Life News Новостной агрегатор

UKIMET » публикация №24709

Источник: UKIMET
UKIMET » публикация №24709

Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жаңғыртудың жаңа кезеңіне қадам басты — Олжас Бектенов Конституция еліміздің алдағы онжылдықтардағы даму бағдарын айқындайды 📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан…

Читать на сайте источника →

#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство


Похожие новости

Минобороны РК » публикация №33397
Минобороны РК » публикация №33397

Минобороны РК ·

🇰🇿 Военный институт Сухопутных войск имени Сагадата Нурмагамбетова – старейший военный вуз Казахстана, где уже более полувека готовят офицеров, способных принимать решения и вести за собой. Современная учебная база, всесторонняя подготовка, полное государственное обеспечение и гарантированное трудоустройство открывают выпускникам путь к службе в Вооруженных силах и других силовых структурах страны. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu


Минобороны РК » публикация №33396
Минобороны РК » публикация №33396

Минобороны РК ·

🇰🇿 Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институты – Қазақстандағы ең көне әскери жоғары оқу орындарының бірі. Мұнда жарты ғасырдан астам уақыт бойы шешім қабылдай алатын және жеке құрамды басқара білетін офицерлер даярланып келеді. Заманауи оқу базасы, жан-жақты дайындық, толық мемлекеттік қамтамасыз ету және жұмысқа орналасуға кепілдік түлектерге Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдарда қызмет етуге жол ашады. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu


UKIMET » публикация №24742
UKIMET » публикация №24742

UKIMET ·

«Конституция негіздері», «Жеке қауіпсіздік»: қазақстандық мектептерде жаңа пәндер енгізіледі 📌 Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде жаңа міндетті пәндер енгізіледі, олардың ішінде «Конституция негіздері» және «Жеке қауіпсіздік» бар. Үкімет отырысында жаңа…



UKIMET » публикация №24741
UKIMET » публикация №24741

UKIMET ·

«Конституция негіздері», «Жеке қауіпсіздік»: қазақстандық мектептерде жаңа пәндер енгізіледі 📌 Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде жаңа міндетті пәндер енгізіледі, олардың ішінде «Конституция негіздері» және «Жеке қауіпсіздік» бар. Үкімет отырысында жаңа Конституция нормаларына сәйкес оқу жоспарлары мен стандарттарын қайта қарау туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады. Оның айтуынша, қазір теорияны жаттауға ғана емес, жауапкершілікті тәрбиелеуге және қазіргі әлемде қауіпсіз өмір сүруге баса назар аударылады. 5-7 сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері» пәні енгізіледі, онда оқушылар Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік басқару қағидаттары және құқықтық мәдениет негіздері туралы жүйелі білім алады. 8–11-сыныптарда «Заң мен тәртіп» міндетті курсы оқытылады. Бұл пәннің негізгі мақсаты – құқықтық сананы нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті арттыру. Сонымен бірге 5–11-сыныптарда «Жеке қауіпсіздік» міндетті курсы енгізіледі. Бұл оқушылардың өмірлік қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырумен қатар, ақпараттық қауіпсіздік, кибергигиена, төтенше жағдайларда әрекет ету және қауіптердің алдын алу бойынша практикалық дағдыларын дамытуға бағытталады. «Жаңартылған білім мазмұны ең алдымен тұлғаның жан-жақты дамуына, іргелі білімді нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және заманауи құзыреттерді дамытуға бағытталады. Сонымен қатар тәрбиелік компоненттің мазмұны едәуір күшейтіледі. Білім беру жүйесіне «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының құндылықтары, «Заң мен тәртіп» қағидаты, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы және жаңа Конституцияның негізгі идеялары мен құндылықтары толық енгізілетін болады. Осылайша мектеп тек білім беретін ұйым ғана емес, заңға құрметпен қарайтын, еңбекті бағалайтын, мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінетін азаматтарды қалыптастыратын ортаға айналады», — деп атап өтті министр. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24737
UKIMET » публикация №24737

