UKIMET » публикация №24666
📌 Аптаны жексенбілік дайджесте қорытындылаймыз 🔹 Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Үкіметтің 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін қабылдады. 🔸 ҚХР-ға жұмыс сапары 🔹 Олжас Бектенов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы сессиясында сөз сөйледі. 🔹 ҚР Премьер-министрі Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен АӨК, өнеркәсіп, цифрландыру және автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықты талқылады. 🔹 Олжас Бектенов «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының жұмысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізді. *** 🔹 Премьер-министр Олжас Бектенов Melco Resorts & Entertainment Limited халықаралық компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры Лоуренс Хомен кездесті. *** 🔹 Үкімет жол бойындағы сервис стансаларын салуға шамамен 180 млрд теңге инвестиция тарту жөніндегі жобаны мақұлдады. 🔹 Қазақстанда 1,3 млн гектар ауыл шаруашылығы алқабында шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді. 🔸 Премьер-министрдің орынбасарлары 🔹 Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапарларымен Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында болып, CATL компаниясының басшылығымен кездесті. 🔹 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үрімші қаласында өткен IX «Қытай – Еуразия» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, сондай-ақ Қытайдың жетекші өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік холдингтерінің топ-менеджментімен кездесулер өткізді. 🔹 Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Павлодарда «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының Жобалық кеңсесінің көшпелі отырысын өткізді. 🔹 Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Нөкерғұлы Атағұлыевтің тең төрағалығымен Экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікмен үкіметаралық комиссиясының 14-отырысы өтті. 📱@KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























