MFA Qazaqstan » публикация №25002
🇰🇿🇮🇩 Қазақстан мен Индонезия екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Индонезия Республикасы Сыртқы істер вице-министрі Анис Маттамен кездесу өткізді. «Қазақстанның Индонезиямен тығыз ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқан Азия-Тынық мұхиты өңірімен байланыстарды нығайтып, сауда және инвестициялар, көлік, ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар, білім беру және туризм салаларында жаңа мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті Е.Көшербаев. Келіссөздер барысында қазақстандық тарап еліміздің инвестициялық және транзиттік-көліктік әлеуетін таныстырып, экономиканың басым салаларында индонезиялық әріптестермен практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін білдірді. Тараптар ү.ж. мамыр айында Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның кезекті отырысының табысты өткенін қанағаттанушылықпен атап өтіп, оның екіжақты экономикалық байланыстарды нығайтудың маңызды кезеңіне айналғанын әрі бірлескен жобаларды іске асыруға қосымша серпін бергенін айтты. 🇰🇿🇮🇩 Казахстан и Индонезия обсудили перспективы развития двустороннего сотрудничества Министр иностранных дел Республики Казахстан Ермек Кошербаев провел встречу с Вице-министром иностранных дел Республики Индонезия Анисом Маттой, прибывшим в Казахстан с рабочим визитом. «Тесное сотрудничество Казахстана с Индонезией означает укрепление связей с динамично развивающимся Азиатско-Тихоокеанским регионом, открытие новых возможностей в сфере торговли и инвестиций, транспорта, сельского хозяйства, цифровых технологий, образования и туризма», – подчеркнул Е.Кошербаев. В ходе переговоров казахстанская сторона представила инвестиционный и транзитно-логистический потенциал страны, выразив готовность к углублению практического взаимодействия с индонезийскими партнерами в приоритетных секторах экономики. Стороны с удовлетворением отметили успешное проведение очередного заседания Совместной комиссии по экономическому сотрудничеству в мае этого года, которое стало важным этапом в укреплении двусторонних экономических связей и придало дополнительный импульс реализации совместных проектов. 🇰🇿🇮🇩 Kazakhstan and Indonesia Discuss Prospects for Expanding Bilateral Cooperation Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan Yermek Kosherbayev held a meeting with Vice Minister of Foreign Affairs of the Republic of Indonesia Anis Matta, who arrived in Kazakhstan on a working visit. “Kazakhstan’s close cooperation with Indonesia means stronger ties with the rapidly developing Asia-Pacific region and opens up new opportunities in trade and investment, transport, agriculture, digital technologies, education, and tourism,” Minister Kosherbayev stated. During the talks, the Kazakh side presented the country’s investment and transit-transport potential, expressing its readiness to further expand practical cooperation with Indonesian partners in priority sectors of the economy. The parties welcomed the successful holding of the latest session of the Joint Commission on Economic Cooperation in May this year, noting that it marked an important milestone in strengthening bilateral economic ties and provided additional impetus for the implementation of joint projects. @PressMFAKZ
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