UKIMET ·

В Казахстане обновят обучение в начальных классах: меньше нагрузки, больше базовых знаний 📌 После вступления в силу новой Конституции, где развитие человека и образование назвали главными приоритетами страны, в Министерстве просвещения решили полностью перестроить процесс обучения в начальных классах. Об обновлении школьных программ, которые теперь станут легче и понятнее для детей, на заседании Правительства рассказала министр просвещения Жулдыз Сулейменова. По ее словам, главная цель реформы – убрать лишнюю нагрузку и научить детей базовым вещам: уверенно читать, писать и считать. Сильнее всего изменится математика для 1-4 классов, где пересмотрели 244 учебные цели. Программу сделали более практичной: треть сложных тем упростили, а еще около 14% уроков, которые не подходили детям по возрасту, убрали или перенесли в старшие классы. Кроме того, для первоклассников введут специальный адаптационный период в начале года. Серьезные изменения коснутся и языковых предметов. Время на подготовку к «Әліппе» увеличили, тогда как на само изучение «Әліппе» выделили 84 часа, а «Ана тілі» дети начнут проходить со второго полугодия. Также в школах запустят спецпрограмму для учеников, которые только начинают учиться на казахском языке. «Для детей, впервые начинающих обучение на казахском языке, будет внедрена специальная программа языковой адаптации. Планируется обеспечить охват программой на уровне 50% в 2026 году, 80% – в 2027 году и 100% – в 2028 году. По итогам реализации обновленных учебных программ предусматривается повышение качества знаний по математике и языковым предметам на 15% в 2027 году и на 35% по итогам 2028 года», — подчеркнула Жулдыз Сулейменова. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24736
UKIMET » публикация №24736

UKIMET ·

Қазақстанда бастауыш сыныптардағы оқыту жүйесі жаңартылады: жүктеме азайып, базалық білімге басымдық беріледі 📌 Адамның дамуы мен білімі елдің басты басымдықтары деп аталған жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін, Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптарда оқу процесін толығымен қайта құруға шешім қабылдады. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында балаларға оңай әрі түсінікті болатын мектеп бағдарламаларын жаңарту туралы айтып берді. Оның айтуынша, негізгі мақсат – оқу жүктемесін оңтайландыру, оқу материалының сабақтастығын қамтамасыз ету және оқушылардың оқу, жазу, математикалық және функционалдық сауаттылығының берік негізін қалыптастыру. Атап айтқанда, 1–4-сыныптарға арналған «Математика» пәні бойынша 244 оқу мақсаты толық қайта қаралды. Бағдарлама неғұрлым практикалық болды: күрделі тақырыптардың үштен бірі жеңілдетілді, ал балаларға жасына сәйкес келмейтін сабақтардың шамамен 14% - ы алынып тасталды немесе орта мектепке ауыстырылды. Сонымен қатар бірінші сынып оқушылары үшін жылдың басында арнайы бейімделу кезеңі енгізіледі. Тілдік пәндердің мазмұны да айтарлықтай жаңартылды. Әліппеге дейінгі кезең 12 сағатқа дейін ұзартылды, «Әліппе» пәнін оқытуға 84 сағат бөлінді, ал «Ана тілі» пәні екінші жартыжылдықта оқытылады. Сондай-ақ, оқытуды қазақ тілінде алғаш бастайтын балалар үшін арнайы тілдік бейімдеу бағдарламасы енгізіледі. «Оқытуды қазақ тілінде алғаш бастайтын балалар үшін арнайы тілдік бейімдеу бағдарламасы енгізіледі. Бағдарламамен қамту көрсеткішін 2026 жылы – 50%-ға, 2027 жылы – 80%-ға, ал 2028 жылы – 100%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Жаңартылған оқу бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесінде математика және тілдік пәндер бойынша білім сапасын 2027 жылы 15%-ға, ал 2028 жылдың қорытындысы бойынша 35%-ға арттыру көзделген», — деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24735
UKIMET » публикация №24735

UKIMET ·

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен Қазақстанда 228 мыңға жуық азамат қамтылды – Еңбек министрлігі 📌 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамтудың нәтижелілігі және жұмыс орындарының сапасын…


UKIMET » публикация №24734
UKIMET » публикация №24734

UKIMET ·

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен Қазақстанда 228 мыңға жуық азамат қамтылды – Еңбек министрлігі 📌 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамтудың нәтижелілігі және жұмыс орындарының сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ол биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құрағанын атап өтті. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 228 мыңға жуық азамат қамтылды. Экономикада жоспарланған 3,1 млн сапалы жұмыс орнының 2,9 млн-ы бүгінде ашылды. «Бұдан әрі қарай жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің неғұрлым белсенді моделіне көшуге бет бұратын боламыз. Мансап орталықтары "бэк-офис" моделінен "фронт-офис" моделіне ауысады. Негізгі назар жұмыспен қамтылмаған азаматтарды анықтау, атаулы сүйемелдеу және тұрақты жұмысқа орналасуға дейін жеткізу мәселелеріне аударылады. Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің жаңа моделі енгізіледі, жұмыс орындарын квоталау тетігі кеңейтіледі, ол: квоталарды автоматты түрде белгілеу және олардың орындалуына мониторинг жүргізу», — деп атап өтті Асқарбек Ертаев. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24732
UKIMET » публикация №24732

