POLISIA.KZ » публикация №17465
⚡️ Елордада полиция синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті Қалаға кіреберісте есірткі заттарын сақтау және өткізу күдігімен Hyundai автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі ұсталды. Анықталғандай, ол елордаға келген бойда есірткіні жасырып қоятын орынды дайындап үлгерген. Көлікке жүргізілген тінту барысында ұнтақ тәрізді зат салынған капсула табылып, оның мефедрон екені анықталды. Кейіннен күдікті тағы екі жасырын орынның мекенжайын көрсетіп, ол жерлерден қосымша есірткі партиялары табылып, тәркіленді. Тәркіленген мефедронның жалпы салмағы шамамен жарты келіні құрады. Есірткі заттарын сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында күдіктінің елорда тұрғыны екені және есірткіні ірі партиялармен жеткізіп, кейін оны қала аумағында және еліміздің бірқатар өңірінде таратумен айналысқаны анықталды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби іс-қимылының нәтижесінде синтетикалық есірткіні жеткізу және тарату арнасының жолы кесілді. Полиция есірткінің заңсыз айналымы ауыр қылмыстар санатына жатады және қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Есірткі заттарын жеткізу, сақтау және тарату арналарын анықтау мен олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. Есірткі таратудан заңсыз пайда табуға бағытталған кез келген әрекет міндетті түрде қылмыстық қудалауға және бас бостандығынан айыру жазасына әкеледі. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** ⚡️ Канал поставки синтетических наркотиков пресечен в столице На въезде в город задержан 30-летний водитель автомашины Hyundai, подозреваемый в хранении и сбыте наркотических средств. Установлено, что сразу после прибытия в столицу он успел оборудовать тайник с наркотическим веществом. В ходе обыска транспортного средства обнаружена капсула с порошкообразным веществом, являющимся мефедроном. В дальнейшем подозреваемый указал еще два места закладок, где были обнаружены и изъяты дополнительные партии наркотического средства. По факту хранения и сбыта наркотических средств возбуждено уголовное дело. Подозреваемый задержан и водворен в ИВС. В ходе расследования установлено, что задержанный является жителем столицы и осуществлял поставку наркотиков партиями с последующим распространением как на территории города, так и в ряде регионов страны. Благодаря своевременным действиям сотрудников полиции канал поставки и распространения синтетических наркотиков был пресечен. Полиция предупреждает, что незаконный оборот наркотиков относится к категории тяжких преступлений и влечет строгую уголовную ответственность. Работа по выявлению и пресечению каналов поставки, хранения и распространения наркотических средств продолжается на постоянной основе. Любая попытка заработать на распространении наркотиков неизбежно приводит к уголовному преследованию и лишению свободы. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























