ҚТЖ PRESS » публикация №13505
🗣Елдің үш өңірінде қайта құрудан кейін бес теміржол вокзалы ашылды 🔵Қостанай, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында бес: Аманқарағай, Құсмұрын, Ганюшкино, Аққыстау және Семиглавый Мар теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Жұмыстар Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында орындалды. 🔵Қостанай облысында Аманқарағай (1961 жылы салынған) және Құсмұрын (1949 жылы салынған) вокзалдары жаңартылды. Нысандарда ғимараттар толығымен қайта жаңартылып, шатырлар мен инженерлік желілер ауыстырылды, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілді, заманауи желдету және өрт дабылы жүйелері орнатылды, іргелес аумақтар абаттандырылды. Жолаушылар үшін заманауи санитарлық бөлмелер жабдықталып, вандалға қарсы креслолар орнатылған, тактильді навигация енгізілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдай жасалған. Аманқарағай станциясында жағалау перроны ұзартылып, жарықтандыру мен жабынды жаңартылды. Өңірде 2026 жылдың басынан бері 92,3 мың жолаушы пайдаланған 13 жолаушылар пойызы жүреді. 🔵Атырау облысында Ганюшкино және Аққыстау вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды. Нысандарда қасбеттер мен ішкі үй-жайлар жаңартылып, инженерлік желілер мен шатырлар ауыстырылды, жаңа жиһаздар мен жабдықтар орнатылды, іргелес аумақтар абаттандырылды. Ганюшкино вокзалының ауданы 249,5-тен 713,3 шаршы метрге дейін ұлғайтылды, Аққыстау вокзалы 202,3-тен 214,7 шаршы метрге дейін ұлғайды. Облыс аумағы бойынша 9 жолаушылар пойызы жүреді, олар 2026 жылдың басынан бастап 253,8 мың жолаушыны тасымалдады. 🔵Батыс Қазақстан облысында қайта жаңартудан кейін 1916 жылы салынған Семиглавый Мар вокзалы ашылды. Ғимаратта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кешені орындалды, инженерлік коммуникациялар жаңартылды және іргелес аумақ абаттандырылды. Облыста 22 жолаушылар пойызы жүреді, оларды 2026 жылдың басынан бері 124,8 мың жолаушы пайдаланды. 🔵Барлық жұмыстар қазақстандық өндірістің заманауи құрылыс материалдарын пайдалана отырып орындалды. 🔵Жаңартылған вокзалдар қауіпсіздіктің, қол жетімділіктің және жайлылықтың заманауи талаптарына сай келеді. Жобаларды іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға және өңірлердің тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