UKIMET ·

Қазақстанда 10 мың шақырым автожол мен 124 теміржол вокзалы жаңғыртылуда 📌 Президенттің елдің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда т/ж желілерінің, автожолдар мен авиахабтардың ауқымды құрылысы жүргізілуде.…


UKIMET » публикация №24731
UKIMET » публикация №24731

UKIMET ·

Қазақстанда 10 мың шақырым автожол мен 124 теміржол вокзалы жаңғыртылуда 📌 Президенттің елдің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда т/ж желілерінің, автожолдар мен авиахабтардың ауқымды құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады. Оның айтуынша, соңғы бес жылда көлік саласының жалпы өнім көлемі 3 есеге өсті. Темір жолдардың өткізу қабілетін арттыру үшін 754 шақырым жаңа желі салынып, 3 мың шақырым жол жаңартылуда. Биыл «Мойынты – Қызылжар», «Дарбаза – Мақтаарал» учаскелерінің құрылысы аяқталады, сондай-ақ Астана – Қарағанды желісінде үшінші жолдарды салу басталады. Сонымен қатар ел тарихындағы ең ауқымды 124 вокзалды жаңғырту бойынша әлеуметтік бағдарлама іске қосылды, оның алғашқы 30-ы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілді. Өзгерістер басқа бағыттарға да әсер етеді. Автожол саласында 10 мың шақырым жол жөндеумен қамтылады. Сонымен қатар көлемнің жартысы кестеден бұрын орындалды. Аэрохабтарды дамыту жұмысы 6 ірі аэропорттарға бағытталға. Бұл ретте Астана әуежайын жаңғырту басымдыққа айналады – құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. «Жүк авиациясын дамыту еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтеді, сондай-ақ халықаралық логистикаға қосуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты мемлекет тарапынан қажетті шешімдер қабылданды. Сонымен қатар жүк авиациясын дамытуға арналған 5 жылдық жоспар әзірленді», — деді Нұрлан Сауранбаев. 📱@KZgovernment



UKIMET » публикация №24727
UKIMET » публикация №24727

UKIMET ·

Қазақстанда 2026 жылы 200 өнеркәсіптік жоба мен 20 млн шаршы метр тұрғын үй іске қосылады 📌 Президенттің экономиканың нақты секторын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда өнеркәсіптік нысандарды іске қосу және коммуналдық инфрақұрылымды…


UKIMET » публикация №24726
UKIMET » публикация №24726

UKIMET ·

Қазақстанда 2026 жылы 200 өнеркәсіптік жоба мен 20 млн шаршы метр тұрғын үй іске қосылады 📌 Президенттің экономиканың нақты секторын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда өнеркәсіптік нысандарды іске қосу және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді. Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібінің өсуі 9%-ды құрады. Ол негізінен жаңа өндірістік қуаттарды енгізу арқылы қамтамасыз етілген. Осы жылы құны 1,7 трлн теңге болатын 200 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, оның ішінде 252 млрд теңгеге 74 жоба іске қосылды. Машина жасау саласында отандық өндірушілерді қолдау және өнеркәсіптік кластерлер институтын енгізу үшін нормативтік база жетілдірілуде. Сондай-ақ инвесторлар үшін «бірыңғай терезе» қағидатын енгізу қарастырылған АЭА-ның жаңа моделі әзірленді. Құрылыс секторында 5 айда жұмыс көлемі 13,4%-ға, яғни 2,4 трлн теңгеге дейін өсті, ал тұрғын үйді пайдалануға берудің жылдық жоспары 20 млн шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап жаңа Құрылыс кодексінің нормалары күшіне енеді. Коммуналдық салада негізгі бағыт – «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы. Онда 2030 жылға дейін 1 трлн теңгеден астам сомаға 5 мың шақырым су құбыры желілерін және 2,8 мың шақырым су бұру желілерін жаңарту, сондай-ақ 800 млрд теңгеге 45 кәріз тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау көзделген. «Ұлттық жобаны жүзеге асыру 2030 жылға қарай сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін 33%-ға, ал су бұру желілерінің тозу деңгейін 41%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24725
UKIMET » публикация №24725

