пәндердің мазмұны да айтарлықтай жаңартылды. Әліппеге дейінгі кезең 12 сағатқа дейін ұзартылды, «Әліппе» пәнін оқытуға 84 сағат бөлінді, ал «Ана тілі» пәні екінші жартыжылдықта оқытылады. Сондай-ақ, оқытуды қазақ тілінде алғаш бастайтын балалар үшін арнайы тілдік бейімдеу бағдарламасы енгізіледі. «Оқытуды қазақ тілінде алғаш бастайтын балалар үшін арнайы тілдік бейімдеу бағдарламасы енгізіледі. Бағдарламамен қамту көрсеткішін 2026 жылы – 50%-ға, 2027 жылы – 80%-ға, ал 2028 жылы – 100%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Жаңартылған оқу бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесінде математика және тілдік пәндер бойынша білім сапасын 2027 жылы 15%-ға, ал 2028 жылдың қорытындысы бойынша 35%-ға арттыру көзделген», — деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова. 📱@KZgovernment
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен Қазақстанда 228 мыңға жуық азамат қамтылды – Еңбек министрлігі 📌 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамтудың нәтижелілігі және жұмыс орындарының сапасын…
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен Қазақстанда 228 мыңға жуық азамат қамтылды – Еңбек министрлігі 📌 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамтудың нәтижелілігі және жұмыс орындарының сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ол биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құрағанын атап өтті. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 228 мыңға жуық азамат қамтылды. Экономикада жоспарланған 3,1 млн сапалы жұмыс орнының 2,9 млн-ы бүгінде ашылды. «Бұдан әрі қарай жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің неғұрлым белсенді моделіне көшуге бет бұратын боламыз. Мансап орталықтары "бэк-офис" моделінен "фронт-офис" моделіне ауысады. Негізгі назар жұмыспен қамтылмаған азаматтарды анықтау, атаулы сүйемелдеу және тұрақты жұмысқа орналасуға дейін жеткізу мәселелеріне аударылады. Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің жаңа моделі енгізіледі, жұмыс орындарын квоталау тетігі кеңейтіледі, ол: квоталарды автоматты түрде белгілеу және олардың орындалуына мониторинг жүргізу», — деп атап өтті Асқарбек Ертаев. 📱 @KZgovernment
Қазақстанда 10 мың шақырым автожол мен 124 теміржол вокзалы жаңғыртылуда 📌 Президенттің елдің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда т/ж желілерінің, автожолдар мен авиахабтардың ауқымды құрылысы жүргізілуде.…
Қазақстанда 10 мың шақырым автожол мен 124 теміржол вокзалы жаңғыртылуда 📌 Президенттің елдің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда т/ж желілерінің, автожолдар мен авиахабтардың ауқымды құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады. Оның айтуынша, соңғы бес жылда көлік саласының жалпы өнім көлемі 3 есеге өсті. Темір жолдардың өткізу қабілетін арттыру үшін 754 шақырым жаңа желі салынып, 3 мың шақырым жол жаңартылуда. Биыл «Мойынты – Қызылжар», «Дарбаза – Мақтаарал» учаскелерінің құрылысы аяқталады, сондай-ақ Астана – Қарағанды желісінде үшінші жолдарды салу басталады. Сонымен қатар ел тарихындағы ең ауқымды 124 вокзалды жаңғырту бойынша әлеуметтік бағдарлама іске қосылды, оның алғашқы 30-ы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілді. Өзгерістер басқа бағыттарға да әсер етеді. Автожол саласында 10 мың шақырым жол жөндеумен қамтылады. Сонымен қатар көлемнің жартысы кестеден бұрын орындалды. Аэрохабтарды дамыту жұмысы 6 ірі аэропорттарға бағытталға. Бұл ретте Астана әуежайын жаңғырту басымдыққа айналады – құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. «Жүк авиациясын дамыту еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтеді, сондай-ақ халықаралық логистикаға қосуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты мемлекет тарапынан қажетті шешімдер қабылданды. Сонымен қатар жүк авиациясын дамытуға арналған 5 жылдық жоспар әзірленді», — деді Нұрлан Сауранбаев. 📱@KZgovernment
Live stream finished (1 hour)
Қазақстанда 2026 жылы 200 өнеркәсіптік жоба мен 20 млн шаршы метр тұрғын үй іске қосылады 📌 Президенттің экономиканың нақты секторын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда өнеркәсіптік нысандарды іске қосу және коммуналдық инфрақұрылымды…
Қазақстанда 2026 жылы 200 өнеркәсіптік жоба мен 20 млн шаршы метр тұрғын үй іске қосылады 📌 Президенттің экономиканың нақты секторын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда өнеркәсіптік нысандарды іске қосу және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді. Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібінің өсуі 9%-ды құрады. Ол негізінен жаңа өндірістік қуаттарды енгізу арқылы қамтамасыз етілген. Осы жылы құны 1,7 трлн теңге болатын 200 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, оның ішінде 252 млрд теңгеге 74 жоба іске қосылды. Машина жасау саласында отандық өндірушілерді қолдау және өнеркәсіптік кластерлер институтын енгізу үшін нормативтік база жетілдірілуде. Сондай-ақ инвесторлар үшін «бірыңғай терезе» қағидатын енгізу қарастырылған АЭА-ның жаңа моделі әзірленді. Құрылыс секторында 5 айда жұмыс көлемі 13,4%-ға, яғни 2,4 трлн теңгеге дейін өсті, ал тұрғын үйді пайдалануға берудің жылдық жоспары 20 млн шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап жаңа Құрылыс кодексінің нормалары күшіне енеді. Коммуналдық салада негізгі бағыт – «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы. Онда 2030 жылға дейін 1 трлн теңгеден астам сомаға 5 мың шақырым су құбыры желілерін және 2,8 мың шақырым су бұру желілерін жаңарту, сондай-ақ 800 млрд теңгеге 45 кәріз тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау көзделген. «Ұлттық жобаны жүзеге асыру 2030 жылға қарай сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін 33%-ға, ал су бұру желілерінің тозу деңгейін 41%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев. 📱@KZgovernment
