ҚТЖ PRESS » публикация №13552
🏢Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды 🔵Қайта жаңартудан кейін Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында теміржол вокзалдары пайдалануға берілді. 🔵Батыс Қазақстан облысында 1937 жылы салынған Қазақстан станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзал күн сайын орта есеппен 300 жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. Жоба аясында қасбет пен ішкі үй-жайлар жөнделіп, инженерлік коммуникациялар жаңғыртылды, іргелес аумақ абаттандырылып, заманауи жиһаздар мен жабдықтар орнатылды. Жұмыстарды орындау кезінде отандық өндірістің құрылыс материалдары пайдаланылды. 🔵Қазақстан станциясы арқылы Алматы, Орал, Астана, Маңғыстау облыстарымен, сондай-ақ Ресей Федерациясымен байланысты қамтамасыз ететін 12 жолаушылар пойызы қатынайды. 🔵Алматы облысында қайта жаңартудан кейін Қонаев станциясының 1978 жылы салынған теміржол вокзалы ашылды. Жұмыс барысында қолданыстағы конструкцияларды ішінара бөлшектей және ауданын ұлғайта отырып, ғимаратты қайта құру орындалды, қасбеті, ішкі үй-жайлары, инженерлік желілері, жолаушылар платформасы және іргелес аумақ жаңартылды. Мобильділігі төмен жолаушыларға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін пандуспен жабдықталған, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін жаңа эвакуациялық шығу жолдары орналастырылған. Қайта құру кезінде қазақстандық өндірістің құрылыс материалдары пайдаланылды. 🔵Қонаев станциясының вокзалы тәулігіне орта есеппен 45 жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы Алматы, Семей, Өскемен, Павлодар, Қызылорда және Қазақстанның басқа қалаларымен, сондай-ақ Ресей Федерациясымен байланыс орнататын 12 жолаушылар пойызы қатынайды. 🔵Нысандарды қайта құру ҚТЖ-ның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады және жолаушылар сервисінің сапасын арттыруға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және өңірлердің тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