UKIMET ·

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау: Қазақстанда халықтың жалақысын көтеру және борыштық жүктемесін азайту бойынша шаралар қабылдануда 📌Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында Президенттің экономикалық…



Минобороны РК » публикация №33385
Минобороны РК » публикация №33385

Минобороны РК ·

🇰🇿 Қарулы күштер қатары Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледждің 100 түлегімен толықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжінде оқуды аяқтауға арналған салтанатты рәсімі өтті. Биыл әскери оқу орнын 100 кадет тәмамдап, кәсіби сержанттар корпусының қатарына қосылды. 🇰🇿 Вооруженные силы пополнили 100 выпускников Военного колледжа имени Сагадата Нурмагамбетова В столичном Военном колледже Министерства обороны имени Героя Советского Союза, Халық қаһарманы, генерала армии Сагадата Нурмагамбетова состоялась торжественная церемония выпуска. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu


UKIMET » публикация №24721
UKIMET » публикация №24721

UKIMET ·

Энергосистема Казахстана выйдет на профицит мощности к 2029 году 📌 В рамках реализации поручений Президента по модернизации энергетического сектора и обеспечению надежности энергоснабжения, Казахстан планирует полностью покрыть внутреннюю потребность экономики в электроэнергии с последующим выходом на профицит уже с начала 2027 года. Об этом на заседании Правительства доложил министр энергетики Ерлан Аккенженов. По его словам, на сегодняшний день энергосистема страны включает 251 энергоисточник, в том числе 169 объектов ВИЭ общей установленной мощностью 27,1 ГВт. Объем генерации по итогам прошлого года достиг исторического максимума в 123,1 млрд кВтч при потреблении 124,6 млрд кВтч. «Ввод новых мощностей позволит уже с начала 2027 года покрыть всю потребность экономики в электроэнергии с последующим профицитом. Планируемый до 2029 года ввод дополнительной генерации даст сформировать профицит и обеспечить покрытие всей потребности экономики и населения в электроэнергии, в том числе и размещение энергоемкой инфраструктуры искусственного интеллекта и крупных ЦОД», — отметил министр. Всего до 2029 года включительно будет введено 13,3 ГВт энергомощностей, из которых 12,56 ГВт составит новая генерация. В целом План развития отрасли до 2035 года предусматривает ввод 26,3 ГВт новых мощностей, включая модернизацию существующих станций, строительство новой генерации на 10,5 ГВт, проекты ВИЭ и АЭС. Кроме того, в стране реализуется Нацпроект «Развитие угольной генерации» из 19 проектов суммарной мощностью 7,8 ГВт на базе технологий «чистого угля». В активную фазу вошли работы по Экибастузской ГРЭС-3, ТЭС в Курчатове и трем ТЭЦ в Кокшетау, Семее и Усть-Каменогорске. 📱 @KZgovernment


POLISIA.KZ » публикация №17474
POLISIA.KZ » публикация №17474

POLISIA.KZ ·

⚡️ 2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды Ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** ⚡️ Задержана женщина, разыскиваемая с 2021 года: ее депортировали из Турции в Казахстан Информация на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ


UKIMET » публикация №24720
UKIMET » публикация №24720

UKIMET ·

Қазақстанның энергожүйесі 2029 жылға қарай тұрақты профицитке қол жеткізеді 📌 Президенттің энергетикалық секторды жаңғырту және энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан 2027 жылдың басынан бастап экономиканың электр энергиясына деген барлық қажеттілігін кейіннен профицитпен жабуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов баяндады. Оның айтуынша бүгінгі таңда іске қосылған нысандарды ескере отырып, Қазақстанның энергожүйесі 251 энергия көзінен тұрады, оның 169-ы жаңартылатын энергия көздеріне жатады. Осылайша, жалпы орнатылған қуат 27,1 ГВт құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі тарихи максимумға – 123,1 млрд. кВтсағ, тұтыну – 124,6 млрд. кВтс жетті. «Жаңа қуаттарды іске қосу 2027 жылдың басынан бастап экономиканың электр энергиясына деген барлық қажеттілігін кейіннен профицитпен жабуға, 2029 жылға дейін жоспарланып отырған жаңа қуаттарды іске қосу өндіруші қуаттардың профицитін қалыптастыруға және экономика мен халықтың электр энергиясына деген барлық қажеттілігін, оның ішінде жасанды интеллект пен ірі ДӨО энергия қажет ететін инфрақұрылымын орналастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді министр. 2029 жылға дейін қоса алғанда 13,3 ГВт энергия қуаты енгізіледі, оның 12,56 ГВт-ы жаңа генерацияны құрайды. Тұтастай алғанда, саланы дамытудың 2035 жылға дейінгі жоспары қолданыстағы стансаларды жаңғыртуды, 10,5 ГВт-қа жаңа генерация салуды, ЖЭК және АЭС жобаларын қоса алғанда, 26,3 ГВт жаңа қуаттарды іске қосуды көздейді. Бұдан басқа, елімізде «таза көмір» технологиялары базасында жиынтық қуаты 7,8 ГВт болатын 19 жобадан тұратын «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Белсенді кезеңге Екібастұз ГРЭС-3, Курчатовтағы ЖЭС және Көкшетау, Семей және Өскемендегі үш ЖЭО бойынша жұмыстар кірді. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24719
UKIMET » публикация №24719