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау: Қазақстанда халықтың жалақысын көтеру және борыштық жүктемесін азайту бойынша шаралар қабылдануда 📌Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында Президенттің экономикалық…
🇰🇿 Қарулы күштер қатары Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледждің 100 түлегімен толықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжінде оқуды аяқтауға арналған салтанатты рәсімі өтті. Биыл әскери оқу орнын 100 кадет тәмамдап, кәсіби сержанттар корпусының қатарына қосылды. 🇰🇿 Вооруженные силы пополнили 100 выпускников Военного колледжа имени Сагадата Нурмагамбетова В столичном Военном колледже Министерства обороны имени Героя Советского Союза, Халық қаһарманы, генерала армии Сагадата Нурмагамбетова состоялась торжественная церемония выпуска. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
Энергосистема Казахстана выйдет на профицит мощности к 2029 году 📌 В рамках реализации поручений Президента по модернизации энергетического сектора и обеспечению надежности энергоснабжения, Казахстан планирует полностью покрыть внутреннюю потребность экономики в электроэнергии с последующим выходом на профицит уже с начала 2027 года. Об этом на заседании Правительства доложил министр энергетики Ерлан Аккенженов. По его словам, на сегодняшний день энергосистема страны включает 251 энергоисточник, в том числе 169 объектов ВИЭ общей установленной мощностью 27,1 ГВт. Объем генерации по итогам прошлого года достиг исторического максимума в 123,1 млрд кВтч при потреблении 124,6 млрд кВтч. «Ввод новых мощностей позволит уже с начала 2027 года покрыть всю потребность экономики в электроэнергии с последующим профицитом. Планируемый до 2029 года ввод дополнительной генерации даст сформировать профицит и обеспечить покрытие всей потребности экономики и населения в электроэнергии, в том числе и размещение энергоемкой инфраструктуры искусственного интеллекта и крупных ЦОД», — отметил министр. Всего до 2029 года включительно будет введено 13,3 ГВт энергомощностей, из которых 12,56 ГВт составит новая генерация. В целом План развития отрасли до 2035 года предусматривает ввод 26,3 ГВт новых мощностей, включая модернизацию существующих станций, строительство новой генерации на 10,5 ГВт, проекты ВИЭ и АЭС. Кроме того, в стране реализуется Нацпроект «Развитие угольной генерации» из 19 проектов суммарной мощностью 7,8 ГВт на базе технологий «чистого угля». В активную фазу вошли работы по Экибастузской ГРЭС-3, ТЭС в Курчатове и трем ТЭЦ в Кокшетау, Семее и Усть-Каменогорске. 📱 @KZgovernment
⚡️ 2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды Ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** ⚡️ Задержана женщина, разыскиваемая с 2021 года: ее депортировали из Турции в Казахстан Информация на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
Қазақстанның энергожүйесі 2029 жылға қарай тұрақты профицитке қол жеткізеді 📌 Президенттің энергетикалық секторды жаңғырту және энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан 2027 жылдың басынан бастап экономиканың электр энергиясына деген барлық қажеттілігін кейіннен профицитпен жабуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов баяндады. Оның айтуынша бүгінгі таңда іске қосылған нысандарды ескере отырып, Қазақстанның энергожүйесі 251 энергия көзінен тұрады, оның 169-ы жаңартылатын энергия көздеріне жатады. Осылайша, жалпы орнатылған қуат 27,1 ГВт құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі тарихи максимумға – 123,1 млрд. кВтсағ, тұтыну – 124,6 млрд. кВтс жетті. «Жаңа қуаттарды іске қосу 2027 жылдың басынан бастап экономиканың электр энергиясына деген барлық қажеттілігін кейіннен профицитпен жабуға, 2029 жылға дейін жоспарланып отырған жаңа қуаттарды іске қосу өндіруші қуаттардың профицитін қалыптастыруға және экономика мен халықтың электр энергиясына деген барлық қажеттілігін, оның ішінде жасанды интеллект пен ірі ДӨО энергия қажет ететін инфрақұрылымын орналастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді министр. 2029 жылға дейін қоса алғанда 13,3 ГВт энергия қуаты енгізіледі, оның 12,56 ГВт-ы жаңа генерацияны құрайды. Тұтастай алғанда, саланы дамытудың 2035 жылға дейінгі жоспары қолданыстағы стансаларды жаңғыртуды, 10,5 ГВт-қа жаңа генерация салуды, ЖЭК және АЭС жобаларын қоса алғанда, 26,3 ГВт жаңа қуаттарды іске қосуды көздейді. Бұдан басқа, елімізде «таза көмір» технологиялары базасында жиынтық қуаты 7,8 ГВт болатын 19 жобадан тұратын «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Белсенді кезеңге Екібастұз ГРЭС-3, Курчатовтағы ЖЭС және Көкшетау, Семей және Өскемендегі үш ЖЭО бойынша жұмыстар кірді. 📱 @KZgovernment