Комитет государственных доходов РК » публикация №11743
📢 Әкімшілік рақымшылық: кімдерге қолданылады және кімдерге қолданылмайды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Мемлекет басшысы 2026 жылғы 17 наурызда жариялаған рақымшылық туралы заң жобасын мақұлдады. Әкімшілік рақымшылық аясында айыппұлдардан Қазақстан Республикасының азаматтарын, жеке кәсіпкерлерді, жекеше нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттар мен заң консультанттарын босату жоспарланып отыр. ❗️Алайда рақымшылық мына тұлғаларға қолданылмайды: • заңды тұлғалар мен лауазымды адамдарға; • шетел азаматтарына, қандастарға және азаматтығы жоқ адамдарға; • сот тағайындаған айыппұлдарға; • салық салу объектілерін жасыруға және салық төлеуден жалтаруға байланысты жекелеген салықтық құқық бұзушылықтарға. Еске салайық, микро және шағын бизнес субъектілері үшін шартты түрде «таза парақ» тетігі қазірдің өзінде қолданылып келеді. Оның аясында негізгі салық берешегі өтелгеннен кейін: 🔹 4,4 млрд теңге өсімпұл; 🔹 4,9 млрд теңге айыппұл есептен шығарылды. Қаржы министрлігінің алдын ала есептеуі бойынша, заң күшіне енгеннен кейін әкімшілік рақымшылық жалпы сомасы 298,4 млн теңгені құрайтын 2 370 адамға қатысты қолданылуы мүмкін. 📌 Рақымшылық қолданылатын тұлғалар санаттары, көзделген ерекшеліктер және оны қолдану тәртібі туралы толығырақ сілтеме арқылы таныса аласыздар. 🔗 ——— 📢 *Административная амнистия: кого коснется и на кого не распространяется* Сенат Парламента РК одобрил законопроект об амнистии, объявленной Главой государства 17 марта 2026 года. В рамках административной амнистии от штрафов планируется освободить граждан Казахстана, индивидуальных предпринимателей, частных нотариусов, частных судебных исполнителей, адвокатов и юридических консультантов. ❗️При этом амнистия *не распространяется* на: • юридических и должностных лиц; • иностранных граждан, кандасов и лиц без гражданства; • штрафы, назначенные судом; • отдельные налоговые правонарушения, связанные с сокрытием объектов налогообложения и уклонением от уплаты налогов. Напомним, что для субъектов микро- и малого бизнеса уже действует механизм условного «чистого листа», позволивший после погашения основной налоговой задолженности списать: 🔹 4,4 млрд тенге пеней; 🔹 4,9 млрд тенге штрафов. По предварительным расчетам Министерства финансов, после вступления закона в силу административная амнистия может затронуть *2 370 человек на общую сумму 298,4 млн тенге*. 📌 Подробнее о категориях лиц, на которых распространяется амнистия, предусмотренных исключениях и порядке ее применения по ссылке 🔗
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