UKIMET ·

Қазақстан цифрлық экономиканың технологиялық іргетасын қалауда 📌 Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында экономиканың салалары мен мемлекеттік басқару жүйесін цифрландыру бойынша жүргізіліп…


UKIMET » публикация №24718
UKIMET » публикация №24718

UKIMET ·

Қазақстан цифрлық экономиканың технологиялық іргетасын қалауда 📌 Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында экономиканың салалары мен мемлекеттік басқару жүйесін цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ол соңғы 6 айда елімізде Қазақстанның цифрлық болашағы үшін қажетті реттеуші және институционалдық негіздер жедел қарқынмен қалыптасқанын атап өтті. Қазақстан азаматтары жаңа Конституцияны қабылданды. Онда азаматтардың цифрлық құқықтары, соның ішінде дербес деректерді қорғау құқығы бекітілген. Конституциялық деңгейде Alatau City қаласының ерекше мәртебесі бекітілді. Цифрлық кодекс, «Жасанды интеллект туралы» заң, «Цифрлық активтер туралы» заң, «Киберқауіпсіздік туралы» заң, сондай-ақ Телекоммуникациялар нарығы мен деректер орталықтарын дамыту мәселелері жөніндегі заң қабылданды. Осы жылдың 9 маусымында Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan компаниясының 2029 жылға дейінгі жалпыұлттық стратегиясын бекітті. «Бұл біздің экономикаға және мемлекеттік басқару салаларына цифрлық трансформация мен ЖИ-ді ауқымды енгізудің кешенді жол картасы», — деп атап өтті Жаслан Мәдиев. Өткен жылы аймақтағы алғашқы суперкомпьютерлік кластерлер іске қосылғаны атап өтілді. Олар ең қуатты суперкомпьютерлердің Top 500 әлемдік рейтингіне енді. Бүгінде олардың қуатын стартаптар, университеттер, ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік органдар мен компаниялар пайдаланады. Биыл әлемдік деңгейдегі ЦОД алқабының құрылысы басталды. Оның мақсатты қуаты кем дегенде 1 гигаВатт болады. 2028 жылға қарай ауылдардың 92%-ы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады. 20 ірі қалада 5G желісі дамып келеді. Ұзындығы 4 мың шақырымнан асатын гипермагистральдың құрылысы жалғасуда, ол 40 мың шақырымдық республикалық және облыстық жолдарды байланыспен қамтамасыз етеді. Спутниктік интернет арқылы ел аумағын толық қамту көзделген. Сондай-ақ, мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы жүйелі түрде жүргізілуде. Жасанды интеллект құралдары енгізілуде. Сондай-ақ, мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы жүйелі түрде жүргізілуде. Жасанды интеллект құралдары енгізілуде. Ұлттық жасанды интеллект платформасы AI-агенттерін әзірлеу, аудармалар, хаттамалар және қызметтік хат-хабарларды дайындау үшін қолданылады. E-Otinish AI-де жасанды интеллект қолдану арқылы азаматтардың 2 миллионнан астам өтініші өңделді. QazTech бірыңғай платформасы толық іске қосылды. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24717
UKIMET » публикация №24717

