ҚТЖ PRESS » публикация №13501
🏢ҚТЖ: Ақтөбе облысында белсенді қарқынмен заманауи өнер мектебі салынуда ➡️Ақтөбе облысының Шалқар қаласында жаңа өнер мектебінің құрылысы қарқын алуда. Бүгінгі таңда жоба 35% іске асырылды. Жұмыстар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Қазақстанда ауқымды әлеуметтік жобаларды іске асыруды бастаған Wabtec корпорациясымен стратегиялық ынтымақтастығын кеңейту шеңберінде жүргізілуде. ➡️Өңірлерде білім беру инфрақұрылымын дамыту осы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының біріне айналды. Жаңа өнер мектебі ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға және балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық дамуына заманауи жағдай жасауға бағытталған. ➡️Жұмыстың жоғары қарқыны елеулі ресурстарды тартумен қамтамасыз етілуде: қазір объектіде 50 астам маман және 25 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Ең жоғары жүктеме кезеңінде құрылысшылар саны 150 адамға дейін артады. Бұл ретте ғимарат құрылысында отандық өндірістің сапалы материалдары кең көлемде пайдаланылады. ➡️Нысанды іске қосу өңір үшін бірден бірнеше маңызды міндеттерді шешеді: - Жұмыс орындары құрылып, 100 жуық жаңа бос жұмыс орны ашылады. - Білім беруді дамыту: сапалы оқыту және бос уақытты ұтымды өткізу ортасы пайда болады. - Жергілікті қоғамдастықты қолдау: мектептің қызметтерін Шалқар темір жол торабының да, бүкіл аудан тұрғындары да пайдалана алады.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























