MFA Qazaqstan » публикация №25003
✔️ Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Индонезияны өңірлік және жаһандық үдерістердің жетекші қатысушыларының бірі ретінде қарастыратынын, оның Оңтүстік-Шығыс Азияда, АСЕАН, G20 және ислам әлемінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Кездесу барысында алдағы екіжақты іс-шараларды, оның ішінде жоғары деңгейдегі байланыстарды дайындау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын таныстырды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға бейілділіктерін растады. ✔️ Глава внешнеполитического ведомства Казахстана также отметил, что рассматривает Индонезию как одного из ведущих участников региональных и глобальных процессов, играющего значимую роль в Юго-Восточной Азии, АСЕАН, G20 и исламском мире. Отдельное внимание было уделено вопросам подготовки предстоящих двусторонних мероприятий, включая контакты на высшем уровне. Стороны также обменялись мнениями по актуальным вопросам международной и региональной повестки. Казахстанская сторона представила инициативу Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева по созданию Международной водной организации под эгидой ООН. По итогам встречи подтверждена обоюдная приверженность дальнейшему укреплению взаимовыгодного партнерства и реализации совместных инициатив. ✔️ The Kazakh Foreign Minister also emphasized that Kazakhstan views Indonesia as one of the leading participants in regional and global affairs, playing an important role in Southeast Asia, ASEAN, the G20, and the Islamic world. Particular attention was devoted to preparations for upcoming bilateral events, including high-level contacts. The parties also exchanged views on current regional and international issues. The Kazakh side presented the initiative of President of the Republic of Kazakhstan Kassym-Jomart Tokayev to establish the International Water Organization under the auspices of the United Nations. At the conclusion of the meeting, both sides reaffirmed their commitment to further strengthening their mutually beneficial partnership and advancing joint initiatives. @PressMFAKZ
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