UKIMET ·

Қазақстанда экономиканың өсуі және шикізаттық емес салалардың күшеюі байқалады 📌 Осы жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 3,7%-ға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауына қарамастан, Қазақстан экономикасы сапалы өсуді көрсетіп отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,5%-ды құрады, бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды. «Осы жылы оң динамика сақталуда. Қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша экономика 3,7%-ға өсті. Экономикалық өсім шикізатқа жатпайтын сектор салаларындағы белсенділіктің артуы есебінен қамтамасыз етіліп жатқаны ерекше маңызды. Мұнай өндіруді есепке алмағанда өсім 5%-дан асады, бұл экономика құрылымының біртіндеп өзгеруін және шикізатқа жатпайтын салалар рөлінің күшеюін көрсетеді», — деп атап өтті Серік Жұманғарин. ➖ В Казахстане наблюдается рост экономики и усиление несырьевых отраслей 📌 По итогам января-мая текущего года экономика Казахстана выросла на 3,7%. Об этом сообщил заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин на заседании Правительства. Отмечено, что несмотря на ухудшение внешнеэкономической ситуации, экономика Казахстана показывает качественный рост. По итогам 2025 года рост экономики составил 6,5%, что стало одним из наиболее высоких показателей за последние годы. «В текущем году положительная динамика сохраняется. По итогам января-мая экономика выросла на 3,7%. Особенно важно, что экономический рост обеспечивается за счет увеличения активности в отраслях несырьевого сектора. Рост без учета нефтедобычи превышает 5%, что свидетельствует о постепенном изменении структуры экономики и усилении роли несырьевых отраслей», — добавил Серик Жумангарин. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24716
UKIMET » публикация №24716

UKIMET ·

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау: Қазақстанда халықтың жалақысын көтеру және борыштық жүктемесін азайту бойынша шаралар қабылдануда 📌Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында Президенттің экономикалық…


UKIMET » публикация №24715
UKIMET » публикация №24715

UKIMET ·

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау: Қазақстанда халықтың жалақысын көтеру және борыштық жүктемесін азайту бойынша шаралар қабылдануда 📌Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында Президенттің экономикалық өсудің жаңа моделіне көшу жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Ол Үкімет жүргізіп жатқан жұмыс азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, экономиканы тұрақты дамытуға және оның бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға бағытталғанын атап өтті. «Халықтың нақты табысын арттыру Үкімет үшін негізгі басымдық болып саналады. Ол үшін Үкімет Ұлттық Банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп Макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыруда. Сондай-ақ биыл біз Халықтың табысын арттыру бойынша жеке бағдарлама қабылдадық», — деп атап өтті Серік Жұманғарин. Елімізде жалақыны арттыру, сапалы жұмыс орындарын құру, борыштық жүктемені азайту және кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру бойынша шаралар қабылданатыны атап өтілді. Сондай-ақ қарсы міндеттемелерді орындау арқылы айлық жалақының ең төменгі мөлшерін, азаматтық қызметшілердің жалақысының, жалдамалы жұмыскерлердің табысын арттыру мәселесі қаралатын болады. Халықтың кредиттік жүктемесі мәселесіне және тұтынушылық кредиттердің өсуіне ерекше назар аударылды. Үкіметтің басты бағдары халықтың нақты табысының 2-3%-дан жоғары деңгейде өсуін қамтамасыз ету болып саналады. Сондай-ақ халық табысының жоғарылауына экономиканың тұрақты, сапалы өсуін қамтамасыз етуге және инфляцияны төмендетуге бағытталған шаралар ықпал ететін болады. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24714
UKIMET » публикация №24714

UKIMET ·

Қазақстанда Конституцияның толыққанды күшіне енуі үшін нормативтік база қалыптастырылды – Әділет министрлігі 📌 Президенттің жаңа конституциялық модельге көшу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда заңнаманы ауқымды түрде жаңғырту басталды.…


UKIMET » публикация №24713
UKIMET » публикация №24713

UKIMET ·

Қазақстанда Конституцияның толыққанды күшіне енуі үшін нормативтік база қалыптастырылды – Әділет министрлігі 📌 Президенттің жаңа конституциялық модельге көшу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда заңнаманы ауқымды түрде жаңғырту басталды. Үкімет отырысында нормативтік базаны жаңа Конституцияға кезең-кезеңімен сәйкестендіру туралы әділет министрі Ерлан Сәрсембаев баяндады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жарлығын жүзеге асырудың бірінші кезеңінде 5 дербес конституциялық заң қабылданды, сондай-ақ қолданыстағы 9 конституциялық заң, 15 кодекс және 51 заң сәйкес келтірілді. Бұл өзгерістер Парламенттің бір палаталы моделіне көшудің және тамыз айында Құрылтайға сайлау өткізудің құқықтық негізін қамтамасыз етті. «Бірінші рет Ата заң деңгейінде азаматтардың жағдайын нашарлататын заңдарға уақыт жағынан кері күшке ие болуға тікелей тыйым салу нормасы бекітілді. Бұл құқықтық тұрғыда үлкен сенім тудырады әрі қоғамның заңнама саласына деген сенімін нығайтады. Қоғамның цифрлық дамуы бойынша адамның жеке деректері Конституциялық қорғауға алынды. Әр бір азаматтың мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерінен келген зиянды өндіріп алу құқығы бекітілген», — деп атап өтті министр. Сондай-ақ, Әділет министрлігі бұрынғы конституциялық модель кезінде қабылданған Құқықтық саясат тұжырымдамасын қайта қарауды бастады. Құрылтай қалыптасқанға дейінгі сайлау кезеңінде мемлекеттік органдар азаматтық, әлеуметтік саясат және цифрлық ортадағы деректерді қорғау мәселелерін реттеуді жаңарту тәсілдерін әзірлейді. «Бүгін жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай түбегейлі өзгерістер басталды. Конституцияда алғаш рет: Әділ Қазақстан ұғымы мемлекеттік даму идеологиясы ретінде; "Заң және Тәртіп" қағидаты; адами капиталды дамыту; жауапты және жасампаз патриотизм идеясын ілгерілету; білім, ғылым және инновация – мемлекет қызметінің стратегиялық бағыттары ретінде; болашақ ұрпақ алдындағы экологиялық жауапкершілік бекітілді. Болжалды аналитикаға, құқықтық және экономикалық салдарларды модельдеуге сүйене отырып, норма шығаруға жаңа көзқараспен қарау керек. Құқықтық саясаттың жаңартылған тұжырымдамасы ұлттық құқықтық жүйені дамытудың ұзақ мерзімді бағыттарын айқындайды және оның бірлігін қамтамасыз етеді», — деп атап өтті Еран Сәрсембаев. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24712
UKIMET » публикация №24712

UKIMET ·

Қазақстанда неке және отбасы саласындағы заңнама жетілдірілуде 📌 Қазақстанда неке және отбасы саласындағы заңнаманы жетілдіру үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді. Ол Конституцияда «Некенің ер адам мен әйел адам арасындағы ерікті және тең құқықты одағы» екендігі нақты бекітілгенін атап өтті. Осыған орай Министрлік неке және отбасы саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде. «Осы мақсатта мемлекеттік органдардың, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың, Ұлттық комиссия мүшелерінің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Қазіргі уақытта тиісті заң жобасы әзірленіп жатыр», — деді Аида Балаева. Сондай-ақ діни салада қолданыстағы бірқатар қағидаттарға конституциялық мәртебе беріледі. Атап айтқанда, мемлекеттің зайырлы сипаты, заң алдында бәрінің теңдігі және діннің мемлекеттен бөліну қағидаты бекітілді. Бұдан бөлек, рухани білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты да конституциялық деңгейде айқындалды. ➖ Законодательство в сфере брака и семьи усовершенствуют в Казахстане 📌 В Казахстане создана межведомственная рабочая группа для совершенствования законодательства в сфере брака и семьи. Об этом на заседании Правительства сообщила заместитель Премьер-министра – министр культуры и информации Аида Балаева. Она отметила, что в Конституции четко закреплено, что брак является добровольным и равноправным союзом мужчины и женщины. В этой связи Министерством культуры и информации ведется работа по совершенствованию законодательства в сфере брака и семьи. «С этой целью создана межведомственная рабочая группа с участием представителей государственных органов, научного и экспертного сообщества, членов Национальной комиссии, а также неправительственных организаций. В настоящее время разрабатывается соответствующий законопроект», — сообщила Аида Балаева. Кроме того, в религиозной сфере конституционный статус получает ряд действующих принципов. В частности, закреплены светский характер государства, равенство всех перед законом и принцип отделения религии от государства. Помимо этого, на конституционном уровне определен светский характер системы образования и воспитания, за исключением организаций духовного образования. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24711
UKIMET » публикация №24711

UKIMET ·

ҚР-да этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісімді дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленуде 📌 Қазақстанда Достық үйлерінің құқықтық мәртебесі және оларды қаржыландыру тәртібі заңнамалық деңгейде айқындалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді. Ол «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңға сай Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңның күші жойылғанын атап өтті. Осыған байланысты кеше «Қазақстанның Халық Кеңесі» Хатшылығын құру туралы Президент Жарлығына қол қойылды. Сондай-ақ бірқатар заңнамалық түзетулер пакеті әзірленді. Оның аясында алғаш рет «этномәдени бірлестіктер» ұғымы заңнамалық деңгейде бекітіліп, Достық үйлерінің құқықтық мәртебесі мен оларды қаржыландыру тәртібі айқындалды. «Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи миссиясының аяқталуына байланысты этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісімді дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленуде», — деп атап өтті Аида Балаева. ➖ Новую Концепцию развития межэтнических отношений и общественного согласия разрабатывают в РК 📌 В Казахстане на законодательном уровне определяется правовой статус Домов дружбы и порядок их финансирования. Об этом на заседании Правительства сообщила заместитель Премьер-министра – министр культуры и информации Аида Балаева. Она отметила, что в соответствии с Конституционным законом «О Қазақстан Халық Кеңесі» Закон «Об Ассамблее народа Казахстана» утратил силу. В этой связи был подписан Указ Президента о создании Секретариата «Қазақстан Халық Кеңесі». Кроме того, разработан пакет ряда законодательных поправок. В его рамках впервые на законодательном уровне закрепляется понятие «этнокультурные объединения», а также определяется правовой статус Домов дружбы и порядок их финансирования. «Вместе с тем, в связи с завершением исторической миссии Ассамблеи народа Казахстана, разрабатывается новая Концепция развития межэтнических отношений и общественного согласия», — сообщила Аида Балаева. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24710
UKIMET » публикация №24710

UKIMET ·

Жаңа Конституция қағидаттарын жүзеге асыру: Қазақстанда тағы 18 заңға түзетулер әзірленуде 📌 Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Мемлекет басшысының жаңа Конституцияда бекітілген қағидаттарды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ол жаңа Конституцияда бекітілген құндылықтар – әділдік, заң үстемдігі, адамға құрмет, ұлттық бірегейлік пен қоғамдық жауапкершілік – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, ертеңгі ұрпақтың да басты негізі екенін атап өтті. «Біз үшін айрықша маңызды өзгерістердің бірі – мәдениет, ғылым мен білімнің мемлекеттің стратегиялық басымдықтары деңгейіне көтерілуі. Конституцияда алғаш рет ұлттық мәдени мұраны сақтау мен дамыту мемлекеттің тікелей міндеті ретінде бекітілді. Бұл – мәдениеттің енді тек рухани құндылық қана емес, қоғамдық тұтастықтың және елдің ұзақмерзімді дамуының негізгі факторларының бірі ретінде танылғанын білдіреді», — деп атап өтті Аида Балаева. Сонымен қатар Конституция талаптарына сәйкес келтіру мақсатында тағы 18 заңға түзетулер жасалып жатқаны атап өтілді. Атап айтқанда, сөз бостандығы мен ақпарат тарату, діни ұйымдардың қызметі, бейбіт жиналыстарды өткізу, волонтерлік қызметті қолдау, қайырымдылық, мәдениет, кинематография бойынша, сондай-ақ Конституциядан тікелей туындайтын өзге де заңнамалық өзгерістер енгізілмек. ➖ Реализация принципов новой Конституции: в Казахстане разрабатываются поправки еще в 18 законов 📌 Заместитель Премьер-министра – министр культуры и информации Аида Балаева на заседании Правительства доложила о проводимой работе по исполнению поручений Главы государства по реализации принципов, закрепленных в новой Конституции. Она отметила, что ценности, закрепленные в новой Конституции, – справедливость, верховенство закона, уважение к человеку, национальная идентичность и общественная ответственность – являются фундаментом не только сегодняшнего Казахстана, но и будущих поколений. «Одним из особенно важных для нас изменений стало возведение культуры, науки и образования в ранг стратегических приоритетов государства. В Конституции впервые сохранение и развитие национального культурного наследия закреплено как прямая обязанность государства. Это означает, что культура теперь признается не только духовной ценностью, но и одним из ключевых факторов общественного единства и долгосрочного развития страны», — подчеркнула Аида Балаева. Отмечено, что в целях приведения законодательства в соответствие с требованиями Конституции разрабатываются поправки еще в 18 законов. В частности, планируется внести законодательные изменения, касающиеся свободы слова и распространения информации, деятельности религиозных организаций, проведения мирных собраний, поддержки волонтерской деятельности, благотворительности, культуры, кинематографии, а также иных вопросов, прямо вытекающих из Конституции. 📱@KZgovernment